Дұғаның қабыл болуы...
Халал табыс таба алу үшін алдымен
ненің халал, ненің харам екенін біліп алу керек. Халал мен харам ашық
білдірілген. Осы екеуінің арасындағы күмәнді нәрселерді білу болса өте қиын.
Күмәнді нәрселерден тыйылмаған адам харамға түседі. Мүмин сүресінің 52-аятында:
«Ей Пайғамбарым! Халал және таза нәрсе жеңдер және маған лайықты ғибадат
жасаңдар!» деп бұйырылған. Тағы бір хадис шәрифте: «Бір
адам еш харам араластырмай қырық күн халал азық жесе, Аллаһу та'ала ол адамның
көңілін нұрмен толтырады. Көңіліне (жүрегіне) өзендердей хикмет ағызады.
Дүниеге деген сүйіспеншілікті көңілінен шығарады.» делінген. - Йа Расулаллаһ! Аллаһу та'ала менің барлық
дұғамды қабыл етуі үшін дұға етіңізші – дегенінде Расулуллаһ алейһиссалам: - Дұғаларың қабыл болуы үшін халал азық
жеңдер! – деп жауап береді. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Жегені мен кигені харам болған көп
адамдар бар. Сол адамдар қолдарын жайып дұға етеді. Мұндай дұға қалай қабыл
болсын?» «Харам жегендердің парыздары да,
сүннеттері де қабыл болмайды.» «Он дирхам (күміс
теңге) тұратын киімнің бір дирхамы харам болса, ол киіммен оқылған намаздар
қабыл болмайды.» «Хараммен қоректенген дене отта жақсы
жанады.» «Мүлкінің харамнан немесе халалдан
келгенін ойламайтындар, Жаһаннамның қай жерінен тасталса да Аллаһу та'ала оларға
жанашырлық танытпайды.» «Ғибадат он бөліктен тұрады, оның тоғыз
бөлігі – халалдан табыс табу.» «Халалдан табыс табу үшін шаршап үйіне
қайтқан адам, күнәсіз болып жатады. Аллаһу та'аланың сүйіктісі болып тұрады.» «Аллаһу та'ала былай деген: Харамнан
қашқандардан есеп сұрауға ұяламын.» «Бір дирхам пайыз алу және беру – отыз
зинадан да артық күнә.» «Харам мүліктен берілген садақа қабыл
болмайды. Егер сақтап қойса, тозаққа барғанша оған
жолдас болады.» «Харам ақшамен садақа берген, мешіт
салдырған, жақсылық істеген адам, кірлеген киімді зәрмен жуған адамға ұқсайды.
Киімі одан сайын кірлейді.» Халал жолмен табыс табудың
маңызын көрсететін көптеген хадис шәрифтер және дін ғұламаларының сөздері бар.
Сондықтан тақуа адамдар харамнан қатты тыйылған. Бұлардың бірі Уаххаб ибни Уәрд
хазреттері. Қайдан келгенін біліп алмай ешнәрсе жемейтін еді. Бір күні анасы
оған бір шыны сүт береді. Сүтті қайдан алғанын, ақшасын қалай тауып төлегенін
және кімнен алғанын сұрайды. Барлығын естігеннен кейін бұл сүт сауылған қой
қайда қоректенгенін сұрады. Мұсылмандардың ақысы өткен бір жерде қоректенгенін
біліп сүтті ішпеді. Анасы: - Ұлым! Аллаһ саған рахмет етсін, іш! –
деді. - Аллаһтың рахметіне күнә істеу арқылы
қауышқым келмейді – деп сүтті ішпеді. Қорыта айтқанда ғибадаттар мен
жасалған дұғалардың қабыл болуы үшін, ауызға кіріп-шыққан нәрселерге қатты мән
беру керек. Яһйа бин Муаз хазреттерінің айтқанындай: «Аллаһу та'алаға мойынсұну қазынаға ұқсайды.
Бұл қазынаның кілті – дұға, бұл кілттің тістері – халал азық.» |