16 - Мухаррам, 1440 жыл.
     26 - Қыркүйек, 2018 жыл.   


  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Біреудің күнәсін тарту

Біреудің күнәсін тарту

Сұрақ: «Ешбір адам өзгенің күнәсін көтермейді» деген аят та, хадис те бар. Біреуді ғайбаттағанда неліктен біз оның күнәларын тартамыз?

Жауап: Бұл ғайбаттаудың жазасы. Ғайбаттаған адам ғайбат күнәсі шамасында біреулердің күнәларын өз мойнына артып алады. Сауаптарын оған береді. Бір хадис шәриф:

«Қияметте сауап дәптерін көрген кісі "Дүниеде мен пәлен ғибадаттар жасаған едім, бұл жерде жазылмаған ғой" дейді. Сонда оған "Олар сенен өшіріліп, ғайбаттаған адамдарыңның дәптеріне жазылды" делінеді.» (Исфахани)

Көп ғайбат айтсақ немесе көп құл (кісі) ақысын жесек, мүфлис болып, зиянға ұшыраймыз. Бір хадис шәриф:

«Мүфлис (банкрот болған) адам ол – қияметте дәптерінде көп намаз, ораза және зекет сауабы болады. Бірақ өмірде кейбірлеріне әр түрлі зияндар тиген. Сауаптары сол ақы иелеріне таратылады. Ақылары өтелместен бұрын сауаптары бітсе, ақы иелерінің күнәлары оның мойнына жүктеліп, тозаққа тасталады.» (Мүслим)

Ешкім ешкімнің жазасын, күнәсін тартпайды, алайда бір жаман жол ашқан болсақ, сол жолмен жүргендердің күнәларының бір бөлігі бізге жазылады. Үш хадис шәриф:

«Кімде-кім дінімізде жаман жол ашса, сол жолмен жүргендердің күнәсі оған да жазылады, әлгі жаман жолда жүргендердің күнәлары да азаймайды.» (Мүслим)

«Жамандыққа жол көрсеткен адам соны істегендей күнәға батады.» (Дәйләми)

«Бір кісі баласына дінін үйретпей, күнә болған іс-амалдар үйретсе, бұл бала қаншалықты күнә істесе, әкесіне де соншалықты күнә жазылады.» (С.Әбәдия)

Ибн Мәсуд хазреттері «Бір адам басқа біреу істеген күнәға қуанса, дәл сол күнәні істегендей болады» деген. Хадис шәрифте болса: «Шығыста бір адам өлтіріліп, батыстағы бір адам бұған мәз және разы болса, оны өлтіру күнәсына ортақ болады» делінген. (И.Ғазали)

Демек, ешкім бір қателік жібермегенше басқа біреудің күнәсін тартпайды, тек қана өзі істеген қылмысының жазасын тартады.