11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Дүние сүйіспеншілігі

Имам Ағзам бір күні шәкірттеріне сабақ беріп жатқанда бір адам келіп,

 

– Саудаға жіберген заттарыңыз артылған кеме суға батыпты,-дейді.

Бұл хабарды естіген имам біраз тұрып, «әлхамдулилләһ» дейді.

Біраздан кейін тағы бір адам келіп,

 

– Мырза бір қателік болыпты, ол кеме сіздің кемеңіз емес екен,-дейді.

   Біраз ойланып, «әлхамдулилләһ» дейді. Шәкірттерінің бірі қызығушылықпен екі хабарға да неге «әлхамдулилләһ» дегенін сұрайды.

  

     – Батқан хабар келген кезде жүрегімді тыңдадым. Ешқандай қынжылу байқалмады. Хабардың қате екенін естігенде де жүрегімді тыңдадым. Ешқандай қуаныш          сезімін байқамадым. Екеуіне де «әлхамдулилләһ» деу себебім дүниелік нәрселерге жүрегімде ешқандай сүйіспеншілік жоқ екенін түсінгендіктен,- дейді.