25 Мамыр 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Күпірге қас болмаған иманға дос болмас

Күпірге қас болмаған иманға дос болмас

         Аллаһу тааланың дұшпандарын жақсы көру, адамды Аллаһу тааладан алыстатады. Екі қарама-қайшы нәрсенің бірінен алыстамағанша екіншісіне жақындасу мүмкін болмайды. Кімде кім Аллаһу та’аланы жақсы көремін десе, бірақ Оның дұшпандарынан аулақ жүрмесе, бұл айтқан сөзіне сенуге болмайды. Өйткені Али Имран сүресінің жиырма сегізінші аятында: «Кәпірлерді жақсы көретін адамдарды Аллаһу та’ала азабымен қорқытуда» делінген.

         Адамның жүрегінде иманның бар екендігінің белгісі – оның күпірден қашуы және Аллаһу та’аланы танымаудан, Жаратқанды мойындамайтындарға тән болған әрекеттерді істеуден тыйылуы болып табылады. Күпірден қашу дегеніміз Аллаһу та’аланың дұшпандарын жақсы көрмеу деген сөз.

 

         Ибраһим алейһиссаламның мұншалықты дәрежеде үстем болуы және күллі адамзаттың ішінен “екінші” болуы және пайғамбарлардың әкесі деген атпен мәртебеленуі Аллаһу та’аланың дұшпандарын жақсы көрмегенінің салдарынан еді. Аллаһу та’ала Мүмтәһинә сүресінде «Ей мүминдер! Ибраһим алейһиссаламның көрсеткен көркем жолымен жүріңдер! Яғни, сендер де ол сияқты және онымен болған мұсылмандар сияқты болыңдар! Олар кәпірлерге айтты: Бізден сүйіспеншілік күтпеңдер! Өйткені сендер, Аллаһу та’аланы тыңдамай басқа нәрселерге табынып жүрсіңдер. Табынған нәрселеріңді де жақсы көрмейміз. Сендердің ойдан шығарған діндеріңе сенбейміз. Бұл айырмашылық, арамызда дұшпандық тууына себеп болды. Сендер Аллаһу та’аланың бір екеніне сенбейінше және әмірлерін қабыл етпейінше бұл айырмашылық жүрегімізден өшпейді, кез-келген жерде өзін көрсетеді.» деп бұйырған. 

         Хазреті Абдуллаһ бин Омар былай дейді: “Өмір бойы ораза ұстасам, ұйықтамай түндерімді ғибадатпен өткізсем, дүние-мүлкімнің барлығын тек Аллаһ жолында таратсам және осы жағдайыммен өлсем, бірақ көңілімде Аллаһқа мойынсұнғандарға деген махаббат және Аллаһқа қарсы шыққандарға деген жек көрушілік болмаса, бұл істегендерімнің ешқандай пайдасын көрмеймін.”

 

         Хазреті Фудайл бин Ияд: Ей адам! Фирдаус жұмағында пайғамбарымызбен және Сыддықтармен бірге болуды қалайсың, бірақ сен бұлай қалау үшін қандай жақсы амал істедің? Нәпсіңнің қай қалауын кері қайтардың, қай ашуын жеңдің, саған келмейтін қай туысыңа бардың, дін бауырыңның қай кемшілігін кешірдің, Аллаһты мойындамайтын қай жақыныңнан бет бұрдың және Аллаһқа дос болған қай танысыңмен дос болдың?” деген.

         Хазреті Әбу Идрис Хауәлани хазреті Муаз бин Жәбәлге:

– Сені Аллаһ үшін жақсы көремін – деді, хазреті Муаз бин Жәбәл оған:

– Саған сүйінші болсын! Бір күні Пайғамбарымыздың “алейһиссалам”:

«Қиямет күні Аршы а’ланың айналасында бір топ адамдарға күрси құрылады. Бұл адамдардың жүзі айдың он төрті секілді жарқырайды. Өзге адамдар әбігерге түсіп жатқанда олар әбігерге түспейді. Өзге адамдар қорқып жатқанда олар қорықпайды. Олар – қорқу мен қайғысыз, мұңсыз болған Аллаһтың шынайы достары.» дегенін естідім, – деді. Мұны естіген хазреті Әбу Идрис Хауәлани:

– Ол адамдар кімдер? – деп сұрады. Хазреті Муаз бин Жәбәл:

“Олар – бір-бірін тек Аллаһ үшін жақсы көргендер”- деп жауап берді.

         Махаббат сүйіктінің достарын сүйдіріп, дұшпандарына дұшпандық еткізеді. Мұндай махаббат пен дұшпандық, садық және адал мұсылманның қолында емес. Еңбектеніп, тер төкпей-ақ өзі пайда болады. Достың достары әдемі көрініп, дұшпандары болса жиіркенішті, жаман болып көрінеді. Сүйген адам сүйгенінің дұшпандарымен арасын үзбегенше, “жақсы көрем” деген сөзінде тұрған болып саналмайды. Бұған мүнафиқ, яғни екіжүзді деп айтылады.

         Аллаһу та’аланың дұшпандарын жақсы көру адамды Аллаһу та’аладан алыстатады. Екі қарама-қайшы нәрсенің бірінен алыстамағанша екіншісіне жақындасу мүмкін болмайды. Пайғамбарымыз “саллаллаһу алейһи уәсәлләм”: «Ғибадаттардың абзалы – мұсылмандарды мұсылман болғандары үшін жақсы көру, ал кәпірлерді кәпір болғандары үшін жақсы көрмеу.» деген.

 

         Хазреті Абдүлқадир Гейлани шәкірттерінің біріне былай деп насихаттаған:

         “Ахыретті негізгі байлығың деп біл, мына дүниені сол байлығыңды жұмсап табатын табыс көзіне айналдыр. Уақытыңды әуелі ахыретке қол жеткізу үшін жұмса. Қалған уақытыңды күн көру үшін үшін жұмса. Ешқашан дүниеңді негізгі байлық, ал ахыретіңді оның табысына айналдыра көрме. Егер осылай істейтін болсаң ахыретіңе дүниеліктен артылған уақытыңды жұмсайтын боласың. Намаздарыңды осы уақытта оқитын боласың. Бірақ, тезірек оқып бітірейін деп рүкүндеріне мән бермей кетесің. Содан кейін дүние істерінен шаршап құлайсың. Шаршағаныңнан өлі сияқты жатып алып, күндізіңді де пайдасыз өткізесің. Нәпсіңнің қалауларына, тіпті шайтанға да бағынып кетесің. Дүниелік үшін ахыретіңді сатасың. Нәпсіңнің құлындай боласың. Алайда саған нәпсіңді тәрбиелеу, оған қарсы шығып, онымен күресіп, жеңіп оны саламат жолына салу әмір етілді. Сен нәпсіңнің айтқандарын орындаймын деп жүріп өзіңе зұлымдық жасадың. Өз мойныңа жіп салып, оны нәпсіңнің қолына тапсырып қойдың. Дүние мен ахыретіңді қатерге тастадың. Ондай болса, қиямет күні дін мен дүние жөнінен ең көп зиян шеккен сен боласың. Егер нәпсіңді ахырет жолына тартып, ахыретіңді өміріңнің негізгі мақсатына айналдырғаныңда дүние мен ахырет бақытына қол жеткізетін едің. Нәпістің жамандықтарынан сақтанып, жақсы адамдардың қатарынан болатын едің.”