30 Мамыр 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Намаздың мүстахабтары

Намаздың мүстахабтары

1.       Намазда сәжде ететін жерге қарау.

2.       Рукуде аяқ ұштарына қарау.

3.       Сәждеде мұрнын қойған жерге қарау.

4.       Әттахиятта отырғанда тiзелерiнiң үстiне қарау.

5.       Фатихадан кейiн оқылатын аят мөлшерi, таң және бесiн намаздарында ұзын, ақшам намаздарында қысқа болуы.

6.       Имамға ұйыған адам тәкбiрдi iштен айтуы.

7.       Рукуде саусақтарды ашып, тiзенiң үстiне қою.

8.       Рукуде бас пен мойынды бiрдей түзу ұстау.

9.       Сәждеге барарда алдымен оң тiзенi кейiн сол тiзенi жерге қою.

10.   Сәжденi екi қолдың аралығында жасау.

11.   Сәждеге мұрнынан кейiн маңдайын қою.

12.   Намазда есiнегенде қолдың сыртымен аузын жабу.

13.   Еркектердiң сәждеде шынтақтарын көтерiп жоғары ұстауы, әйелдер қолдарын жерге төсейдi.

14.   Еркектердiң сәждеде қолдарын және аяқтарын қарнынан бөлек ұстауы.

15.   Руку және сәждеде үш мәрте тәсбих айтатындай уақыт тұру.

16.   Сәждеден басын көтергеннен кейiн қолдарын жерден көтеру.

17.   Қолдарын көтергеннен кейiн тiзелерiн көтеру.

18.   Әттахиятуда қолдарын санның үстiне қойып, саусақтарын қыблаға қарай түзу ұстап бүкпеу және ойнатпау.

19.   Оңға және солға сәлем берерде басын бұру.

Сәлем берерде иықтарына қарау.