10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   


Юнус Эмре

Юнус Эмре – сопылық өкілі, Хаққа ғашық тұлға. Өлеңдері ғасырлар бойы құмартып, ғибратпен оқылған. Қысқасы Орталық Азия халықтары үшін хазреті Ахмет Яссауи қандай орын тұтса, Юнус Эмре де түркиялықтармен балкандықтар үшін сондай қадірлі. Кесенесі Ескишехирдің Михалычжык ауданына қарасты Юнус Эмре деген ауылда. Басқа жерлерде де мазары бар екендігі айтылады.

1948 жылы Анкара-Ескишехир темір жолы салынып жатқан жылдарда жол Юнус Эмренің қабірі үстінен өтетін болғандықтан бұзылатын болды. Бірақ, жұмысшылар қанша тырысса да мұны жүзеге асыра алмайды. Тіпті, бір жолы төселген рельстердің ажырап, 8-10 метр жерге ұшып түскені байқалған.

Осыған орай, жақын жердегі төбеге көшіру ойластырылады. Бұл істі бес адамнан тұратын бір кеңес жоспарлаған еді. Басқа ешкімнің хабары жоқ болатын. Дайындық жұмыстары аяқталады. Ертеңіне таңертең ерте ешкімге айтпастан оны көшіреміз деп ойлайды. Таңертең қабірдің қасына барған бес кісілік кеңес 30 мыңнан астам адамның сол жерге жиналғанын көреді. Бұл адамдар қалай естігенін түсіне алмай қалады. Юнус Эмренің қабірі мұқият түрде ашылады. 700 жыл өтсе де, денесі еш шірімеген. Бір қолы бетінде, бір қолы жүрегінің үстінде, дәл бір ұйықтап жатқан адам секілді еді. Денесі ол жерден алынып, табытқа салынып, 100 метр жердегі мазарға көшірілді. 100 метрлік жерге 3 сағатта әрең жетеді.