18 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Күнәлар көңілді қарайтады

Күнәлар көңілді қарайтады

        Көңіл (жүрек) – махаббатпен сүйіспеншілік мекені. Сүйіспеншілігі жоқ көңіл өлі деген сөз. Көңілде не дүниеге деген сүйіспеншілік, не Аллаһу та’алаға деген сүйіспеншілік болады. Дүние – Аллаһу та’аланың тыйым салған, харам болған нәрселері деген сөз. Зікір, ғибадат етіп көңілден дүние сүйіспеншілігі шығарылған кезде көңіл тазарады. Мұндай таза көңілге Аллаһ сүйіспеншілігі өздігінен толады.

 

         Күнә істегенде көңіл қараяды, ауруға шалдығады. Дүние сүйіспеншілігі орнығып, Аллаһ сүйіспеншілігі кетеді. Хазреті Мұхаммед Париса: «Адамды Аллаһу та’аладан алыстататын перделердің ең зияндысы көңілдің қараюы, ауруға шалдығуы, яғни дүние сүйіспеншілігінің көңілге орналасуы.» деген. Бұл сүйспеншілік жаман достардан және қажетсіз нәрселерге қараудан пайда болады. Көп тер төгіп бұларды көңілден шығару керек. Пайдасыз кітап, романдар, газет-журналдар, қажетсіз нәрселер айту бұл сүйспеншілікті арттырады. Харам болған суреттерге қарау, кинолар көру, харам болған сазды аспаптарды тыңдау көңілге дүниеге деген сүйіспеншілікті ұялатады. Бұлардың барлығы адамды Аллаһу та’аладан алыстатады.  
 

         Көңілдің ауру болуы Аллаһу тааланы ұмытуы, Аллаһу тааладан басқа нәрселерге көңіл қоюы, нәпсіге беріліп харамдарды ұнатуы, бұларға ұмтылуы деген сөз. Исламның әмірлерінің ләззатын сезіне алмау, тыйым салғандарынан зауқ алу, пайғамбарымыз әкелген ілімдерге толық сенбеуі, Аллаһу та’аладан басқа нәрселерге байлануы көңілдің бұзылғанын, ауру екендігін білдіреді. Егер кісі көңілдің бұлай өзге нәрселерге байлануын ауру деп білмесе, өте төмен адам деген сөз. Егер біліп, бірақ мән бермесе өте лас адам екендігін білдіреді.

 

         Хазреті Абдуллаһ Мүртәйіш: «Көңілдің Аллаһу тааладан және оның достарынан басқаларға қарай бет алуы, ол көңілдің ауру екендігінің белгісідеген.
 

         Хазреті Мәймун бин Михран былай деген: «Адам бір күнә істеген кезінде, көңілінде бір нүкте (дақ) пайда болады. Тәубе еткенінде нүкте жойылып, көңілі тазарып, жарқырайды. Бірақ тәубе етпесе және күнә істеуін тоқтатпаса, нүктелер көбейіп көңіл қараяды. Соңында бұл қара дақтар бүкіл көңілді қаптап алады. Міне бұған ран, яғни көңілдің толығымен қараюы делінеді.»
 

         Күнә істеген адам, дүниеде де, ахыретте де үлкен қиыншылықтарға тап болады. Хадис шәрифте былай делінеді: «Күнә істеген кезде көңілде бір қара нүкте пайда болады. егер тәубе етілсе, ол дақ өшеді. Күнә істеуін жалғастырса, ол дақ үлкейіп көңілді толығымен қаптайды.»

 

         Көңіл қарайған кезде ғибадат ету қиын болады, күнәларды істеу оңайға соғады. Пайғамбарымыз: «Дерттерің күнәлар, дауасы истиғфар» деп бұйырған.

         Адамдардың басына келетін бүкіл қиыншылықтар күнәларының кесірінен болуда. Истиғфар (әстағфируллаһ) айтқанда, яғни өкініп тәубе еткенінде күнәлар өшеді. Хадис шәрифте: «Өзін күнәлардан қорғамағанды Аллаһу та’ала (дүниеде және ахыретте) пәлекеттерден қорғамайды» делінген.

 

         Күнәдан қашуға тырысатын болсақ, Аллаһу та’ала бізге көмектеседі. Ал күнәға мән бермесек пәлекеттерден құтыла алмаймыз. Хадис шәрифте: «Кісі істеген күнәларының кесірінен ризығынан махрұм қалады» делінген.

 

         Күнә істеген адамның табысында береке болмайды. Өмірі қиыншылық ішінде өтеді. Барлық күнәны қауіпті деп білу керек! Күнәні өте қауіпті деп білу имандылықтың белгілерінен. Хадис шәрифте былай делінеді: «Мүмин күнәсын төбесінде тұрған таудай көреді, одан үстіне құлап кететіндей қорқады. Мүнафық болса мұрнына қонған шыбындай көреді, қазір ұшып кететінін ойлайды.»

 

         Жасырын істелген күнәні адамдарға естірту де екінші күнә болып табылады. Мұндай күнәлардың кешірімі қиын болады. Хадис шәрифте «Барлық мүмин кешіріледі, тек күнәларын өзгелерге айтқандардан басқа.» делінген.

 

         Күнә істеу күпірлік емес. Күнә екендігіне мән бермеу күпірлік болады. Ғибадат етудің және күнәлардан тыйылудың керектігіне сенбеу күпір болады. “Риядун-Насихин” кітабында былай делінеді: «Күпірден және бидғаттан басқа күнәлар екіге бөлінеді. Біріншісі Аллаһу та’аламен құлдың арасындағы күнәлар. Арақ ішу, намаз оқымау және т.б. Бұл күнәлардың үлкенінен де, кішісінен де қатты сақтану керек»


         Расулуллаһ алейһиссалам: «Зередей (кішкентай) бір күнәдан қашу – бүкіл жын және адамдардың ғибадаттарының қосындысынан да артық.» деп білдірген.

 

         Күнәлар Аллаһу та’аланың әмірін орындамау болғандықтан барлығы да үлкен. Бірақ кейбірі, кейбіреулеріне қарағанда кіші болып көрінеді. Бір кіші күнәні істемеу бүкіл әлемнің нәпіл ғибадаттарынан да үлкен сауап болады. Өйткені нәпіл ғибадат орындау парыз емес. Ал күнәлардан тыйылу барлық адамдарға парыз.

 

         Аллаһу тааланың тыйым салған нәрселерінен сақтанбау күнә болғанындай, әмірлерін орындамау да күнә болып табылады. Харам істемеу парызды орындаудан да бұрын келетін болса да, парыздарды орындамаудың күнәсы харам істеу күнәсынан да көп. Мәселен намаз оқымаудың күнәсы арақ ішудің күнәсынан да үлкен.

 

         Хадис шәрифте былай делінеді: «Күнәдан жиіркенетін және ғибадаттан ләззат алатын адамшынайы мұсылман

 

         Дін ғұламалары да былай деген: «Жақсылар да, жамандар да жақсылық жасайды. Бірақ тек сыддықтар, жақсылар ғана күнәдан қашады.»