18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Әр пенде өз таңдаған жолының жемісіне қауышады

Әр пенде өз таңдаған жолының жемісіне қауышады

Адамдардың бүкіл істерін, қалап немесе қаламай жасаған барлық іс-әрекеттерін Аллаһу та'ала жаратуда. Құлдарының қалап жасаған әрекеттерін, істерін жарату үшін құлдарына таңдау еркіндігін берген. Бұл таңдау мен қалауларын олардың істерін жаратуға себепші қылған. Құлдарының қалаған істерін, олардың сол істерді таңдап, қалағандары себепті жаратуда.             Адам ақылын қолданып Жаратқанын таниды, Оған иман етеді, әмірлерін орындап тыйымдарынан сақтанады, таңдау еркіндігін осы тәсілмен қолданса Аллаһу та'аланың құлы болады және жұмаққа кіреді. Егер нәпсіне еріп Аллаһу та'аланы жоққа шығарса, Оған қарсы келсе, таңдауын осылай қолданса нәпсінің құлы болып тозаққа түседі.             Бұл дүние – ахыреттің егістігі. Ахыретке пайдасы тимейтін дүниелік нәрселердің барлығы зиянды болып табылады. Харамдар, күнәлар және мубахтардың көбі осыған жатады. Дүниелік нәрселер ислам дініне сай қолданылса ахыретке пайдалы болады. Бір жағынан дүние ләззатына, екінші жағынан ахырет ниғметіне қауышылады. Хадис шәрифте: «Қалауы ахырет болып, ахырет үшін еңбек еткен адамға Аллаһу та'ала бұл дүниені қызметші етеді.» делінген.             Хазреті Мұхаммед Масум Фаруқи былай дейді:

“Бұл дүние – егістік жері. Егін екпей дәндерін жеп ләззат пен зауық қуған адам өнімнен махрұм қалатыны секілді, дүние өмірін өткінші ләззаттар мен нәпістің қалауларын асып-тасып орындау арқылы өткізген адам да шексіз ниғметтерден, шексіз ләззаттардан махрұм қалады. Ал бұл ақылды адамның ісі емес. Ақылды адам шексіз ләззаттарға қауышуға тосқауыл болатын өткінші ләззаттарды істеуді таңдамайды.”             Ахыретке барған адамның барлығы өкінеді. Дүние үшін қанағат болады, бірақ ахырет үшін қанағат болмайды. Дүние үшін тәуекел болады, бірақ ахырет үшін болмайды. Дүниедегі өкініш – ниғмет, ал ахыреттегі өкініш – пәлекет. Бір адам қабірден шығып дүниеге қайта келе алса, уақытын босқа өткізбес еді, үнемі ахыреті үшін еңбек етіп, күнә істемей және ешкімді ренжітпес еді. Өлім – қорқынышты нәрсе. Қабір – барлық адамның міндетті түрде баратын жері. Кейбіреулер үшін жұмақ бақшасы, ал кейбіреулер үшін тозақтың шұңқыры болатын қорқынышты ақиқат. Қабірге барғанда адамдардың басына не келетінін, нелермен кездесетінін дініміз білдіруде. Бір хадис шәрифте былай делінеді: «Қабір – жұмақ бақшаларының бір бақшасы немесе тозақ шұңқырларының бір шұңқыры.» Аллаһу та'ала мен пайғамбарына иман етпегендер, Ислам дінін қабыл етпегендер, қарсы шығып мойынсұнбағандар тозақта ауыр азапқа душар болады және:    

– Йа Раббым бізді қайтадан дүниеге жібер, еш күнә істемейміз, ғибадат ететін боламыз,- дейді. Бірақ тозақтағы періштелер оларға:

– Онсыз да сол жақтан келдіңдер ғой, - деп жауап береді.

              Хазреті Имам Раббани былай дейді:

“Қолымыздағы мүмкіндік біз үшін үлкен олжа, уақыт - өте құнды. Бұл құнды уақыттарды пайдасыз нәрселермен өткізбеу керек. Аллаһу та'аланың разы болып, ұнатқан нәрселерін орындаумен өткізу керек. Бес уақыт намазды дүние істерін ойламай, жамағатпен, тадили әрканға мән беріп оқу керек. Сәре уақыттарында истиғфар айту керек. Ғафлеттен (немқұрайлықтан), нәпіске мойынсұнудан ләззат алмау керек. Бұл дүниенің өткінші ләззаттарына алданбау керек. Өлімді еске алып, ахыреттің үрейі мен қорқынышын көз алдына келтіріп елестету керек. Қысқаша айтқанда жүзімізді дүниеден ахыретке бұруымыз керек. Дүние істерін керегінше істеп, қалған уақыттың барлығында ахыретке пайдалы болатын амалдарды орындау керек. Сөздің түйіні – көңіл Аллаһтан өзгеге байланудан құтылу керек, дене мен ағзаларды да исламмен көркемдеу керек.”             Қорыта айтқанда адам баласы дүниеде нені таңдап, күш-жігерін қайда жұмсаған болса, ахыретте өз таңдауының, ұстанған бағытының жемісіне қауышады. Бұл бір таңдау мәселесі. Аллаһу та'алаға құлдық етуді, яғни ахыретті таңдаған адамға, бұл таңдауының қарсылығы ретінде жәннат беріледі. Нәпсіне құл болуды, оның зауқына қауышуды, яғни дүниені таңдаған адам, бұл таңдауының қарсылығы ретінде жаһаннамға кетеді. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Дүние үшін дүниеде қалатындай мөлшерде, ал ахырет үшін ол жақта шексіз қалатындай еңбек ет!» деп бұйырған.