26 Шілде 2017   


  Негізгі бөлім / Пайғамбарымыз / Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам

Пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам

Новая страница 1

Мұхаммед алейһиссалам пайғамбар - Аллаһу та’аланың елшiсi әрi пайғамбарлардың ең мәртебелiсi және соңғысы. Әкесiнiң аты Абдуллаһ милади жыл санауымен 571 ж. сәуiр айының 20 күнiне сәйкес келетiн 12 рабиал-әууалда дүйсенбi күнi түнде Меккеде дүниеге келдi. Әкесi ол тумай тұрып қайтыс болған едi. Алты жасында анасы, сегiз жасында атасынан айрылды. Кейiн әкесінің інісі Әбу Талибтың қолында өстi. 25 жасында Хадишаға (Хадижат-ул Кубра) үйлендi. Одан төрт қыз, екi ұлы болды. Алғашқы ұлының аты Қасым едi. Сондықтан халық арасында Әбул Қасым деп те аталды. Қырық жасында Аллаһу та’ала тарапынан барлық адамзат пен жындарға Пайғамбар екендiгi бiлдiрілді. Үш жылдан кейiн жалпы халықты ашық түрде имандылыққа шақыра бастады. Елу екi жасында бiр түнде Меккеден Кұдысқа (Ирусалим) және ол жерден көкке көтерiлдi. Бұл сапарына “Миғраж” деліндi. Миғражда жәннат пен тозақты және Аллаһу та’аланы көрдi. Осы түнде бес уақыт намаз парыз болды. Тарихшылардың айтуына қарағанда Милади 622 жылы Аллаһтың әмiрiмен Меккеден Мадинаға көштi. Бұл көшке “Хижрет” делінді. Мәдина қаласының жанындағы Қуба ауылына келгендегi Рабиал-әууал айының сегiзi дүйсенбi күні, милади жыл санауы бойынша қыркүйек айының жиырмасыншы жұлдызына сәйкес келедi. Осы күннен бастап Хижри шәмси жыл санауы басталды. Мұсылмандардың Хижри қамари жылы сол жылдың мухаррам айынан басталып, айдың жердi он екi рет айналуы бiр қамари жыл болып есептеледi. Хижри 11 (милади 632 ж.) Рабиал әууал айының он екiсi дүйсенбi күнi түскi уақыттан бұрын қайтыс болды. Денесі қайтыс болған бөлмесiне жерлендi. Қайтыс болған кезiнде қамари жыл санауымен 63, шәмси жыл санаумен 61 жаста едi.

Мұхаммед алейһиссалам ақ реңдi едi. Ол барлық адамдардың iшiндегi ең әдемiсi болатын. Әдемілiгiн баршаға көрсете бермейтiн. Ол әрқашан, дүниедегi барлық адамзаттан және болашақта келетiн адамдардың бәрiнен тұғыры биiк, мәртебесi жоғары адам. Балалық шағында саудагерлермен Шам тарапына екi рет сапар шегiп Бусра деп аталатын жерден керi қайтқан. Одан басқа уақытта ешбір сапарға шықпаған. Ол оқуды, жазуды бiлмейтiн, яғни мектеп-медреседе оқымаған еді. Ешкiмнен сабақ алмады. Бiрақ барлық нәрсенi бiлетiн едi. Яғни не ойласа да, қандайда нәрсенi бiлгiсi келсе, Аллаһу та’ала оған бiлдiретін едi. Жәбрейiл алейһиссалам атты перiште келiп оған қалаған нәрсесiн айтатын. Пайғамбарымыздың қалбы, яғни мүбәрәк жүрегі нұр шашып, одан тараған ілім, марифат нұрлары радио толқынындай жер-көкке таралуда еді. Бұл нұр қазір де қабірінен таралуда және күн сайын қуаттануда. Бұл нұр Файз делінеді. Электро-магниттiк толқындарды ұстау үшiн радио қабылдағыш керек болғандай, оның нұрын, файзын қабылдау үшiн де оған сенген, сүйген және оның көрсеткен жолымен жүрiп тазарған жүрек керек. Осындай жүрегi бар адам ғана нұрды қабыл етедi және ол да бұл нұрды шартарапқа таратады. Мұндай ұлы адамдар әулие делінедi. Бұл әулиенi таныған және жақсы көрген кісі, оның жанында әдеппен отырса немесе алыста оны әдеппен, махабатпен еске алса, бұл адамдың жүрегі де нұр-файз алып тазарып және рухани жетіле бастайды. Аллаһу та’ала денеміздің, материямыздың өсіп-өнуіне күн энергиясын себеп қылғанындай, рухымыздың, жүрегіміздің жетілуіне, кәміл адам болуына да Мұхаммед алейһиссаламның жүрегін және одан тараған нұрды себеп қылған. Адамды азықтандырып, клеткаларына қуат беріп тұрған азық-түлік өнімдерінің баршасы күн энергиясы және әр түрлі реакциялар арқылы пайда болғанындай, рухымызға, жүрегімізге азық болатын әулиенің сұхбаттары, сөздері және жазуларының барлығы да, Расулуллаһтың жүрегінен тараған мүбәрәк нұрлардан пайда болады. Аллаһу та’ала Жәбрейiл алейһиссалам атты перiште арқылы Мұхаммед алейһиссаламға Құран Кәрiмдi жiбердi. Адамдарға дүние мен ахыретке қажеттi, пайдалы болған нәрселердi әмiр еттi. Зиянды болғандарына тыйым салды. Бұл әмiр мен тыйымдардың барлығын Ислам дiнi немесе Шариғат деп айтады.

Мұхаммед алейһиссаламның әр сөзi дұрыс, бағалы әрi пайдалы. Осындай екендiгiне сенген адамға Мүмин және Мұсылман делiнедi. Мұхаммед алейһиссаламның сөздерiне сенбеген немесе оларды ұнатпаған адамға Кәпiр делiнедi. Аллаһу та’ала мүмин құлын сүйеді. Кәпiр болған адам жұмаққа (жәннәт) кiре алмайды. Жәһаннамға түсiп ол жерден қайта шықпайды. Пайғамбарымызға сену, оны жақсы көру бүкіл жақсылық атаулының басы. Ал оның пайғамбарлығына сенбеу болса барлық қайғы-қасыреттің және жамандықтың басы.

Расулуллаһтың бiлiмi, парасаттылығы, санасы, ақылы, зейiнi, жомарттығы, қарапайымдылығы, жұмсақтығы, мейрімділігі, сабыры, қайраты, намысы, сенімділігі, батылдығы, батырлығы, сөйлеу көркемдігі, пәктігі, айбаттылығы, көркемдігі, діндарлығы, инсаптылығы, шыншылдығы, аманатқа қиянат жасамауы, көңiлiнiң ояулығы, тақуалығы, абыройы, әдiлеттiлiгi және иффеті (ұяты) барлық пайғамбарлардан артық едi. Дос-дұшпанынан көрген зияндарды кешіретін еді. Ешкімге кек қайтармайтын едi. Ухуд соғысында кәпiрлер мүбәрәк жүзін қанатып, тiстерiн сындырған кезде, оларға: «Ей, Раббым! Оларды кешіре гөр. Бұл істерін олардың надандықтарына бағыштай гөр.»- деп дұға еткен.

Мұхаммед алейһиссаламның асыл қасиеттерi мен мiнездерi көп. Әр мұсылманның бұларды үйренiп, осы қасиеттерді өз бойына қалыптастыруы керек. Осылайша дүние және ахыретте пәле-жалалалардан, қиындықтардан құтылып, екi дүниенiң мырзасы Пайғамбарымыздың алейһиссалам шапағатына қауышуы нәсiп болады. Өйткенi хадис шәрифте: «Аллаһу та’аланың ахлақымен (сипаттары) мiнезделiңiз»- делiнген.