30 Мамыр 2017   



Мәуліт түні

Әлемдегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед (алейһиссалам) 571 жылы сәуірдің 20-на сай келген Рабиул-әууәл айының 12-сі, дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Әр үммет үшін өз пайғамбарының туылған күні мереке болып есептеледі. Бұл күн де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «Мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, Расулуллаһ еске алынады. Мәуліт – туылған сәт дегенді білдіреді.

Пайғамбарымыз мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтатын. Хазіреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түні пайғамбарымыз туылған кезде байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты амал болып табылады. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. «Мәуліт оқу» – пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәуліт түні – қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Бұл түні пайғамбарымыздың туылғанына қуанғандар кешіріледі.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Мені әке-шешесінен, баласынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген адам шынайы иман келтірген бола алмайды».

«Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине, оны көп есіне алады.»

«Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады.»

Бұл түні сазды аспаптар және басқа да харам нәрселерді араластырмай, еркек-әйел араласпай, Аллаһ ризалығы үшін мәуліт жиындарын ұйымдастыру, мәуліт оқу, салауат айту, халыққа дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстаһаб болады. Бұл күні Құран кәрім оқу, қаза намаздарды оқу, садақа беру, дұға оқу және Хақ та’аладан күнәларымыздың кешірілуін тілеу керек.

 

Мәуліттің дұшпаны кім?

Сұрақ: Мәуліт деген не? Кейбір адамдар мәуліт оқуға бидғат деп жатады, осы дұрыс па?

Жауап: Мәуліт – туылған сәт дегенді білдіреді. Мәуліт түні – Рабиул-әууәл айының 11-і мен 12-сі арасындағы түн. Пайғамбарымыздың туған күні бүкіл мұсылмандардың мейрамы.

Расулуллаһ алейһиссалам дүниеге келгенде әкесінің ағасы Әбу Ләхабтың жариясы (күңі) Суәйбә «Бауырың Абдуллаһ ұлды болды» деп сүйіншілегенінде қуанып «Оған сүт беру шартымен сені азат еттім» деген еді. Осыған орай әр мәуліт түнінде Исламның ең үлкен дұшпаны болған Әбу Ләхабтың азабы жеңілдеуде. Мәуліт түнінде қуанған, ол түнге құрмет көрсеткен адамның өте көп сауапқа қауышатыны осыдан да аңғарылады. Хафыз Мұхаммед ибн Жазари Шафии былай дейді: «Әбу Ләхаб түсте көрініп “Жағдайың қалай” деп сұралғанында “Қатты азап тартудамын. Тек әр жылы Рабиул-әууәл айының 12-ші түнінде  азабым жеңілдеуде. Расулуллаһ дүниеге келгенде сүйінші алып келген күңімді қуаныштан азат еткен едім. Сол үшін бұл түндерде азабым жеңілдейді.”» деді. Әбу Ләхаб секілді азғын кәпірдің азабы бұл күннің құрметіне жеңілдейді де, бір мұсылманның күнәсі кешірілмей ме? Бұл ұлы пайғамбардың үмметінен болған бір мұсылман Ол туылған түнде қуанып, дұрыс жерлерге садақа беріп, ас беріп, пайғамбарға деген махаббатын, құрметін көрсететін болса, Аллаһу та’ала оны жаннатына жібереді. (М. Насихат)

Пайғамбарымыз мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтып беретін еді. Хазіреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар жайында айтып беретін еді. Бұл кеште пайғамбарымыздың дүниеге келгенінде орын алған таңғажайып оқиғаларды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты амал болады. Бұл күні немесе ертеңіне ораза тұту үлкен сауап болады.

Ислам ғалымдары мәуліт түніне қатты мән берген. Хазреті Мәулана «Мәуліт оқылған жерден бәле-жала кетеді» деген.

Мәуліт түні Қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Тіпті мәуліт түнінің Қадір түнінен де құндырақ екенін айтқан ғалымдар да бар.

«Әл-Муқни», «Әл-мияр» және «Тәнуир-ул-қулуб» кітаптарында мәуліт түнінің Қадір түнінен де құнды екені білдірілген. (Әд-дурәрул-мәсун)

«Аллаһу та’ала бір адамға сөз және жазу өнерін нәсіп етсе, Расулуллаһты мақтасын, дұшпандарын жамандасын» деген хадис шәрифке мойынсұнып, ғасырлар бойы мәуліт кітаптары жазылып, оқылып келген. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. Бұл қасидалардың пайғамбарымыздың заманынан кейін жазылуы бидғат екенін көрсетпейді. Өйткені Расулуллаһ алейһиссаламды мақтау ғибадат. Қашанда оны мақтайтын қасидалар, жазулар жазуға болады. Оларды оқу да бидғат емес, сауап болады. Мәуліт оқу Расулуллаһ алейһиссаламның дүниеге келуін, миғражын және өмірін айту, Оны еске алу, Оны мақтау деген сөз. Әрбір мұсылманның пайғамбарымызды қатты жақсы көруі керек. Онсыз да бұл иманның міндеті. Қатты жақсы көру кәміл мұсылманның белгісі. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Мені әке-шешесінен, баласынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген адам шынайы иман келтірген бола алмайды». (Бұхари)

«Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине, оны көп есіне алады». (Дәйләми) (Расулуллаһты жақсы көретін адам оны көп еске алады.)

«Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады». (Дәйләми) (Бұл ғибадатты өлеңдетіп айту одан да әсерлі болады. Расулуллаһ алейһиссаламның ақындары мешітте Расулуллаһты мақтап, кәпірлерді жамандап өлең айтатын еді.)

Пайғамбарымыз бұлардан хазреті Хасан бин Сабиттің өлеңдерін қатты ұнататын. Расулуллаһ алейһиссалам бұл ақын үшін мешітке арнайы мінбер қойдырды. Хазреті Хасан бин Сабит мінберге шығып дұшпандарды жамандап, пайғамбарымызды мақтап өлеңдететін еді. Расулуллаһ алейһиссалам оған былай дейді:

«Хасанның сөздері дұшпандарға оқ жарақатынан да әсерлі болуда.» (М. Насихат)

Бұл жөніндегі хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу та’ала Расулуллаһты мақтау және қолдау үшін Хасанды “Рухул-қудс”-пен (Жәбрейіл алейһиссалам) қуаттандыруда.» (Бұхари)

Пайғамбарымыз ақынның өлеңдерін ұнатып «Тістерің төгілмесін» деп дұға еткен. (Хаким)

Өлең туралы айтылған хадис шәрифтердің бірнешеуі:

«Өлеңнің әсері соншалықты, жақсы сөзді одан да жақсартады, жаман сөзді одан да жаман етеді.» (Бұхари)

«Әсерлі сөздер секілді хикметті өлеңдер де бар.» (Әбу Дауд)

«Кейбір өлеңдер, әлбетте, айдан анық хикмет болып табылады.» (Бұхари)

Уаххабилер, мазһабсыздар Расулуллаһ алейһиссаламды мақтаған және одан шапағат сұраған мұсылмандарды мүшрикке шығарғысы келеді. Мұны ашық айта алмағандықтан, мәулітті бидғат деп жатады. Расулуллаһты мақтау ешқашан бидғат болмаған және болмайды да. Бұл мақтаудан тек қана Аллаһ пен пайғамбарды жек көретіндер мазасызданады. Өйткені пайғамбарды Аллаһу та’аланың өзі Құран кәрімде көктерге көтеріп мақтаған:

«Біз сені әлемдерге рахмет-мейірімділік етіп жібердік.» (Әнбия 107)

«Біз сені бүкіл адамзатқа сүйіншілеуші және ескертуші ретінде жібердік.» (Сәбә 28)

«Сен үшін бітпейтін, шексіз сауап бар. Әлбетте сен ең үстем мінез-құлыққа иесің.» (Қалам 3-4)

«Раббың саған (көп ниғмет) береді, сен де разы боласың!» (Духа 5)

«Аллаһ пен періштелері Нәбиге (пайғамбарға) салауат айтуда, ей, иман келтіргендер сендер де салауат айтыңдар!» (Ахзаб 56)

Еркек-әйел аралас отырмай, сазды аспап және басқа да харам нәрсе араластырмай Аллаһ разылығы үшін мәуліт оқу, салауат айту, тәтті тағамдар, сусындар ұсыну, жақсылықтар жасау арқылы мәуліт түнінің шүкірін орындау мүстаһаб болып табылады. («Ниметул-кубра», «Хадиқа», «М. Насихат»)

Туған күнге мән беруді христиандар Ислам келгеннен кейін мұсылмандардан көріп үйренген. Сондықтан Иса алейһиссаламның қашан туылғанын өздері де білмейді.

Мәуліт оқудың құнды ғибадат екенін білдіру үшін Ислам ғалымдары әр түрлі тілдерде кітаптар жазған. Бұлардың он данасы «Кәшфуз-зунун» кітабында білдірілген.

Хазреті Ибн Хажар Хитәмидің «Ән-нимәтул-кубра» атты мәуліт кітабы мен хазреті Имам Суютидің «Әр-рәдду ала мән әнкәра қира’атәл мәулидин-Нәби» (Мәуліт оқуға қарсы болғандарды теріске шығару) кітабы мәшһүр.

Расулуллаһ алейһиссаламды қатты мақтау, махлұқтардың ең үстемі екендігін айту, Аллаһу та’аланың сүйікті пайғамбарына берген үстемдіктерін санау және одан шапағат сұрау – үлкен ғибадат. Бұған қарсы шығу барып тұрған опасыздық және қырсықтық болып табылады. Расулуллаһты мақтау, еске алудың керек екеніне дәлел ретінде Ахзаб сүресінің «Аллаһ пен періштелері Нәбиге (пайғамбарға) салауат айтуда, иман келтіргендер сендер де салауат айтыңдар!» деген 56 аяты жетпейді ме?!

Ислам ғалымдары айтады:

Мәуліт түнінде жиналып мәуліт қасидасын оқу, дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстаһаб болады. Салихтарға киім секілді сыйлықтар беру, бұл түнге құрмет көрсету болып саналады. Бұларды Аллаһ разылығы үшін жасау өте сауапты болады. (Ибн Баттал Малики)

Мәуліт түнінде салихтарды жинап салауат оқу, кедейлерге ас беру әрқашан үлкен сауап. Бірақ бұларға сазды аспап секілді харам араластыру үлкен күнә болады. (Алламә Захируддин бин Жафар)

Мәуліт жиындарында садақа-сыйлық беру, қуанышын білдіру, харам араластырмай мәуліт қасидаларын оқыту өте сауапты болады. (Алламә Насируддин)

Харам араластырмай мәуліт жиынын жасау мүстаһаб болады. (С. Ибн Мажә шәрһі)

Саудаласпай тек Аллаһ разылығы үшін хатым немесе мәуліт оқыған хафызға, оқытқан адамның берген сыйлығын алуы жаиз болады. Құран оқып сыйлық алуды кәсіпке айналдырмау керек! Өйткені әдетке айналған сыйлық шарт болған төлем ақы секілді болады. (Дуррул мухтар)

Ақшаға оқылған Құраннан өліге сауап тимейді. (Хидайа)