22 Ақпан 2017   


  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Дәреттiң сүннеттерi

Дәреттiң сүннеттерi

Дәреттiң сүннеттерi он сегiз:

1.       ДәреттіБисмиллаһдеп бастау.

2.       Әуелi екі қолды бiлекпен қоса үш рет жуу.

3.       Ауызды үш рет сумен шаю. Бұны Мазмаза деп атайды.

4.       Мұрынды да үш рет сумен шайып сіңбіру керек. Бұны Истиншақ деп атайды.

5.       Беттi жуғанда қас, сақал және мұрттың астындағы көрiнбейтiн терiнi сумен ылғалдандыру.

6.       Беттi жуғанда екi қастың астын ысқылау.

7.       Сақалды мәсiһ ету.

8.       Сақалдың арасын саусақтарымен тарамдау.

9.       Тiстерiн тазалау. (мисуакпен тазалау маңызды сүннет).

10.   Бастың барлық  бөлігін мәсiһ тарту.

11.   Құлаққа бiр рет мәсiһ тарту.

12.   Желкені үш саусақпен бiр рет мәсiһ ету.

13.   Қол, аяқ саусақтарының араларын тарамдап жуу.

14.   Жуылатын мүшелердi үш реттен жуу.

15.   Беттi жуатын кезде шын көңілмен (жүрекпен) ниет ету.

16.   Тәртiп: яғни рет-ретiмен жуу.

17.   Жуылатын жерлердi ысқылау.

Әр мүшенiң арасын үзбей жуу.