11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Құрыдым, масқара!

Жұмысқа жаңадан кірген жас инженер жиналыс кезінде үстел үстіндегі газетке қарап отырып, кенеттен орнынан ұшып тұрып «Құрыдым, масқара» деп, жүгіріп бөлмесіне кіріп кетеді де есігін құлыптап алады.

Барлығы не болғанын білмей абдырап қалады. Фирма басшысы жиналысты тоқтатып:

– Оған бір нәрсе болып қалды ма? Абайлаңдар, өзін өлтіріп жүрмесін,- деп алаңдаушылық білдіреді.

Қалғандары өз пікірлерін айта бастайды:

– Білесіздер, бүгін биржа тұрақсыздыққа ұшырады. Оның үлкен үлесі болған шығар.

– Пайыз бен репо болуы да мүмкін. 200 пайыздан асты.

– Кеше доллар ауыстыратынын айтқан болатын. Бүгін доллар курсы күрт көтеріліп кеткендіктен миллиардттар жоғалтқан болуы керек.

– Сіздер қателесесіздер. 3 күн бұрын аванс алған болатын. Мұндай нәрселерден проблемасы жоқ. Не болса да әйелімен ұрысқан шығар.

– Солай. Әйелін кеше көрдім. Дөрекі біреу болатын.

Фирма директоры:

– Әңгімемен уақытты жоғалтпайық. Бір сәтте тапаншаның даусы шығуы мүмкін іштен.

Директордың сөзінен кейін фирманың барлық қызметкерлері инженердің есігіне барады. Директор жылы сөзбен:

– Инженер мырза,- дейді, -Бауырым. Қате әрекет істеме. Білесің, бұл дүние өткінші. Бір күні онсыз да өлеміз.

Инженердің бөлмесінің есігі болаттан жасалғандықтан не істесе де сынбайды. Іштен ешқандай дыбыс та шықпайды. Өрт сөндірушілерге хабар беріледі. Алтыншы қабаттағы бөлменің терезелерінің астына брезент маталар керіліп, теледидар операторлары тікелей эфир түсіруге дайындалып, адамның сыртқа секіруін тілеп тұрады. Инженер 10 минуттан кейін есікті ашады. Жүзі нұрланып тұрып, ешнәрседен хабарсыз түрде есіктің алдындағы тобырға қарап:

– Екінді намазының уақыты өтіп кетуге сәл-ақ қалыпты, достар. Әйтеуір, үлгердім-ау деп жауап береді.