30 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Біреудің затын (мүлкін) рұқсатсыз қолдану

Біреудің затын (мүлкін) рұқсатсыз қолдану

Новая страница 1

Сұрақ: Сенімді жақын досымның затын оның хабарынсыз, одан сұрамай қолдану немесе жеу жаиз бола ма?

Жауап: Өзгенің мүлкін рұқсатсыз қолдану харам болып табылады. Мәселен досыңның қаламын одан рұқсатсыз алып, ол қаламмен хат жазу харам болады.

 

Досыңның қалтасындағы немесе столындағы конфет сияқты нәрселерді жеу де осылай жаиз болмайды. Бірақ өте сенімді, беретініне 100% сенімді болған достың мүлкін қолдану немесе жеу жаиз болады. Бірақ қазіргі таңда ондай дос табу өте қиын. Сондықтан суизанға (күмән астында қалуға) себеп болатын нәрселерден узақ жүру керек.  

 

Хазреті Фәтхи Мусули бір досының үйіне барады. Досы үйінде жоқ болады. Қызметшісі бар еді. Одан сандықтың кілтін сұрайды. Қызметшісі оны танығандығы үшін кілтті береді. Хазреті Фәтхи Мусули сандықты ашып қажетінше ақша алып кетеді. Досы мұны естігенде қатты қуанады және сол мезетте қызметшісін (құлын) азат етеді.

 

Бұл үстем дәрежелерге жеткен ескі заманның ұлылары ақша қажеттілігі туындағанда жағдайын достарына білдіретін еді. Достары «Қанша керек?» деп сұрамайтын еді, әмиянын алып беретін еді. Достары әмияннан керегінше алатын. Тіпті кейбіреулері бір досы өзінен ақша сұраса «Неге оның бұл жағдайын (ақшаға мұқтаждығын) бұрын байқамадым, неге оны сұрауға мәжбүр еттім» деп өз-өзіне ренжіп жылайтын еді. Достарынан жиі жиі қандай қажеттілігі бар екенін сұрап тұратын еді. Онсыз да досқа «Қалайсың?» деп айту, «Қандай қажеттілігің бар болса айт, қолымнан келсе көмектесейін» деген сөз. Әйтпесе жай сөз болсын деп «Қалайсың?» деу шынайы достарға жараспайды. 

 

Өзгенің хатын оқу

Сұрақ: Кейбір достарымның кіммен хат алысып тұратынын, не жазатынын білгім келеді. Бір жолын тауып немесе паролін бұзып біреудің электронды хаттарын, компьютеріндегі басқа да жазуларына, суреттеріне қарау күнә бола ма, құл ақысын жеген болам ба?

Жауап: Өзі рұқсат берген болса күнә болмайды. Рұқсатсыз қарайтын болса, үлкен күнә болады, құл ақысын жеген болады. Жалпылама рұқсат берген болса да, компьютерінде немесе ұялы телефонында жеке өзінің заттары болатындықтан қажеттілігің мөлшеріндей қарау керек, басқа не бар, не жоқ деп ішін тінтіп шығу дұрыс емес. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Досының жазуына рұқсатсыз қараған адам, Жаһаннам отына қараған болады.» (Табарани)

«Досының хатына рұқсатсыз қараған адам отқа қараған болады» (Әбу Дауд)

«Рұқсатсыз бір үйдің ішіне қараған адам харам істеген болады.» (Әбу Дауд, Тирмизи)

«Біреудің үйіне рұқсатсыз қараған адамның көзін шығарса орынды болады.» (Мүслим)

 

Біреудің жеке заттарына, құжаттарына рұқсатсыз қарау құл ақысы болатыны секілді, оны басқаға көрсету сөз тасуға, ғайбатқа жатады. Бұлар харам болып табылады. Бір адамға электронды хат жіберерде ол хатта өз жазуларымыздан бөлек, басқа адамдардың жазулары, бұдан алдын берген жауаптары бар болса, жасырын (bcc) жіберетін ұяшыққа басқа адамдардың да “mail” адрестерін жазып оларға да жасырын жіберу ол жазуды басқаларға көрсету болады.

Мұндай нәрсе істеген болса, тәубе ету керек және ол адамнан разылығын сұрау (халалдық алу) керек.

 

Сұрақ: Жұмыс орнында кеңсенің бүкіл компьютерлік жүйесінен жауапкер қызметкер ретінде жұмыс істеймін. Өзгелердің жазуларына, компьютерлеріне рұқсатсыз қарау жаиз еместігін білемін. Менің жұмысым қарауымды талап етеді. Бұл күнә бола ма?

Жауап: Қызмет бабымен бір қажеттілік туындаған кезде қарау күні болмайды. Бірақ ешқандай қажеттіліксіз басқалардың компьютерлеріне кіріп, хаттарына- жеке жазуларына қарау күнә болады.

 

Сұрақ: Бір офистің ішінде қолданылатын кез-келген электрлі құралды жеке пайдамыз үшін қолдануымыз жаиз бола ма?

Жауап: Негізінде ешбір құралды рұқсатсыз қолдану жаиз болмайды. Бірақ офиске зияны тимейтін болса немесе рұқсатсыз қолдану әдет болған нәрсе болса, мысалыға ұялы телефонды зарядтау, офистің электрінен пайдаланып қырыну, шай қою, офистің суымен дәрет алу, компьютерде жеке электронды хаттар жіберу секілді нәрселерді арнайы рұқсат сұрап отырмай-ақ қолдану көптеген жұмыс орындарында әдет. Басшылар да бұны білгені үшін күнә болмайды.