16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   


Абдулхаким Арваси

Битлис қаласына жолға шыққан бір жас жігіт қыста боранға тап болып жолынан адасып қалады. Әбден қиналып үмітін үзер кезде жалбарынады:

    “Иа Раббым! Осы заманның әулиесін көмегіме жібер!”

    Сол сәтте қара сақалды бір кісі алдынан шығады. Атының тізгінінен ұстап “былай жүретін болсаң қалаға шығасың!” дейді.

    Жас жігіт өзіне жол көрсеткен кісінің жүзін жадына сақтап қалады. 30 жылдан кейін Баязид мешітінде кездейсоқ уағызында болады. “Мен бұл кісіні бір жерден көргенмін” деп ойлайды. Уағыздан кейін мешіттің есігінен шығарда Абдулхаким хазреттерінің жанына барады. Ол сөйлемей тұрып Абдулхаким хазреттері “Битлис жолындағы дауыл есіңе түсті ме?” деп жай ғана құлағына айтады. Ол көз жасын ұстай алмай дереу қолына жабыса кетеді.

Абдулхаким Арваси хазреттерінің айтқандары:

 

·   Көрген әрбір қиыншылығымыз келген пәлекеттер, ашуланудың, еткен зұлымдықтардың және жеген ақылардың жазасы.

 

·   Әулиелердің ғибратты оқиғаларын тыңдау махаббатты арттырады.

Сахабалардың өмір хикаяларын тыңдау иманды қуаттандырады, күнәларды жояды.

 

·   Үнсіз күйімізден пайда аламайтындар, сөйлеуімізден де пайда

аламайды.

 

·   Ұлылардың сөзі, сөздердің ұлысы.

 

·   Ілім надандықты жояды, ақымақтықты емес.

 

·   Адамзат қаншама тер төгіп тырысқанымен жақсы көріп жақсы

көрілмейінше қиыншылықтан және пәлекеттен құтыла алмайды.

 

·   Таза және жаңа киім киіңдер! Барған жерлеріңде жақсы мінездеріңмен,

сөздеріңмен, киімдеріңмен Исламның шырайын және құндылығын көрсетіңдер!

 

·   Хақты жақсы көрмейінше, Хақ та’аланы әмір біліп оған құлшылық

етпейінше адамдар бір-бірін жақсы көре алмайды.

 

·   Қоғамдағы рухани аурулардың себебі иман кемшілігінен туындайды.

 

·   Әулиенің сөзінде илаһи әсер бар.

 

·   Бір уақыт намазымды жоғалтқаннан гөрі бүкіл дүниені жоғалтуды

қалаймын.

 

·   Аллаһу та’алаға сенген адам неден махрұм қалды? Аллаһтан махрұм

қалғандар неге қол жеткізді?