18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Ғибратты оқиғалар / Сахабалар өмірінен / Анашым! анашым! Бізді Аллаһ көріп тұр

Анашым! анашым! Бізді Аллаһ көріп тұр

Хазреті Омар халифалығы кезінде бір түні қаланың тыныштығын тексеріп, қадағалау үшін көшелерді аралап жүр еді. Қарауытқан түнде келе жатып бір үйден қатты шыққан дауыстарды естиді. Бір ана қызына былай деп жатқан еді:

– Қызым ертеңгі сатылатын сүттерге су араластырып қой!

– Анашым халифа сүтке су араластыруға тыйым салды емес пе?

– Қызым мына түннің уағында халифаның қайдан хабары болсын, ол қазір төсегінде жатыр.

– Анашым! Анашым! Халифа ұйықтап жатыр, хабары жоқ дейсіз! Алайда барлық нәрсені білетін, көріп тұрған, барлық нәрсеге құдіретті Аллаһу та’ала бізді көріп тұр, халімізді біліп тұр! Қулығымызды адамдардан жасыра алармыз, бірақ барлық нәрсені білетін және көретін Аллаһтан қалай жасырмақсыз?  

Хазреті Омар бұл қыздың көркем мінезіне қатты қайран болды. Бұл жағдайды әйеліне де айтып берді. Кейін ол қызды ұлы Асыммен үйлендірді. Асымның бұл әйелден бір қызы болды. Бұл қыздан әділеттілігімен аты әйгілі болған хазреті Омар бин Абдулазиз хан туылды.