23 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Тауық етін жеу

Тауық етін жеу

Сұрақ: Тауықтың жемдеріне қан араластырылатыны айтылып жатады. Мұндай жем жеген тауықты жеу жаиз ба?

Жауап: Көрмей тұрып, кесіп айту, үкім беру дінімізде жаиз емес. Бір нәрсенің нәтижесі өз көзімен көріп немесе салих, әділ мұсылманның айтуымен белгілі болады. Бірақ, сұрастырып-іздестірудің қажеті жоқ. Нарықтағы тауықтардың бір бөлігіне ондай қулық жасалып жатқандығы байқалса да, қалған бөлігіне де сондай қулық жасалып жатқандығы нақты айтыла алмайды. Бір тауықтың нәжіс жегені нақты білінген кезде, ол тауықты үш күн бөлек жерде ұстап, таза (нәжіс емес) жеммен бағылады. Осы үш күнде тауықтың ішіндегі нәжіс химиялық өзгеріске ұшырайды. Үш күннен кейін бұл тауықты жеу халал болады.

 

Нәжіс болған шарап та химиялық реакция нәтижесінде сірке суына айналғанда таза болады. Шошқа майынан немесе басқа да нәжіс майлардан жасалған сабын таза болады. Барлық химиялық өзгерістер осылай болады. (Рәддул Мухтар, Садати Әбәдийа)

 

Сұрақ: Сойылған тауықтар жүні оңай жұлынуы үшін ыстық суға салынады. Мұндай тауықтарды жеу жаиз ба?

Жауап: Іші кесіп тазаламай тұрып қайнап тұрған суға салынса нәжіс болады. Ондай тауықты жеу харам болады. Егер, қарнын жарып, ішін жуып, тазалағаннан кейін қайнаған суға салынса, жүндеріне нәжіс тимеген болса жеу халал болады. (Әбуссууд фәтуасы)

 

Қайнамаған ыстық суға салынған іші (қарны) босатылмаған тауықтың, тек терісі ғана нәжіс болады. Мұндай тауық ішін босатқаннан кейін үш рет суық сумен жуылса, барлық жері таза болады. Малдың ішек-қарны да үш рет жуылса таза болады. (Рәддул Мухтар)

 

Қалай сойылғаны, қалай пісірілгені, нәжіс екені нақты білінбесе, жеу күнә болмайды. (Әшбах)

 

Сұрақ: Естуім бойынша, кейбір соятын жерлерде пышақтарына “бисмилләһ” сөзін жазып алып, сол пышақпен сояды екен. Ал кейбір жерлерде соятын техникаға “бисмилләһ” деп жазып қояды екен. Кейбір құс соятын жерлерде де таңертең бір рет бисмилләһ айту кешке дейін сол жерде сойылатын тауықтардың барлығына жеткілікті делінеді екен. Бұлай сойылған тауық пен басқа да жануарларды жеуге бола ма?

Жауап: Барлық діни кітаптарда сойылатын әр бір жануар үшін бөлек-бөлек бисмилләһ айтылуы керек делінген.

 

Үй жануары мен жабайы жануарлардың сойылуы әртүрлі. Аңшы қоянды, кекілікті атайын деп жатқанда, аңға таз итін салғанда, кекілікке, бөденеге бүркіт салғанда бисмилләһ сөзін айтумен ол жануар дінге сай сойылған болады. Бірақ, тауыққа бисмилләһ деп оқ атылса, ол тауық желінбейді. Өйткені тауықты ұстап сойып алуға мүмкіншілік бар.

 

Үлкен фермаларда мыңдаған тауық бірден сойылатын болса, әр тауық сойылатын жерге әкелінгенде (қойылғанда) бисмилләһ айту керек. Тауық соятын техниканың түймесіне (кнопкаға) басқан кезде де бисмилләһ деп айтылса жеткілікті болады. Өйткені әр тауық бисмилләһпен (қойылды) әкелінді.

 

Сұрақ: Мына жақта тауықтардың аузына пышақ тығып миларын бөлшектеп өлтіреді екен. Бұлай сойылған тауықтарды жеу жаиз ба?

Жауап: Бұлай сойылған тауықтарды мұсылмандардың жеуі жаиз болмайды. (Тахтауи)

 

Сұрақ: Анализге қан алғанда өлген тауықты жеу жаиз ба?

Жауап: Жаиз емес.

 

Сұрақ: Арам өлген тауықтың ішінен шыққан жұмыртқаны жеуге бола ма?

Жауап: Болады.