10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Иіссу қолдану

Иіссу қолдану

Сұрақ: Иіссудың (одеколон), дезодоранттың құрамында спирті болса қолдануға бола ма?

Жауап: Бұл жөнінде екі қаулы (үкім) бар. Бірінші қаулыда “спирт және спирт қосылған қоспалар нәжіс болады” делінген.

Екінші қаулы бойынша спирттің тікелей өзі нәжіс, бірақ спирт қосылған қоспалар жаиз болады делінген. (мәселен: иіссу (одеколон), дезодорант, йод, дәрі-дәрмектер, крем т.б.)

Бұл екінші қаулы бойынша: құрамында спирті бар иіссу немесе дезодорант себілген киіммен намаз оқу жаиз болады және спирт қосылған қоспалардың ешқайсысы намазға кедергі болмайды. Ал спирттің тікілей өзі нәжіс болып саналады және намазға кедергі болады.

Дәрі, иіссу, йод, су секілді нәрселерге бір пайдасын көздеп спирт араластырғанда, бұл қоспалар таза болып саналады. (И. Ахлақы)

Демек иіссу, дезодорант, йод, крем секілді заттарға спирт бір пайдалық мақсатта қосылғаны үшін намазға кедергі болмайды. Ешбір пайдасы болмай, жай ғана қосылатын болса, мұндай қоспа таза болмайды. Мәселен судың ішіне біраз мөлшерде спирт қосып, бұл да бір қоспа деп оны киімге сепсе, мұндай киіммен намаз оқуға болмайды.

Дінімізде бір мәселеде екі түрлі қаулы бар болатын болса, қажеттілік кезінде оңай болғанын таңдау да діннің әміріне мойынсұну болып табылады. Хазреті Имам Шарани «Қажеттілік кезінде рұқсаттармен амал ету керек!» деп бұйырған. Хазреті Имам Раббани «Қажеттілік кезінде ең оңай фәтуаға мойынсұну керек! Аллаһу та’ала адамдарға қиындық тудыратын амалдарды емес, оңай және жеңіл орындалатын амалдарды орындауларын қалайды. Өйткені адамдар әлсіз жаратылған» деп айтқан. Бір аяти кәримада былай делінеді:

«Аллаһ сендерге оңайын қалайды, қиынын қаламайды» (Бақара 185)

Хадис шәрифтерде де былай білдірген:

«Аллаһу та’аланың сендерге берген оңайлықтарынан және рұқсаттарынан пайдаланыңдар!» (Бұхари)

            «Рұқсаттардан пайдаланбаған адам Арафат тауындай күнә жасаған болады.» (Табарани)