23 Наурыз 2017   



Тәйәммум

Тәйәммум топырақпен тазалану деген сөз. Дәрет немесе ғұсыл алу үшiн су табылмаса немесе су болса да қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда таза топырақ, құм және тас сияқты таза нәрсемен ханафи мазһабында тәйәммум етiледi.

Тәйәммум дәрет және ғұсыл үшiн үлкен жеңiлдiк. Дiнiмiзде топырақпен тәйәммум алу сумен дәрет алу сияқты. Дiнiмiз лас нәрселердi топырақпен тазалаудың мүмкiн екендiгiн бiлдiрген.

 

Тәйәммумға себеп болатын жағдайлар:

1. Дәрет және ғұсыл үшiн су табылмау. (қалада әр қашан су iздеу парыз)

2. Су қолдануға кедергі болатын ауру, су қолданғанда суықтан өлу немесе ауырып қалу қаупiнің болуы.

3. Судың қасында дұшпан немесе жыртқыш жануардың болуы.

4. Қамауда болып су қолдана алмау.

5. Өлiммен қорқытылу.

6. Жолаушылап жүргенде iшетiн судан басқа су болмау.

7. Құдықтан су шығаруға мүмкiндiгi болмау.

 

Тәйәммумның парыздары

 

Тәйәммумның үш парызы бар. Дәрет және ғұсыл үшiн тәйәммум бірдей алынады. Тек қана ниеттерi басқа. Дәрет ниетімен алынған тәйәммум ғұсыл орнына жатпайды. Бiрақ сол тәйәммум ғұсылға жарамды болу үшiн ғұсылға да ниет ету керек.

1. Ниет ету.

2. Екi алақанын таза топыраққа сүртіп, бетiн толығымен мәсiһ ету.

3. Қолдарын таза топыраққа ұрып, алдымен оң, сосын сол қолын шынтаққа дейін мәсiһ ету. Тәйәммумның парызы екеу деген ғалымдар да бар. Олар екінші мен үшінші парызды қоса санаған. Екеуi де дұрыс.

 

Тәйәммумның сүннеттерi

 

1. Бисмилламен бастау.

2. Топыраққа алақанын батыру.

3. Алақандарын топырақтың үстiне сүрту.

4. Алақанда топырақ қалса, топырақ төгiлгенге дейiн екi қолдың басбармақтарын қағу.

5. Қолдарын топыраққа қойғанда бармақтарының арасын ашу.

6. Алдымен бетiн, кейін оң, сосын сол қолын мәсiһ ету.

7. Дәрет алғандай тез алу.

8. Қолдарында және бетiнде мәсiһ етiлмеген жер қалмау.

9. Тәйәммумнан бұрын үміт еткен жерлерден су iздеу.

10. Қолдарын топыраққа ұрып, қаттырақ батыру.

11. Қолдарын жоғарыда айтылғандай мәсiһ ету.

12. Бармақтарының арасын мәсiһ ету және де сақинасын айналдыру.