19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Аманатқа қиянат жасамау

Әбу Абдуллаһ Шариф Тлемсани хазірет, аманатқа өте мән беріп қарайтын еді. Бір рет Қусантина қазысы Хасан бин Бадис, Әбу Абдуллаһқа бір қалта алтын аманатқа беріп кетеді. Ол үйіне апарып қояды. Кейін кері сұрағанында үйден алып келе жатып қалтаның бетінде 100 алтын деп жазылып тұрғанын көреді. Қалтадағы алтындар түгел ме екен деген оймен санап шығады. 75 алтын болғанын көріп азайып қалған екен деген оймен өз алтындарынан 25 алтын қосып иесіне береді. Бір-екі күн өткеннен кейін қазы Әбу Абдуллаһқа қайта келіп:

1        Қалтада 75 алтын болуы керек еді, орнына 100 алтын шықты, мұның хикметі не екен?- деп сұрады. Ол былай деп жауап берді:

2        Қалтаны сенен алған кезде ішндегілерді санамаған едім. Саған берер кезде, бетіндегі жазуды оқығаннан кейін санадым. Аз шыққанын көріп өз алтындарымнан 25 қосып, 100-ге толықтырдым. Бұл 25 алтынды жоғалтып алған екенмін деп ойлаған едім.

Мұны естіген Хасан қазының көздеріне жас толып, мұндай адамдардың жер жүзінде бар болуына Аллаһу та’алаға шүкір етті.