23 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Тамақтану әдебі

Тамақтану әдебі

Сұрақ: Тамақтану әдебі жайында мәлімет бересіз бе?

Жауап: Тармақтарға бөліп білдірейік:

 

Тамақты бастар алдында ниет ету:

Тамақты бастар алдында Аллаһу та’алаға ғибадат ету, Аллаһу та’аланың құлдарына пайдалы болу, Аллаһу та’аланың дінін, мәңгілік бақыт және тыныштық жолын барлық адамдарға тарату үшін күш-қуат жинауға деп ниет ету керек.

 

Тамақтанудың парыздары:

1-   Жеген кезінде тоюды және ішкен кезінде қануды Аллаһу та’аладан деп білу.

2-   Халалдан тамақтану.

3-   Жеген тамақтың қуаты жұмсалғанға дейін Аллаһу та’алаға құлшылық ету.

4-   Қолындағы барға қанағат ету.

 

Сүннеттері:

1-   Тамақты “бисмилләһ” айтып бастау (қасындағылардың естеріне түсіру үшін дауыстап айтуға болады.)

2-   Тамақтың соңында әлхамдулилләһ деу.

3-   Тамақтан бұрын және соңында қолдарды жуу (тамақтан бұрын қол жуғанда алдымен жастар, ал тамақтан кейін алдымен үлкендер бастап жуады.)

4-   Оң қолмен ішіп-жеу.

5-   Ыдыстың шетінен бастау, өз алдынан жеу.

6-   Оң аяқтың тізесін бүгіп, сол аяқтың үстіне отыру (отырғанда бір нәрсеге сүйену, басы ашық күйінде жеу жаиз.)

7-   Тамақты тұзбен бастап, тұзбен аяқтау (тұзбен бастап, тұзбен аяқтау шипа болады. Тамақты нанмен бастап, нанмен аяқтап, нандағы тұзға ниет етілсе, бұл да сүннеттің орнына өтеді.)

8-   Қолмен желінетін тағамдарды үш саусақпен жеу.

9-   Қарбызбен нан жеген кезде, нанды оң қолымен, қарбызды сол қолымен жеу.

10- Ыдыста қалған жұғынын сыйырып жеу (компот, айран секілді сусындардың қалдығына су құйып, шайқап ішу үлкен сауап. Қалып қойғанын кейін жеп-ішу шартымен табақта, стаканда қалдыру жаиз. Расулуллаһ алейһиссалам мүминнен артылған тамақты жегенді жақсы көретін.)

11- Қолды жумас бұрын немесе майлықпен сүртпес бұрын саусақтардағы тамақ қалдықтарын жалау.

12- Соңында тістерді мисуакпен немесе тіс тазартқышпен тазалау. Тістердің арасынан шығарылған қалдықтарды жұтпау керек. (Тістерді оңаша жерде тазалау керек. Дастарханда отырған адамдарды жиіркендірмеу керек.)

 

Мүстаһабтары:

1- Дастарханды жерге жаю.

2- Дастарханға таза киіммен отыру.

3- Арпадан жасалған нан жеу.

4- Нанды екі қолмен бөлу. Нанды пышақпен турағанда, үзім халіне келтірілмейді.

Тамақты басқаға, кәрі кісіге даярлаған кезде оның жей алатындай етіп үзім халіне

келтіруге болады. Піскен етті пышақпен турамау керек.

5- Дастархандағы нан ұсақтарын ысырап етпеу, мүмкін болса жеу керек, болмаса

жануарларға беру керек.

6- Дастарханда сірке суы болуы.

7- Үзімдер, жұтымдар кішкентай болуы керек.

8- Жақсылап шайнамай тұрып жұтпау.


Мәкрухтары:

1- Сол қолмен ішіп-жеу.

2- Жейтін тамағын иіскеу.

3- “Бисмилләһ” айтпау (тамақтың ортасында болса да еске түскенде “бисмилләһ”ты айту керек.)

4- Тамақтану кезінде сөйлемеу (Тамақтанғанда сөйлемеу отқа табынатындардың әдеті. Қуанышты нәрселер айтып отыру керек.)

5- Ыдысты, табақты нанның үстіне қою. Қолын, пышақты нанға сүрту (Егер бұл нан желінсе мәкрух болмайды.)

6- Көгерген нан, иістенген тамақ пен су мәкрух.


Харамдары:

1- Тойғаннан кейін жеу (Қонақ бар болса, оның тамақ жеуіне кедергі болмау үшін тамақ жеп отырғандай болу керек.)

2- Дастарханда харам нәрселер (сазды аспап, бөтен әйел, ішімдік, құмар) болуы.

3- Тамақты ысырап ету (азық-түліктерді қажетіне жететіндей етіп өлшеп алу керек. Өлшеусіз көп алу ысырап болады.)

4- Харам нәрсе жегенде бисмилләһ айту.

5- Қонаққа шақырусыз бару.

6- Басқаның мүлкінен рұқсатсыз жеу.

7- Зиянды нәрселерді жеу.

8- Өзі атаған малының етінен жеу.

 

Басқа да маңызды жайттар:

1- Нанның ішін жеп, сыртын тастау, піскен жерін жеп, қалған жерін тастау ысырап болады. Қалғанын басқа біреу жесе немесе малға берілсе ысырап болмайды.

2- Жол үстінде, түрегеп тұрғанда, жүріп бара жатқанда жеп-ішпеу керек.

3- Оңға, солға, аспанға қарамау, алдына және тамағына қарау.

4- Тамақ ішкенде аузын қатты ашпау.

5- Қолды үсті-басына сүртпеу, қасынып, шұқыланбау.

6- Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды жауып жанына қарай бұрылу.

7- Шақырмастан бұрын дастарханға отырмау керек.

8- Дастарханда адамдардан көп жемеу.

9- Аш кезде де ақырын жеу.

10- Алдымен үлкендер бастауы керек.

11- Үштен көп “тамақтан алыңыз!” деп айтып, қонақты ыңғайсыздандырмау.

12- Үй иесінің дастарханға отырмай қызмет етуі жаиз. Бірге тамақ жеген кезінде қонақтары тоймай тамақтан қолын алмауы керек.

13- Тамақта қорқынышты және жиіркенішті нәрселер айтпау. Өлім, ауру, жаһаннам туралы айтпау керек.

14- Қонақ дастарханға қойылған тамақтарға жұрттың назарын аударатындай қарамауы керек.

15- Ауыздағын жұтпай тұрып қолына басқа үзім алмау.

16- Тамақтың арасында бір нәрсе үшін, тіпті намаз үшін дастарханнан тұрып кетпеу. Намазды тамақтан бұрын оқып алу керек. Егер дайын тамақ суып қалатындай немесе бұзылатындай болса және намаз уақыты тамақтан кейін де оқуға қолайлы болса, бірінші тамақтану керек.

17- Тамақ әкетілген соң дастарханнан тұру.

18- Үй иесінің қонаққа нан ұсынуы және қолына су құюы жақсы болады. Қазір кран болғандықтан қонақтың қолына су құюдың қажеті жоқ. Қолын сүртуі үшін сүлгі ұстап тұрса болады.

19- Тамақтан кейін үй иесіне Аллаһу та’аладан береке, мейірім және кешрім тілеп дұға етіледі. Кетер кезде үй иесінен рұқсат сұралады. Сіздер де бізге келіңіздер делінеді.

20- Ауызда және қолда ет, тамақ иісі бар күйде жатпау.

21- Балалардың да қолын жуу.

22- Тоқ күйде жатпау.

23- Тағамдардың, сусындардың бетін жабық ұстау.

24- Өзеннен, хауыздан еңкейіп ауызбен су ішпеу.

25- Іші көрінбейтін шәйнек, құмыра, құман секілді ыдыстардың аузынан ішпеу. Суды стаканға құйып ішу.

26- Стакан, кесенің сынық жерінен және сабы жағымен ішпеу.

27- Кешке жатарда тағамдардың, сусындардың бетін жабу.

28- Мұсылманның, әсіресе салих кісілерден артылған тамақты ішу берекелі болады.

29- Қажеттіліксіз (мәжбүр болмайынша) пасықтармен бірге ішіп-жемеу.

 

Ыстық күйде ішіп жеудің зияндары:

1- Құлағы керең болуға себеп болады.

2- Жүзі сарғаяды.

3- Көздерінде нұр болмайды.

4- Тістері сарғаяды.

5- Аузының ләззаты болмайды.

6- Қарны тоймайды.

7- Түсінігі азаяды.

8- Ақылы аз болады.

9- Ауруға себеп болады.

 
Аз жеудің пайдалары:

1- Дене қуаттанады.

2- Жүрек нұрланады.

3- Есте сақтау қабілеті күшейеді.

4- Күнкөріс жеңілдейді.

5- Істеген ісінен зауқ алады.

6- Аллаһу тааланы көп зікір еткен болады.

7- Ахыретті тәфәккур етеді (ойланады).

8- Ғибадаттарының ләззаты артады.

9- Барлық нәрсеге (қабілеті) үйлесімділігі артады.

10- Есебі оңай болады.

 

Хадис шәрифте: «Жақсылықтардың басы – аштық. Жамандықтардың басы – тоқтық» делінген. Тамақтың ләззаты аштықтың көптігіне қарай артады. Тоқтық адамды ұмытшақ қылады. Көңілді соқыр етеді. Спиртті ішімдіктер секілді қанды бұзады. Аштық ақылды тазалайды, көңілді нұрландырады.

 

Хадис шәрифте: «Адамның жүрегі – егістіктегі егін сияқты. Жеген тамағы – жаңбыр сияқты. Артық су егінді шірітіп жіберетініндей, артық тамақ та көңілді өлтіреді.» делінген.  Тағы бір хадис шәрифте былай делінген: «Көп жеп, көп ішкен адамды Аллаһу та’ала жақсы көрмейді.» Көп тамақ жеу – аурулардың басы. Аз жеу (диета) – шипаның басы.

 

Асқазанның үштен бірін жейтін нәрселерге, үштен бірін ішетін нәрселерге ажырату керек. Қалған үштен бірін ауаға ажырату, яғни бос қалдыру ең төменгі дәреже болып саналады. Ең жақсы дәреже – аз жеу және аз ұйықтау.


            Су ішудің әдебі

Суды оң қолмен ішу керек. Ішетін суға қарап, сосын ішу керек. Суды үш жұтыммен ішу керек. Тыныс алғанда ауаны суға қарай емес, сыртқа беру керек, яғни дем алғанда ауызды стаканнан алу керек. Жазда салқын су ішкен жақсы. Өте мұздай су ішпеу керек. Расулуллаһ алейһиссалам салқын шербет ішкенді жақсы көретін еді. “Түрегеп тұрып ішпеңдер” деп айтатын еді. Зәмзәм суы, дәреттен артылған су және дәрі ішетін су түрегеп тұрып ішіледі. Жолаушы барлық суды түрегеп тұрып іше алады. Аш қарынға су ішпеу керек. Суды ақырындап, асықпай ішу керек. Ауыз толтырып, судың барлығын бір жұтыммен ішпеу керек. Қайнап тұрған нәрсені суытып ішу керек. Суға бір нәрсе түсіп кетсе, саусақпен немесе шимен алу оңай болса алу керек. Болмаса судың бір бөлігін төгу арқылы кетіру керек.

 

Хадис шәрифте: «Күнәсі көп адам көп су таратсын!» делінген. Көп адамға су беретін кезде алдымен ғалымдарға, сосын үлкен кісілерге, ең соңынан кішкентай балаларға беріледі. Ішкенде, жегенде, жүргенде, отырғанда да осы рет сақталады. Өзі соңынан ішу керек. Қасында отырғандарға бір нәрсе берерде өзінің оң жағында отырған адамнан бастайды. Ол да оң жағындағысына беру арқылы жалғасады. Оң жақтағы адамның рұқсатымен бірінші сол жақтағы адамға берілсе де болады. (С. Әбәдийа)

 

Сұрақ: Ішіп жеудегі сүннет не?

Жауап: Тоймастан бұрын дастарханнан тұру, қарын ашпастан және дастарханнан тыс жерлерде тамақ желінбейді. Суды кез келген уақытта ішуге болады.

Сұрақ: Тамақты тұзбен бастау сүннет па?

Жауап: Тамақты тұзбен бастап, тұзбен бітіру сүннет. Нандағы тұзға ниет етілсе де бұл сүннет орындалған болады. (Ғунийа)

 

Хадис шәрифте былай делінген:

«Йа Әли, тамақты тұзбен баста!» (Шира)

«Тамақты тұзбен бастап, тұзбен бітірген адамның денесінен Аллаһу та’ала жетпіс ауруды кетіреді.» (Р. Насихин)

 

Сұрақ: Су немесе шай ішкенде бір бөлігін қалдыру немесе тамақ жеген кезде түбіне аз тамақ қалдыру дұрыс па?

Жауап: Дұрыс емес. Барлығын ішіп-жеу керек. Өйткені Расулуллаһ алейһиссаламның алдына қойылған тамақтан мүлдем артылмайтын еді. (И. Әбиддүнийа)

 

Сұрақ: Шанышқыны (вилка) нанға және ұннан жасалған өнімдерге шаншудың зияны бар ма? Нанды қорлаған болып саналмай ма?

Жауап: Бұлар әдетке жатады, зияны жоқ. Бірақ жайдан-жай, зауқ үшін шаншылмайды. Қажеттілік кезінде жаиз болады. Шанышқыны нанға шаншуды әдетке айналдырмау керек.

 

Сұрақ: Орындыққа арқамызды сүйеп тамақ жеген дұрыс па? Әлде сүйенбей жеген абзал ма?

Жауап: Дастарханға әдепті түрде отыру және дастарханнан тұрып кеткенге дейін осы әдепті сақтау керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам жерге төселген дастарханға кейде тізерлеп отыратын, кейде оң аяғын бүгіп, сол аяғының үстіне отыратын еді және былай дейтін:

«Сүйеніп отырып тамақ жемеймін! Мен тек Аллаһу та’аланың құлымын. Құлы қалай жесе, солай жеймін. Қалай отырса, солай отырамын.» (Бұхари)

 

Сүйене отырып тамақ жеу харам немесе мәкрух емес. Өзгелердің қасында үзірсіз сүйену әдепке жат нәрсе. Орындыққа арқаны сүйеніп тамақ жеудің де зияны жоқ. Тәкаппарланып тамақ жеу де дұрыс емес. Сүйеніп отыру өзіне ыңғайлы болса, сүйеніп отыра береді. Маңызды болғаны адамдарға тәкаппарланбай, менсінбеушілік етпей, ыңғайлы отыру.

 

Сұрақ: Көп су ішу денсаулыққа зиян ба?

Жауап: Иә, дін кітаптарында көп су ішу зиян делінеді. Дәрігерлер былай дейді: Көп су ішетін болса, адам денесі сумен уланады. Жүрек жетімсіздігі (демікпесі), ісіну пайда болуы мүмкін. Барлық нәрсенің шамадан артық мөлшері зиянды болып табылады. Бүйректерден бөліну жылдамдығынан артық су алынса, денеде жиналып, ісік пен кан қысымын арттырады. Бірақ несеп ағар жолымен шыға алатын болса, ешқандай ауырлық тудырмайды. Денеге күнде шығаратын зәр мөлшерінен 600-700 гр сұйықтық артық алынуы мүмкін. Адам күніне 2 л зәр шығаратын болса және 6 л су ішсе, мұның 1 л тер және өкпе жолымен шықса, қалған 3 л сұйықтық денеде қалады. Бұл да адамның денесінде артық мөлшерде сұйықтық жиналуына, қан айналу және тыныс алу жүйелерінің бұзылуына жол ашады. Көп су ішуді қажет ететін жағдайлар да бар.

 

Сұрақ: Оң жақтан бастамау, суды түрегеп тұрып ішу бидғат болмай ма?

Жауап: Пайғамбарымыздың оң жақтан бастау, антари (шапан) кию секілді әдет ретінде жасаған нәрселерін жасамау бидғат болмайды. Бұларды жасау не жасамау елдердің және адамдарының әдет-ғұрыптарына байланысты нәрсе, бұлар діни үкімдерге жатпайды. Әр елдің өмір сүру салты, әдет-ғұрыпы әр түрлі болады. Тіпті кейбір елдердің әдет-ғұрыптары уақыт өте келе өзгереді. Сонымен қатар әдет-ғұрыпқа байланысты нәрселерде де, яғни зәуаид сүннеттер (әдептерде) де (бір үзір жоқ болса) Расуллуллаһ алейһиссаламға мойынсұну дүние мен ахыретте көп сауаптар жинауға және бақытты болуға жол ашады. (Мәктубат-и Раббани 2/55)

 

Әдеттерге қатысты сүннеттерге де қолымыздан келгенше мойынсұнуға тырысу керек. Алайда ұмыту немесе жалқаулықпен жасай алмаса, мәкрух болмайды. Солақай адамның сол қолымен жұмыс істеуі мәкрух емес.

 

Сүннәти зәуаид:

Расуллуллаһ алейһиссаламның ғибадат ретінде емес, әдет ретінде үнемі жасаған нәрселеріне “зәуаид сүннеттер”деп айтылады. Зәуаид сүннеттерді тәрк ету мәкрух болмайды. Пайғамбарымыздың киіну түрі, антари киюі, жақсы нәрселерді оң жағымен бастауы, оң қолымен ішіп жеуі, суды отырып ішуі секілді нәрселер зәуаид сүннеттерге жатады.  (Рәдд-ул Мухтар)

 

Хадис шәрифте былай делінген:

«Әдеттерге қатысты сүннеттерге мойынсұну құнды, тәрк ету қателік емес.» (Мухтар-ул ахадис)

 

Сұрақ: Жеміс-жидекті тамақтан кейін жеу керек па?

Жауап: Жергілікті әдетке және кісінің жағдайына қарай өзгереді. Жалғыз болса, бірінші тамақ жегені жақсы болады.

 

Сұрақ: Құмыраның ішіне қарамастан көтеріп ішуге болмайды. Үш литрлік шыны ыдыстардан көтеріп ішу жаиз ба?

Жауап: Іші көрінетіндігі үшін жаиз.

 

Сұрақ: Кішкентай стаканмен су ішкен кезде, әр стакандағы суды әр демде ішу үшін, үш стакандағы суды бірінен соң бірін ішуге бола ма?

Жауап: Болады.

 

Сұрақ: Зәмзәм суын түрегеп тұрып ішу керек па?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Арықтау ниетімен аш қарынға су ішу жаиз ба?

Жауап: Жаиз.

 

Сұрақ: Жұмыс қарқынын бәсеңдетпеу үшін түрегеп тұрып шай ішу жаиз ба?

Жауап: Жаиз.

 

Сұрақ: Зәмзәм суын ішкенде бастың жабық болуы абзал ма?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Солақай адамның сол қолымен ішіп-жеуі жаиз ба?

Жауап: Жаиз.

 

Сұрақ: Ауызға жағылған нәрсені нанмен сүртіп жеу жаиз ба?

Жауап: Жаиз.

 

Сұрақ: Қонақ қасындағы қонаққа алдына қойылған жемістен және тамақтан тарту ете ала ма? Үйіне де алып кете ала ма?

Жауап: Үй иесінің разы екендігі аңғарылса, жаиз болады.

 

Сұрақ: Қонаққа барған кезде алдымызға қойылған асты рұқсатсыз бастаудың зияны жоқ па?

Жауап: Алдыңызға қойылғанына қарағанда рұқсатсыз бастауға болады. Бірақ үй иесінің бірінші бастауы сүннетке сай болады. Немесе сол қауымның әмірі, ақсақалы бар болса, сол бастайды немесе ғалым, құрметті кісілер де бастаса болады. Хадис шәрифте былай делінген:

«Дастархандағы тамақты ең бірінші сол елдің әмірі немесе үй иесі немесе қауымның жақсысы бастасын.» (Ибн Асакир)

 

Сұрақ: Етті және нанды пышақпен турау жаиз ба?

Жауап: Нанды пышақпен турау жаиз. Алайда үзім халіне келтірмеу керек. Етті пісірген адамның немесе піскеннен кейін тамақ дайындаған адамның пышақпен турауының да зияны жоқ. Дастархандағы етті де кішкентай үзім халіне келтіру үшін пышақпен турамау керек. Егер етті майдаламай жей алмайтын адам болса, дайындалған кезінде үзім халіне келтіріледі.

 

Сұрақ: Жейтін, ішетін, дәрет алатын кезде “бисмилләһ” айтуды ұмытқан адам бастап қойғаннан кейін “бисмилләһ” айтса, сүннетті орындаған бола ма?

Жауап: Тамақ жейтін кезде “бисмилләһ” айтуды ұмытқан адам кейін айтса да басынан айтқан болады. Алайда дәрет алатын кезде ұмытып, кейін айтса, басынан айтқан болып саналмайды. (Нимәти Ислам)

 

Сұрақ: Көшеде адамдар арасында бір нәрселер ішіп-жеуге бола ма?

Жауап: Жақсы емес.

 

Сұрақ: Су ішкен кезде мән беруі керек болған нәрселер нелер?

Жауап: Суды бір жұтыммен емес, үш жұтыммен ішу керек. Терлеп тұрғанда мұздай су ішпеу керек. Ұйқының арасында су ішпеу керек. Және де көп су ішпеу керек. Бұлар денсаулыққа зиян. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Суды түрегеп тұрып ішпеңдер, денсаулыққа зиян. Тек дәреттен артылған су және зәмзәм шәриф түрегеп тұрып ішіледі.» (Әййухәл уәләд илмихалы)

 

Шақырған жерге бару

Сұрақ: Үйлену тойына немесе ауыз ашарларға шақырғанда барамыз. Кейбір жерлерде тек байлар, бастықтар және атақты адамдар ғана болады. Қарапайым адамдар болмайды. Кейбіреуі шығындалып өте қымбат тағамдар жасап жатса,  ал кейбіреуі сараңдықпен күтеді. Сонымен қатар ораза ұстамайтын адамдар да үйіне ауыз ашарға шақырады. Осындай шақыруларға барған дұрыс па?

Жауап: Харам және мәкрух жасалынбайтын жерлерге бару сүннет. Хадис шәрифте былай делінген:

«Шақырған жерге бармау күнә. Ал шақырмаған жерге бару ұрлық болып табылады.» (Бәйһақи)

 

Тамаққа шақырғанда Аллаһу та’аланың разылығын алуды көздеу керек. Басқа ниеттермен шақырмау керек. Ал қонаққа шақырылған адам да шақырған жерге барудың сүннет екендігін, мүмин бауырын қуантуға ниет етіп баруы керек. «Аллаһ разылығы үшін деп ниет етпей тамаққа шақырған адамға бір күнә жазылады. Ал ниет етпей барған адамға екі күнә жазылады.» делінген.

 

Мәкрух жасалатын жер болса, мәкрух жасаудан сақтану үшін шақырған жерге барылмайды. Кедейлердің шақыруына бармай, байлардың шақыруына бару тәкаппарлықтан болады. Машақатқа түсетін адамның шақыруына барудың қажеті жоқ. Сараңның да шақырған жеріне бармау керек. Шақырылған жерге жақсы-жаман, барлығы аралас келетін болса, ондай шақыруға да барудың қажеті жоқ.

 

Бидғат иесінің, пасықтың, жаман адамдардың және мақтану үшін өте көп ақша жұмсайтын адамның шақырған жеріне барылмайды. (Ихия)

 

Тек қана байлардың, басшылардың болған шақыруына бармау керек. Хадис шәрифте былай делінген:

«Ең жаман ас – байлар шақырылып, кедейлердің шақырылмаған асы.» (Бұхари)

 

Сұрақ: Әйелден қалған тамақты еркектің немесе еркектен қалған тамақты әйелдің жеуіне бола ма?

Жауап: “С. Әбәдийа” кітабында: «Әйелден артылған тамақты бөтен еркектің ішіп-жеуі және еркектен артылған тамақты бөтен әйелдің ішіп-жеуі ләззат алатындары үшін мәкрух болады.» делінген. Мәселен, бір стаканмен су ішіліп, жартысы қалдырылса. Қалған жартысын сол жердегі қарсы жыныстың адамы ішсе, ләззат алуы ықтимал болғаны үшін мәкруһ болады. Бір алманы тістеп жеген адам, жартысында сол жердегі қарсы жыныстағы біреуге берсе, ләззат алу ықтималы болғаны үшін мәкрух болады. Ешқандай ләззат алмаса да мәкрух болады.

 

Тамақты ақырын жеу

Сұрақ: Тамақты тез жеген жақсы ма? ақырын жеген жақсы ма?

Жауап: Тамақтың жақсы қорытылуы үшін жақсылап шайнап, ақырын асықпай жеу керек. Тамақты жақсылап шайнап жеу сүннет. Осы сүннетке мойынсұнғанда асқазан ауруы, желденуі секілді шағымдар болмайды.

 

Сұрақ: Бөтен адамдардың үйіне қонаққа барғанда қол жуу көзге түсетіндей жағдайда болса, ылғал шүберекпен қол сүрту қол жуғанның орнына өте ме?

Жауап: Иә.

 

Сұрақ: Түрегеп тұрып темекі шегуге бола ма?

Жауап: Болады.

 

Түрегеп тұрып жеу

Сұрақ: Түрегеп тұрып пісте, кәмпит секілді нәрселерді жеудің зияны бар ма?

Жауап: Зәру (мәжбүр) жағдай болмайынша түрегеп тұрып еш нәрсе жемеу керек.

 

Сұрақ: “Ислам ахлақы” кітабында: «Тамақтану үшін қолдарды жуғанда, суланған саусақтарының ұшын көздерінің ойығына қойып кері қарай сүртсе, ол адам Аллаһу та’аланың қалауымен көз ауруына шалдықпайды.» делінген. Көздің ойығы деген қай жер? Қандай саусақтармен сүртіледі?

Жауап: Көздің ойығы – астыңғы кірпіктің астындағы ойық жері. Сұқ саусақтың ұшымен жасаған жақсы болады.

 

Сұрақ: Дәрет алғаннан кейін және тамақтану үшін қолды жуған соң, суланған саусақтардың ұшымен көздің ойығын сүрткен кезде қалай дұға ету керек?

Жауап: “Йа, Раббым. Көздерімді аурудан және соқыр болудан, харамға қараудан сақтай гөр, көздеріме шипа бере гөр!” деп дұға ету жақсы болады.

 

Сұрақ: “Аз болса да кешкі тамақтан жеу керек” деп айтылып жатады. Осындай нәрсе бар ма?

Жауап: Иә, бар. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Өте аз болса да кешкі тамақтан жеңдер. Өйткені кешкі асты тәрк ету қартаюға себеп болады.» (Әбу Нуайм)

 

Түрегеп тұрып су ішпеу керек

Сұрақ: “Ислам ахлақы” кітабындағы хадисте: «Түрегеп тұрып су ішпеңдер, денсаулыққа зиян» делінген. Бүгінгі медицина осы зиянды нәрселерді анықтап тапқан ба?

Жауап: Зияды екендігінен хабарымыз болмаса да, медицинада дәлелденбесе де, дініміздің білдіргендеріне мойынсұнуымыз керек. Дәрігерлердің айтуы бойынша:

Түрегеп тұрғанда және отырған кезде асқазанның қалпы екі түрлі болады. Түрегеп тұрып ішкен су тікелей он екі бармақ ішекке қарай өтеді. Асқазанда қарынның бүдірлі қабатында асқазан жолы деп аталатын құбыр болады. Сұйық тамақтар осы жол арқылы келіп, асқазаннан шығар жолындағы кішкентай саңылаудан өтеді де он екі бармақ ішекке кетеді. Суды отырып ішкен кезде, ең алдымен асқазанда жиналған су қышқылмен араласып, судың ішіндегі микроптары өледі. Содан кейін он екі бармақ ішекке кетеді. Отырып су ішкен адам көптеген инфекциялық аурулардан сақтанады. Суды немесе сусындарды түрегеп тұрып ішкен адам ауруларға көп шалдығады.

 

Екі рет тамақтану

Сұрақ: Екі рет тамақтанудың ысырап екендігі айтылып жатады. Біз күніне үш реттен тамақтанамыз. Бұл ысырап емес па?

Жауап: Ысырап емес. Қарын ашпастан бұрын күніне екі рет тамақтану ысырап. Алайда қарын ашқан кезде үш, тіпті төрт рет тамақтану ысырап емес. Хазреті Айша анамыз былай дейді:

Күніне екі рет тамақтанатын едім. Расуллулаһ алейһиссалам: «Йа Айша, күнде екі рет тамақтану ысырап болады. Аллаһу та’ала ысырап еткендерді жақсы көрмейді!» деді. (Бәйһақи)

 

Мұхаммед Хадими хазреті бұл хадисті былай ашықтаған:

Расуллуллаһ алейһиссалам Айша анамыздың екінші тамақты қарны ашпастан бұрын жегенін түсініп, осылай деген. Әйтпесе кәффараттар үшін күніне екі рет тамақ беру қажет екендігі белгілі. (Бәриқа)

 

Ысырап болғанда кәффараттар үшін күніне екі рет тамақ берілмейтін еді. Ораза ұстағанда да екі мезгіл яғни ауызашарда да, сәресінде де тамақ ішіледі. Егер ысырап болғанда, “жалғыз сәресінде немесе ауызашарда ғана тамақ жеңдер!”делінетін еді. Хадис шәрифте былай деліген:

«Үш кісіден мына ниғметтерінің есебі сұралмайды: ауыз ашқан адамнан, сәресін ішкен және қонақпен бірге тамақтанған адамнан.» (Дәйләми)

 

Күніне екі мезгіл тамақтануды ысырап болады дегені – тойғаннан кейін немесе тамақ сіңірілместен, қарын ашпастан бұрын жеудің ысырап болатындығын білдіреді. Әйтпесе бір мезгілде ішкен асты аз-аздан жеп, үш немесе төртке бөліп ішуге де болады.

 

Тамақта сүннет

Сұрақ: Жейтін және ішетін нәрселерді толық тауыспай, ыдыста қалдырып қоқысқа тастаса ысырап бола ма?

Жауап: Иә, ысырап болады. Ыдыста қалған тамақты қалдырмай, сыйырып жеу сүннет. Кампот, айран секілді сұйық заттардың қалдықтарына су құйып, шайқап ішу үлкен сауап. Ішіп жей алатын мөлшерден көп салынған болса, тамақта, стаканда артығын қалдыру жаиз. Мүминнен артылған тамағын жеп-ішу сүннет. Хадис шәрифте былай делінген:

«Мүміннің артылған тамағы – шипа.» (Фәтауа-и Кубра)

 

Шетінен жеу

Сұрақ: Балаларға: “Тамақты шетінен, алдарыңнан жеңдер, ортасынан жемеңдер. Өйткені ортасынан періштелер жейді” деп айту дұрыс па?

Жауап: “Алдарыңнан жеңдер” деген дұрыс. Алайда “періштелер ортасынан жейді” деген дұрыс емес. Себебі періштелер ішіп жемейді. Ішіп жеуге мұқтаж емес. Береке тамақтың ортасына жауады. Хадис шәрифте былай дейді:

«Береке тамақтың ортасына түседі. Сондықтан тамақтың ортасынан жемеңдер!» (Тирмизи)