27 Мамыр 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дінімізді дұрыс үйрену үшін

Дінімізді дұрыс үйрену үшін

Новая страница 1

Дін ілімдерін әһли сүннет ғалымдарынан немесе олардың дайындаған кітаптарынан үйрену керек. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқығандар әрі дін ілімдерін үйренеді, әрі жүректері (көңілдері) тазарады. Пайғамбарымыз «Діндеріңді ислам ғалымдарының ауыздарынан үйреніңдер» деп бұйырған. 

 

Бала кішкентай кезінде ең көп анасын жақсы көреді, оған сиынады. Өсе келе әкесіне көбірек сенеді, әкесіне жақын болады. Мектепке немесе өнерге бастағанда ұстазына сеніп оның қанатына жабысады. Аллаһу та’аланың әдеті осылай. Рухтың азықтары да осы секілді алдымен әке-шеше және ғалым кейін расулуллаһ алейһиссалам арқылы келуде.
 

Әр бір мұсылманның илмихал ілімдерін үйренуі парыз айн болып табылады. Аллаһу та’ала «Білетіндерден сұрап үйреніңдер!» деп бұйырған.
 

Білмейтіндердің ғалымдардан және олардың кітаптарынан үйренулері керек. Сондықтан хадис шәрифте «Ілім үйрену еркектерге де әйелдерге де парыз» делінді.
 

Бұл әмірлер денемен, көңілмен жасалатын ғибадаттарды және тыйым салынған күнә нәрселерді илмихал кітаптарынан үйрену керектігі, дін надандарының, мазһабсыздардың, дінде реформисттердің сөздеріне, кітаптарына алданбау керектігін көрсетуде.

            Хазреті Мұхаммед Масум былай дейді:

            «Бидғатшы болған дін адамдарының жандарына жақындамаңдар! Хазреті Яхия бин Муаз “үш адамнан алыс жүріңдер” деген. Бұл үш адам ғафил, дүмше молда, байларға жалтақтап жүретін қари және діннен хабары болмаған тариқатшы болып табылады. Дін адамы ретінде ортаға шыққан адам расулуллаһ алейһиссаламның сүннетіне мойынсұнбайтын болса, жүріс тұрысы исламға сай болмаса, одан қашу керек, жанына жақындамау, кітаптарын алмау керек, оқымау керек. Оның тұратын ауданына да жоламау керек. Оған түйірдей жақындасу адамның дінін бұзады. Ол дін адамы, молда емес, керісінше өзін ғұлама қылып көрсететін дін дұшпаны болып есептеледі. Ондайлар мұсылмандардың имандарын, сенімдерін, ақидаларын бұзады. Ондай дүмшелер шайтаннан да зиянды болады. Сөздері көркем, әсерлі болса да және дүниені жақсы көрмейтін, тақуа болып көрінсе де ондайлардан жыртқыштан қашқандай секілді қашу керек.»

 

            Қолда мүмкіндік барда, жан тәнімізден шықпай тұрғанда әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын тауып оқуымыз керек. Дінімізді дұрыс үйреніп, балаларымызға, жақындарымызға және сөзіміз өтетін адамдарға үйретуіміз керек. Балалардың мектепке барғаннан кейін діндерін үйренуі қиын, тіпті мүмкін емес халге келеді. Басқа бәле келгеннен кейін “ойбайлаудың” пайдасы жоқ. Ислам дұшпандарының, мазһабсыз дүмшелердің, әулие дұшпаны зындықтардың тәтті, жағымды сөздеріне, кітаптарына, газеттеріне, телеарна және радиоларына алданбау керек. “Хазреті Ибни Абидин” «ешбір дінге сенбесе де мұсылман көрініп, күпірге себеп болатын нәрселерді мұсылмандық деп уағыздап, мұсылмандарды діннен шығаруға тырысатын сұм кәпірлерге “зындық” делінеді.» деген.

 

            Хазреті Ахмет ибн Хажар МәккиФәтәуа-и хадисийа” кітабындағы фәтуасында: «Ислам ғалымдарының тәфсирлерінен алмай, керісінше өз басының түсінгендерін және өз ой-пікірлерін тәфсир деп жазған дүмшелердің кітаптарын халыққа ұсынып жатқандарға кедергі болу керек. Мұндай кітаптар тәфсир бола алмайды. Оларды халыққа тек дүмшелер ғана ұсынады. Дүмшелер басқаларды да адастырып, жолдан тайдырады.» деп бұйырған.

 

Осы себепті ақшаға табынатын, надан, мазһабсыз дін адамдарының сөздеріне алданбау керек. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарына жабысып, азғындардың бұзық, уланған кітаптарын алмау керек, оқымау керек. Бұл дәуірде әһли сүннет болғандар тек төрт мазһабтың мұсылмандары ғана.


            Нәтижеде дүниенің қай жерінде болса да әрбір адамға ең бірінші қажетті нәрсе дінін, иманын дұрыс үйрену және бала-шағасына үйрету болып табылады. Ескі замандарда діннің әмірімен тыйымдарын ислам ғалымдарынан оңай үйренуге болатын. Қазіргі таңда ондай шынайы ислам ғұламалары жоқтың қасы. Осындай келеңсіз шарттардан пайдаланған мазһабсыз, сектант, дүмше жастар өздерінше “молда-молда” ойнап жатыр. Қазір дінді, иманды дұрыс үйрене алу үшін жалғыз шара – әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын оқу және бала-шағаға оқыту. Бұл кітаптарды табу, таңдау, оқып амал ету де Аллаһу та’аланың үлкен ихсаны. Хазреті Ибн Сириннің айтқаны секілді: «Діндеріңді кімнен үйреніп жатқандарыңа мұқият болыңдар!»