26 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / Пайғамбарсыз дін болмайды

Пайғамбарсыз дін болмайды

Сұрақ: Құранда болмағанымен намазда Сүбһанака, әттаһияту, салли-барик дұғалары неліктен оқылады? Егер хадистерде бар десеңіз мен хадистерге сенбеймін. Өйткені хадистер Әмәуи арабтарының ойдан шығарғандары. Салли-барикті оқумен адам Расулға табынған болмай ма?

Жауап: Құран Кәрім Расулуллаһқа түспеді ме? Расулуллаһ намаз оқымады ма? Өмір бойы оқылған намазды тәуатур (қуатты) хабарлармен яғни ижмамен білдірмеді ме? Оның оқығанындай етіп намаз оқу неге қате болсын? Намаздың қалай оқылатыны, қанша рәкат екендігі, қандай уақыттарда оқылатыны, намазды бұзатын нәрселер, бұзбайтын нәрселер хадис шәрифтермен білдірілген.

Хадис шәрифке сенбеген мұсылман, Құранға да ешқашан сенбейді. Өйткені Құран кәрімді  жинақтап Мусһаф халіне келтірген сахабалар еді. Олардың білдірген аяти кәрималарына сенген адамның, олардың жеткізген хадис шәрифтеріне де сенуі тиіс емес пе?

Хадис шәрифке қалайша ойдан шығарылған дейсіз? Пайғамбарымыз 23 жыл бойы еш нәрсе айтпай, бос нәрселер айтты ма? Намаз осылай оқылады демеді ме? Рүкудің, сәжденің қалай жасалатындығын көрсетпеді ме? Тек қана үйінде жасырынып оқыды ма? Мешітке бірде-бір рет келмеді ме? Соңғы сырқатынан басқа барлық намаздарында Расулуллаһ жамағатқа имам болып намаз оқытпады ма?

Сахабалар Расулуллаһтан көріп Сүбһанаканы оқыды, Әттаһиятуды оқыды, салли-барикті оқыды. Раббананы да оқыды. Бұларды Әмәуилердің шығарғандары деп неге сүйеніп айтасыз?

Жарайды ал Әмәуи деген адамдардың тарихта болғанын қайдан білдіңіз? Кітаптарда жазылған ба? Олай болса ол кітаптарда хадис шәрифтер де жазылған. Әмәуилердің өмір сүргені жайлы кітаптардан оқып сенесіз де, кітапта жазылған хадистерге неге сенбейсіз? Бұл қарама-қайшылық емес пе?

Құранда бастан аяқ “Расулыма бағыныңдар, Оған мойынсұныңдар” деп бұйырылған. Расулға айтқандарына мойынсұну, оған табыну болатын болса, Аллаһу та’ала неге “Расулыма бағынған адам маған бағынған болады” деді? Тәубе! (Әстағфируллаһ) Сонда  “Менімен бірге Расулыма да табыныңдар” деп бұйырғаны ма?

Пайғамбарсыз дін бола ма? Пайғамбарды бостан бос, қажетсіз жіберген деп ойлайсыз ба? тәубе! (әстағфируллаһ) Олай болса Аллаһу та’ала ешқандай пайғамбар жібермес еді, тек кітап жіберіп, “алыңдар осымен амал етіңдер” дер еді. Алайда әрбір ғасырда пайғамбарлар жіберілді. 124 мыңнан аса пайғамбар жіберілгендігі білдірілген. Тәубе! (әстағфируллаһ) Бұлар орынсыз, бостан бос жіберілді ме? “Тек қана Құран” деп сүннеттерді қабылдамайтын адамдар дін дұшпаны болып табылады.