30 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Нәпістің жаратылуының себебі

Нәпістің жаратылуының себебі

Нәпіс (нәфс) – адаммен жында жамандықтың көзі ретінде жаратылған. Адамдар арасында жамандықтың негізі ретінде жаратылған нәпіс үшін: «Аллаһу та’ала нәпісті жаратпағанда адамдар оның алдауынан құтылар еді. Ешкім жамандық жасай алмас еді, бәрі жаннатқа барар еді» деп айтылып жатады.

 

Бұл жайлы ислам ғалымдарының ұлыларынан хазреті Имам Раббани былай деген: «Бұл дүниедегі барлық нәрседе Аллаһу та’аланың әрі рахмет сипаты, әрі қаһар (ашу) сипаты көрінуде. Су адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің өмір сүруі, тазалығы, тамағы және дәрі-дәрмегі үшін керек болғаны секілді теңізде мыңдаған адам тұншығып өлуде, су тасқындарының салдарынан қаншама үйлер қирауда. Суық су ішкен адам ауруға шалдығуда. От нан, тамақ пісіру үшін және қыста жылыну үшін керек болғаны сияқты қаншама махлұқтар өрттен өлуде. Электр тогы көп жерде пайдамызға жарағанымен өрт шығуына себеп болуда, тоққа түскен адамдар сол мезетте өлуде. Әрбір дәрі бір ауруға дауа болғанымен көп мөлшері зиянды болуда. Барлық нәрселер осылай. Нәпіс те осыларға ұқсайды. Әрі пайдалы, әрі зиянды тараптары бар. Нәпіс – адамдардың өмір сүруі, көбеюі, дүниелікке қол жеткізу мақсатында еңбек етулері және ақыретке қол жеткізу мақсатында жиһад сауабына қауышулары үшін жаратылған. Аллаһу та’ала нәпісті осындай көптеген пайдалары үшін жаратты. Бірақ нәпіс кейбір ләззаттарға тоймайды.» 
 

Аллаһу та’ала бүкіл адамдарға мейірім етіп нәпістеріне ие болуы үшін және зиянды қалауларының алдын алу үшін ақылды жаратты. Ақыл – адамның миы арқылы сезім мүшелерінен, шайтаннан және нәпістен көңілге (жүрекке) келетін қалауларды зерттеп жақсыларын жамандарынан ажырататын қуат. Ажыратқанда жаңылыспайтын болса бұған “сәлим ақыл” делінеді. Сонымен қатар Аллаһу та’ала пайғамбарлар жіберіп, қай нәрсенің пайдалы, жақсы екенін және қай нәрсенің зиянды екенін және де нәпістің бүкіл қалауларының жаман екенін білдірді. Ақыл нәпістің қалауларын, пайғамбарлардың жақсы деп көрсеткен нәрселерінен ажыратып көңілге білдіреді, көңіл де ақылдың білдіргендерін таңдайтын болса, адам нәпсінің армандарын жасауды қаламайды. Көңіл исламның жақсы деп білдіргендерін таңдап, қалап жасатқызатын болса, адам бақытқа қауышады. Көңілдің жақсыдан немесе жаманнан бірін таңдауына, қалауына “кәсб” делінеді.  Адамның әрекет мүшелері миына, ал ми көңілге бағынышты. Яғни көңілдің әмірі бойынша әрекет етеді. Көңіл – ми арқылы сезім мүшелерден және рух арқылы Аллаһ тарапынан және ақылдан, періштеден, нәпістен және шайтаннан келетін әсерлердің жиналатын орталығы. Көңіл ақылға мойынсұнған жағдайда, нәпіс адамдардың шексіз ниғметтерге қауышуларына кедергі болмайды. Көңілдің нәпіске алданбауы, оған бағынбауы, нәпсіге қарсы жасалған “жиһади әкбар” болады. Аллаһу та’ала жиһад еткендерге жаннатта биік дәрежелер беретінін білдірген. Нәпіс адамдардың жиһад сауабына қауышуларына, періштелерден де үстем болуларына себеп болуда.»
 

Хазреті Шерефәддин Йахя Мунири «Нәпістің жаратылуынан мақсат адамдардың өмір сүруі, көбеюі және дүниелік қажеттіліктеріне қол жеткізу жолында еңбек етулері үшін. Аллаһу та’ала нәпісті осындай көптеген пайдалары үшін жаратқан. Бірақ бүкіл адамдарға мейірім етіп нәпіске берілуді тежейтін, оған ие болып, зияндарына тосқауыл болатын ақылды да жаратты.» деп бұйырған.
 

Дініміз жамандықтардың ордасы болған нәпістің өлтірілуін, жойылуын емес оған мойынсұнудан, оның айтқандарын жасаудан бізді тиюда. Аллаһу та’ала Құран кәрімде Назиат сүресінің қырығыншы аяти кәримасында «Хақ та’аладан қорқып, нәпсінің (дінге қайшы) нәфсани қалауларынан өзін тыйған адамның барар жері міндетті түрде жаннат.» деп бұйырған.

 

Хадис шәрифте былай делінген:

«Ақылдылықтың белгісі нәпсісіне ие болып, одан басым түсіп және өлгеннен кейін керек болғандарды дайындау. Ақымақтықтың белгісі нәпсіге беріліп Аллаһтан кешірім және мейірім күту.»

 

Хазреті Әбу Бәкір Тамистани «Нәпіске берілуден құтылу дүние ниғметтерінен ең үлкені. Өйткені нәпіс Аллаһу та’аламен құлы арасындағы перделердің ең үлкені» деп бұйырған.

 

Хазреті Али Музәййан былай деген:

«Аллаһ жолында нәпсімен бірге жүргісі келгендер бірінші қадамында-ақ қатеге ұшырайды. Нәпсін тәрк етіп ықыласпен барлық нәрседе Аллаһу та’аланың разылығын ойлап жолға шықса, Аллаһу та’ала оған өзіне қауыштыратын жол көрсетуші ғалымды кездестіреді.»

 

Нәпіс ешкімнің қоластында, әмірлігінде болуды ұнатпайды. Сондықтан ғибадат жасауды қаламайды. Нәпістің азығы қарсы шығу, қырсығу, яғни күнә істеу, харамдар болғандығы үшін күнәлардан сақтану оған өте ауыр тиеді. Сол себепті хазреті Имам Раббани «Нәпсіге күнәлардан қашу, ғибадат жасаудан да ауыр келеді. Сондықтан күнәдан қашуың өте сауапты болады» деп бұйырған.

 

Және де Али Хафыз атаның айтқанындай:

«Нәпсі дұшпан. Дұшпан сөзімен амал ету ақылды адамның ісі емес.»