18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   


Ражаб айы

Сұрақ: Ражаб айы туралы мәлімет бересіздер ме?

Жауап: Ражаб – қасиетті үш айдың бірі. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал Рамазан жақындық пен ниғмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб тұқым себу, Шабан айы егінді суару, ал Рамазан болса, жемісті жинау айы.»

Ражаб (ережеп) айы кешірім, Шабан айы шапағат және Рамазан айы сауаптар еселеніп берілетін ай екендігі көрсетілген. Бұл айларды құрметтеу күнәлардан алыс тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның марапатын алады. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауаптарды алу үшін ең алдымен сенімді түзету керек. Илмихал ілімдерін үйреніп, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, кешірім сұрау керек. Қаза болған намаздарын оқуды бастау қажет. Тезірек қарыздардан құтылуға тырысу керек.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ражаб айында Аллаһу та’алаға көп истиғфар айтыңдар, өйткені Ражаб айының әрбір уақытында Аллаһу та’аланың тозақтан азат еткен құлдары бар. Сонымен қатар, жаннатта өте әсем сарайлар бар, оған тек Ражаб айында ораза тұтқандар кіреді.» (Дәйләми)

«Аллаһу та’ала Ражаб айында ораза тұтқан адамдарды кешіреді.» (Гунийа)

«Қасиетті Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айын толығымен тұтқандай сауап беріледі.» (Мифтахул-жәннә)

«Мына бес түнде жасалған дұға қайтарылмайды: Рағаиб түні, Шабан айының 15-ші түні, жұма түні, Рамазан айтының түні және Құрбан айттың түні.» (Ибн Асакир)

«Аллаһу та’ала Ражаб айындағы жақсы амалдарды көп еселендіреді. Бұл айда бір күн ораза тұтқан адам, бір жыл ораза тұтқан сияқты сауап алады. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозақ есіктері жабылады. Сегіз күн тұтқанға жәннаттың сегіз есігі ашылады. Он күн тұтқан адамға Аллаһу та’ала сұрағанын береді. Он бес күн тұтқанға бір мүнади “Өткен күнәларың кешірілді” деп айтады. Аллаһу та’ала Нұх алейһиссаламды Ражаб айында кемеге мінгізді. Ол Ражаб айын оразамен өткізіп, жанындағыларға да ораза тұтуларын әмір етті.» (Табарани)

«Ражаб айында тақуалыққа сай бір күн ораза тұтқан адамға, ораза тұтқан күндері тілге келіп “Йа, Рабби, оны кешіре гөр” деп айтады.» (Әбу Мұхаммед)

 

Рағаиб намазы деген жеке намаз түрі жоқ

Кейбір адамдар Рағаиб, Бәрат және Қадір түндерінде нәпіл намаздарын жамағатпен оқуда. Алайда, нәпіл намазын жамағатпен оқу – мәкрух болады. Бұдан бөлек «Рағаиб намазы» деген намаз да оқылуда. «Рағаиб намазы» хижреттен төрт жүз сексен жылдан кейін пайда болған. Көптеген ғұламалар мұның жаман бидғат екенін жазуда. Көп адамның оқып жүргеніне алданбау керек, мұны сүннет деп ойламау керек.

Бұл түнді өзге қасиетті түндердегі секілді ғибадатпен өткізу қажет: Құран кәрім оқу керек, қаза намазын оқу керек, күндіз ораза ұстау керек.

 

Ражаб айындағы намаз және дұға

Пайғамбарымыз Ражаб айының туғанын көргенде Салман Фариси хазреттеріне былай деді:

«Ей, Салман, еркек және әйел мұсылмандардың бірі Ражабта әр рәкатында Фатиха-и шәрифті бір рет, Ихлас шәриф пен Кафирун сүресін үш рет оқып, отыз рәкат намаз оқыса, Аллаһу та'ала оның күнәсін әлбетте кешіреді және оған толық бір жыл ораза ұстағандай сауап беріледі. Ол адам келесі жылға дейін намаз оқығандардан болады және махшар алаңында сусыздықтан сақтанған болады.»

Салман Фариси бұл намазды қалай, қашан оқиын деп сұрағанында Пайғамбарымыз былай деді: «Ей, Салман, Ражаб айының бірінші күні он рәкат оқисың. Әр рәкатта бір Фатиха, үш Кәфирун және үш Ихлас сүресін оқисың. Сәлем бергеніңде қолдарыңды жайып: "Лә илаһә иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, йухйи уә йумиту уә һуә хаййун лә йәмуту бийәдиһил хайр уә һуә ала кулли шәйин қадир, Йа, Раббым, Cен бергің келсе ешкім кедергі бола алмайды, Cен кедергі болсаң, ешкім ешнәрсе бере алмайды" дейсің. Кейін қолдарыңмен бетіңді сипайсың.

Кейін, айдың ортасында он рәкат оқы. Әр рәкатта бір Фатиха, үш Кәфирун және үш Ихлас сүресін оқисың. Сәлем бергенде екі қолыңды көкке қаратып: “Лә илаһә иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду йуһйи уә йумиту уә һуә хаййун лә йәмуту бийәдиһил хайр уә һуә ала кулли шәйин қадир. Илаһән уаһидән, фардән, самәдән, уитрән уә ләм йәттаһиз сахибәтән уә ләуәләдә” деп қолдарыңмен бетіңді сипайсың.

Айдың соңында он рәкат оқып әр рәкатта бір Фатиха, үш Кәфирун және үш Ихлас сүресін оқисың. Сәлем бергенде екі қолдарыңды жайып: “Лә илаһә иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду йуһйи уә йумиту уә һуә хаййун лә йәмуту бийәдиһил хайр уә һуә ала алиһиттахиринә уә лә хаулә уә лә қуата иллә билләһил алиил азыйм” деп не сұрасаң да дұғаң қабыл болады. Әр рәкаты үшін саған миллиондаған рәкат намаз сауабы беріледі.»

Салман Фариси бұл хадис шәрифті айтқаннан кейін «Мен бұл хадис шәрифтегі сауап және шексіз мейірімдер мен медеттерді көргенде шүкір сәждесін жасадым» деді. (Қаза намаздары барлар мұның орнына қаза намаздарын қойып оқуы керек. Осылай жасағанда әрі қазаларынан құтылады, әрі осы білдірілген көп сауаптарға қауышады. Парыз намазынан қазасы барлардың нәпіл намаздары қабыл болмайды.)