18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Харамнан құтылудың ең қысқа жолы

Харамнан құтылудың ең қысқа жолы

Сұрақ: Харамнан құтылудың ең қысқа жолы не?

Жауап: Әрбір мұсылманның дініміздің әмірлеріне мойынсұнып, тыйым салған нәрселерінен қашуы керек. Харамдардың барлығынан қашу өте қиын. Бірақ  Имам Раббани хазреттің білдірген жолымен діннің әмірі мен тыйымдарына мойынсұну жеңіл болады. Ол да салихтармен (жақсылармен), садықтармен (сөзде, амалда және ниетінде дұрыс болғандармен) бірге болу. Тәубе сүресінің 119-аятында:

«Аллаһтан қорқып, садықтармен бірге болыңдар!» деп бұйырылған.

 Хадис шәрифтерде де былай делінген:

 

«Ғалымның жүзіне қарау – ғибадат.» (Әбу Дауд)

 

 «Ғалымның қасында болу – ғибадат.» (Дәйләми)

 

«Харамдардан тыйылатын кісімен бірге отыру – ғибадат.» (Дәйләми)

 

Жақсылармен бірге болған адам жақсы, жамандармен бірге болған адам да жаман болады. Бір аяти каримада былай делінген:

«Кәпірлермен бірге отырмаңдар, әйтпесе сендер де солар сияқты боласыңдар.» (Ниса 140)

 

Зәру (мәжбүр) жағдай болмайынша кәпірлермен, бидғатшылармен бірге отыру жақсы емес. Аллаһ адамдарымен, әулие құлдарымен, салих ғалымдармен әрдайым бірге болуға тырысу керек. Өйткені хадис шәрифте былай делінеді:

«Олармен бірге болған адам шақи (тозақтық) болмайды.» (Бұхари)

 

Алайда салих ғалым және әулиені таба алмаған адам не істейді?

Бұл жөнінде де былай делінген: “Оларды таба алмаған адам кітаптарын оқыса, бұлар да шақи (тозақтық) болмайды.” деп бұйырылған. Олай болса, әһли сүннет ғалымдарының кітаптарын үлкен ниғмет деп біліп, оқуға тырысу керек. Хадис шәрифтерде:

«Аллаһу та’ала былай деп бұйырды: “Менің әулие құлым мыналар: Мен еске алынған кезде, олар еске түседі. Ал олар еске алынған кезде, Мен еске түсемін.” (Әбу Нуайм)

«Әулие кісіні көргенде Аллаһу та’ала еске түседі.» (Ибн Мажә)

 

Бір салих кісінің ұлына айтқан насихаты мыналар:

Ұлым, салихтермен бірге бол! Егер ілім иесі болсаң, ілімің оларға пайдалы болады. Ал егер ілім иесі болмасаң, олардан бір нәрселер үйренесің. Аллаһу та’аланы еске алмайтын адамдармен бірге болма! Ілім иесі болсаң да, сенің іліміңнің оларға пайдасы тимейді. Ілім иесі болмасаң, одан бетер зиян шегесің. Егер Аллаһу та’ала оларға ашуланса, олармен бірге сен де құрисың. Жақсылармен бірге болған кезіңде Аллаһу та’ала оларға мейірімділік етсе, лайық болмасаң да, сен де сол мейірімділіктен пайдаланасың. Пайғамбарымыздан кімдермен бірге болу керектігі сұралған кезде былай деп жауап берді:

«Көрген кездеріңде естеріңе Аллаһу та’аланы салатын, сөздері ілімдеріңді арттыратын, ілімі ахыретті ойлауыңа көмектесетін адамдармен бірге болыңдар!» (Әбу Яла)

 

Арштың астында былай жазылған:

«Бір адам салихтер секілді амал етсе, бірақ күнәһарлармен бірге жүрсе, жақсы амалдары босқа кетіп, қиямет күні жамандармен бірге тіріледі. Ал бір адам жамандардың амалындай амал етсе, бірақ салихтерді жақсы көрсе, олармен бірге болса, күнәлары жақсылыққа айналып, қияметте жақсылармен бірге тіріледі.» (Қаб-ул-Аһбар)

 

Салих досты тапқан кезде, оған қажетті құрмет-ізетті көрсету керек. Оның жаны мен мал-мүлкін өзіңнің жаныңмен малыңнан да жоғары қою керек. Кемшіліктерін іздемеу керек, кемшілігі болса да көрмеу керек және ешкімге айтпау керек. Тіпті ұмытып кету керек. Айтқан сөзіне қарсы шықпау керек, онымен тартыспау керек. Сыртынан жамандаған адам болса, лайықты түрде үнін өшіру керек, өкпелететін немесе ренжітетін сөз сөйлемеу керек. Суи занда (жаман ойда/күмәнде) болмау керек, орынсыз іс-әрекеттерін көргенде қателескенге немесе ұмытшақтыққа жорамалдау керек. Яғни ақтайтын бір себеп іздеп, кінәсіз деп табу керек. Өйткені жақсы мінезді адам, адамдарға кешірімшіл болады. Олардың кемшіліктерін ортаға шығармайды, туралықпен әрекет етеді, бірақ өзгелерден бұл туралықты күтпейді. Осындай достың жақсы көрген адамдарын да жақсы көру керек, жек көргендерінен де ұзақ тұру керек. Оны өзіне дос және бауыр деп білу керек. Оған құрмет көрсетпейінше, ілімінен де пайдалана алмайды.

 

Құтылудың оңай жолы

Сұрақ: Нәпсінің шайтанның азғыруынан және күнәлардан құтылуының оңай жолы бар ма?

Жауап: Әлбетте бар. Оның жолы – бұл жолда құтылған адамдарды жақсы көру және олармен бірге болу. Екі хадис шәрифте былай делінген:

 

«Салихтермен бірге болған адам шақи (тозақтық) болмайды.» (Бұхари)

 

«Харамдардан тыйылатын кісінің қасында отыру – ғибадат.» (Дәйләми)

 

Мұндай заманда осындай салих құлдарды табу өте қиын болғандықтан олардың кітаптарын тауып оқу керек. Әһли сүннет итиқадында болмаған және тура жолда жүрмеген адам салих бола алмайды.