7 - Шәууал, 1445 жыл.
     16 - Сәуір, 2024 жыл.   


Қасиетті үш ай

Сұрақ: Қасиетті үш ай туралы мәлімет бересіз бе?

Жауап:  

Ражаб айы: Қасиетті төрт айдың бірі. Бір аяти кәримада: «Аллаһтың көктер мен жерді жаратқан күннен бері айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі харам (құрметті) болған айлар» делінген. (Тәубә 36)

 

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Харам (қасиетті) айлар – Ражаб, Зүл-қада, Зүл-хиджа және Мухаррам.» (Ибни Жәрир)

«Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, оған тек Ражаб айында ораза тұтқандар кіреді.» (Дәйләми)

«Аллаһу та'ала Ражаб айында ораза тұтқандарды кешіреді.» (Ғунйа)

«Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айында толық ұстағандай сауап беріледі.» (Мифтахул-жәннә)

«Аллаһу та'ала Ражаб айында жақсылығын арттырады. Бұл айда бір күн ораза ұстаған адам бір жыл ұстағандай сауапқа қауышады. Жеті күн ораза тұтқан адамға жаһаннам есіктері жабылады. Сегіз күн тұтқан адамға жаннаттың 8 есігі ашылады. Он күн тұтқанға Аллаһу та'ала қалағанын береді. Он бес күн ораза ұстағанға бір хабаршы: “Өткен күнәларың кешірілді” дейді. Аллаһу та'ала Нух алейһиссаламды Ражаб айында кемеге мінгізді. Ол да Ражаб айын оразамен өткізіп, қасындағылардың да ораза тұтуларына бұйрық берді.» (Табарани)

«Ражаб айында тақуалықпен бір күн ораза ұстаған адам үшін, ораза ұсталған күндерге тіл бітіп: “Йа Раббым, оны кешір” деп айтады.» (Әбу Мұхаммед)

 

Шабан айы: Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Шабан сондай құнды ай, адамдар одан ғафыл (хабарсыз) болады. Бұл айда амалдар әлемдердің Раббысына ұсынылады. Мен де амалымның ораза тұтқан кезімде ұсынылғанын қалаймын.» (Нәсаи)

«Рамазаннан кейінгі ең құнды ораза – Шабан айында ұсталған ораза.» (Тирмизи)

«Шабан айында үш күн ораза тұтқан адамға Хақ та'ала жаннатта бір орын дайындайды.» (Әйухәл уәләд илмихалы)

 

Рамазан айы: Бір хадис шәрифте былай делінген:

«Рамазан айы мүбәрәк ай. Аллаһу та'ала сендерге Рамазан оразасын парыз етті. Ол айда рахмет (мейірім) есіктері ашылады, жаһаннам есіктері жабылады, шайтандар байланады. Ол айда мың айдан да құнды бір түн бар. Ол түннің (Қадір түнінің) жақсылығынан мақрұм қалған, бар жақсылықтан мақрұм қалды деп саналады.» (Нәсаи)

 

Сұрақ: “Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айында толық ұстағандай сауап беріледі” делінеді. Басы 1-і, ортасы 15-і, соңы 30-ы деген сөз ба?

Жауап: Жоқ. Басында деген айдың алғашқы күндері деген сөз. Ортасы – айдың ортасындағы күндер деген сөз. Соңы – айдың соңғы күндері дегенді білдіреді.