18 Желтоқсан 2017   


  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Дұғаның қабыл болуы үшiн

Дұғаның қабыл болуы үшiн

1. Мұсылман болу керек.

2. Әһли сүннет сенiмiнде болу керек. Сондықтан төрт мазһабтың бiреуi көрсеткен жолмен жүру керек.

3. Парыздарды орындау керек. Қаза болған намаздарды, түнде және сүннеттердің орнына қаза ету керек.

Парыз намаздары қаза болған адамның сүннет, нәпiл намаздары және дұғалары қабыл болмайды. Яғни дұрыс болса да сауап берілмейді. Шайтан адамзатты алдау үшiн парыз намаздарын маңызсыз етіп, сүннет және нәпiл намаздарына қатты көңіл аудартады. Намазды уақыт кірісімен оқу керек.

4. Харамнан сақтану керек. Халал жеген адамның дұғасы қабыл болады.

5. Әулиелердің құрметі үшін дұға ету керек.

Үндiстан ғалымдарының бiрi Мұхаммед бин Ахмед Заһид «Тарғибус салат» атты кiтабының 54 бөлiмiнде былай деген: «Хадис шәрифте: «Дұғаның қабыл болуы үшiн екi нәрсе қажет. Бiрiншiсi, шын ықыласпен дұға ету керек. Екiншiсі, жеп-iшкенi және киген киiмi халал болуы керек. Мүміннің бөлмесiнде харам жолмен табылған бір жіп болса бұл бөлмеде сұралған дұға қабыл болмайды» - делiнген. Ықылас  – Аллаһу та’аладан басқа еш нәрсенi ойламай, жалғыз Аллаһу та’аладан ғана тiлеу. Сондықтан да әһли сүннет ғалымдары білдіргеніндей иман келтіру, Ислам шарттарына мойынсыну, бiреудiң ақысын жемеу және бес уақыт намаз оқу керек.