24 Ақпан 2017   


  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Тәйәммум қалай алынады?

Тәйәммум қалай алынады?

1.       Алдымен жүнiптiктен немесе дәретсiздiктен тазалану үшiн ниет етiледi. Тәйәммуммен намаз оқу үшiн тек қана тәйәммумға ниет ету жеткiлiктi емес. Ғибадатқа, мысалы, жаназа намазы, тиләует сәждесiн жасауға немесе дәрет, ғұсыл үшiн тәйәммум алуға ниет ету керек. Тәйәммумға ниет етерде дәрет не ғұсылға бөлек ниет ету керек. Жүнiптiктен тазалану ниетiмен алынған тәйәммуммен намаз оқуға болмайды. Дәрет үшiн тағы бiр  рет тәйәммум алу керек.

2.       Екi жеңін шынтағынан асыра қайырып, екi алақанын таза топыраққа, тасқа немесе әктелген дуалға сүрту керек. Сосын кемінде үш саусағы тиетіндей етіп екi алақанымен бетiн бiр рет мәсiһ етеді. Қолы бетiнің инедей жеріне тимей қалса тәйәммум болып есептелмейді.

       Бетiн толық мәсiһ ету үшiн, алақандарын ашып, төрт бармағын бірлестіріп, саусақтарының ұштарын бiр-бiрiне тигiзiп, маңдайдың үстінен жаққа қарай сипап түсiредi.

3.       Екi алақанын тағы да топыраққа сүртiп, бiр-бiрiне соғып, топырағын сiлкiп түсiрген соң алдымен сол қолының төрт бармағының iшiмен оң қолының үстiңгi жағын саусақтардан бастап шынтаққа дейiн сипау керек. Сосын қолының астыңғы жағын шынтақтан саусақтарға қарай сипау керек. Сол қолын да дәл осылай iстеу керек. Сақинасын айналдыру керек. Қолда топырақтың шаңы қалу шарт емес. Дәрет және ғұсыл үшiн тәйәммум бiрдей алынады.

 

Тәйәммумды бұзатын жағдайлар

 

Тәйәммумды керек ететін үзір халі бiтіп, су табылған соң, дәрет және ғұсыл бұзатын басқа да жағдайларда тәйәммум да бұзылады.