7 - Шәууал, 1445 жыл.
     16 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Біліп және ықыласпен жасалған ғибадат

Біліп және ықыласпен жасалған ғибадат

Біліп және ықыласпен (ихласпен) жасалған ғибадат адамды дүниеде күпірден, күнәдан құтқарады және қадірлі етеді. Ал ахыретте жаһаннам азабынан құтқаратынын Аллаһу та’ала Маида сүресінің тоғызыншы аятында және Аср сүресінде уәде еткен. Анкәбут сүресінің 45-ші аятында «Дұрыс оқылған намаз адамды фахшадан (үлкен күнәлардан) және мүнкәрдан (қарсы шығудан) міндетті түрде ұзақтатады.» деп бұйырылған.

 

Адамды жамандықтардан алыстатпаған намаз дұрыс намаз емес. Көріністе ғана намаз. Намаз ғибадатының дұрыс болуы үшін алдымен намазға қатысты үкімдерді үйрену керек және оларды біліп, орындау керек. Шарттарына сай оқылған намаз адамды бүкіл жамандықтардан алыстатады. Өйткені бұл Раббымыздың уәдесі. Пайғамбарымыз «Біліп жасалған аз ғибадат білмей жасалған көп ғибадаттан да абзал!» деп бұйырған. 

 

Хазреті Имам Ғазали былай деген:

«Көп дәрет алатындар бар, бірақ дәретін дұрыс алмайды және көп намаз оқитындар бар, өзінен сұрамаса да адамдарға намазын айтып жар салады. Намазын хушумен оқымайды. (хушу: ықыласпен, кемшіліксіз, басқа нәрсе ойламай, беріліп). Егер намазда құмырсқа тістеп алса, намаздарын тастап құмырсқамен әуре болады. Алайда Аллаһу та’аланың ұлылығын біліп, танығандардың қолдарын, аяқтарын кесіп алса да алаңдамайды. Өйткені олардың ғибадаттары Аллаһу та’ала үшін. Аллаһу та’аланың құзырында тұрған адам Оның айбатын, ұлылығын білгеніндей, тәфәккүр еткеніндей хушу етеді, қорқады. Бір патшаның алдында тұрған кісіні шаян шағып алады, ол сабыр етіп, ешкімге білдірмейді. Патшаға деген құрметін білдіріп, әдептілік танытады. Ал Аллаһу та’аланың құзырында тұрған адамның әлбетте одан да артығымен хушу ішінде болуы міндетті.»

 

Аллаһу та’алаға жақын болу үшін, яғни Оның сүйіспеншілігіне қауышу үшін ықыласпен исламға мойынсұну керек. Исламға мойынсұну алдымен әһли сүннет ғалымдарының білдіргеніндей иман келтіру, кейін харамдардан қашу және парыз болған ғибадаттарды ықыласпен орындау деген сөз.

 

Бүкіл ғибадаттардың қабыл болуы халал азыққа байланысты. Хазреті Ахмед бин Абдуллаһ Исфахани былай деген: «Дін ұлыларының көбі былай бұйырған: “ғибадаттар он бөліктен тұрады, тоғызы халал жолмен табыс табу, қалған бір бөлігі бүкіл ғибадаттарды орындау болып табылады.”»

 

Сол себепті халал табыс табуға тырысу керек. Харамдардан және күмәнды нәрселерден ұзақ тұру керек. Пайғамбарымыз: «Аллаһу та’алаға ант етемін, бір үзім харам азық жеген адамның қырық күн ғибадаттары қабыл болмайды.» деп бұйырған.

 

Хазреті Суфиан Сәури былай дейді:

«Харам ақшамен жақсылық, қайырымдылық жасау – кірді зәрмен жуып тазартумен бірдей.»

 

Хазреті Әбу Хурайра былай дейді:

Расулуллаһ алейһиссаламнан естідім:

«Аллаһу та’ала әдемі. Тек қана әдемі жасалған ғибадаттарды қабыл етеді. Аллаһу та’ала пайғамбарларына әмір еткендерін мүміндерге де әмір етті және былай деп бұйырды: “Ей пағамбарларым! Халал азықпен қоректеніңдер және салих, жақсы амалдар жасаңдар!” Мүміндерге де әмір етіп былай деп бұйырды: “Ей иман келтіргендер! Сендерге берген ризықтардан тек халал болғанын жеңдер!” Расулуллаһ алейһиссалам сөзін жалғастырып былай деді: “Ұзақ жолдан келген, шашы, сақалы шатасқан, бет әлпеті шаң басқан адам қолдарын көкке ұзатып дұға етеді. “Йа Раббым!” деп жалбарынады. Алайда жегені харам, ішкені харам, қорегінің бәрі харам. Оның дұғасы қалай қабыл болмақ?”» Яғни харам жеген адамның дұғасы қабыл болмайды деп бұйырды.

 

Сондықтан харамды, халалды, күмәнды нәрселерді және фаизды білмейтін адам, бұларды бір-бірінен ажырата алмайтын адам, харамдардан құтыла алмай, жасаған ғибадаттары босқа кетеді.

 

Исламның әмірлеріне мойынсұнып, тыйымдарынан сақтанған адамға сауап, ал әмірлерін орындамай, тыйымдарынан сақтанбайтындарға азап бар. Иман ниғметіне қауышқан адамға ғибадат етуі әмір етілген. Ғибадат – Аллаһу та’аланың бар екенін, Оның пайғамбарларын және ахыреттегі ниғметтерді және азаптарды қабыл етумен және сенумен басталады. Бұларға сеніп, ғибадаттарды орындаумен үш нәрсе пайда болады:

Біріншісі адам шәһуатына бағынудан құтылады. Көңілі, рухы тазарады. Ашу-ызадан тыйылады. Өйткені шәһуатпен ашу жаратқанды еске алуға кедергі болады.

Екіншісі адамда материялармен жасаған тәжірибелерімен және сезім мүшелерімен игерген білімдерімен байланысы болмаған басқа рухани ілімдер, зауқтар пайда болады. 

Үшіншісі жақсыларға ниғметтер, жамандық еткендерге азап берілетінін ойлағанда адамдар арасында әділеттілік орнайды.

 

Көңілдің нәпіске алданып жаман мінезді болмауы үшін көңілді қуаттандыру және нәпісті әлсірету керек. Ақылдың қуаттануы ислам ілімдерін оқып үйренумен жүзеге асатыны сияқты көңілдің қуаттануы, яғни тазаруы да исламға мойынсұнумен жүзеге асады. Исламға мойынсұну үшін ықылас керек. Ықылас – істерді, ғибадаттарды Аллаһу та’ала әмір екен үшін жасау, басқа ешқандай пайданы ойламау деген сөз.

 

            Парыздарды тәрк ету (тастау) үлкен күнә. Бұл күнәлардан құтылу үшін ғибадаттарды шарттарына сай қылып және ықыласпен орындау керек. Біліп және ықыласпен жасалған ғибадат адамды дүниеде күпірден және күнәдан қорғап, үстем ететіні сияқты ахыретте де мәңгі бақытқа қауышуына себепші болады. Ал ғибадат жасамастан жаннатқа кіру үшін дұға ету күнә болады. Хадис шәрифте: «Ақылды адам нәпсіне ермейді және ғибадатын орындайды. Ақымақ адам нәпсіне еріп, кейін Аллаһтың мейірімін күтеді.» деп бұйырылды.