11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Тәуәссул

Пайғамбарымызбен барлық уақытта – ол жаратылмастан бұрын, жаратылғаннан кейін, өмірінде және қайтыс болғаннан кейін қабір әлемінде  тәуәссул етілген, қиямет күні тірілгеннен кейін Арасат алаңында және жаннатта да тәуәссул етіледі. Яғни пайғамбарымызды араға қойып Аллаһтан тілектер сұралған. Тәуәссул (Уәсилә) – Аллаһу та’аланың өз алдында жақындық пен қажеттіліктердің қанағаттандырылуына себепші еткен барлық нәрсесі.

Расулуллаһпен тәуәссул ету, яғни Расулуллаһты Аллаһу та’аланың құзырында өз тілектерінің қабыл болуына уәсилә (арашы) ету, Оның көмегін және шапағатын сұрау жаиз. Бұлар – пайғамбар алейһимуссалам, сәләф-и салихин, ғұламалар және басқа да мұсылмандардың ғасырлардан бері жасап келе жатқан амалдары. Мұсылмандардың ешқайсысы бұған жаман көзбен қарамаған. Қазірге дейін жолдан адасқан сектанттардан басқа мұны қабылдамайтын ешкім кездеспеген.

Адамдардың атасы – Адам алейһиссалам жер бетіне түсірілген кезде Расулуллаһ алейһиссаламды уәсилә еткен. Мұны сүйікті пайғамбарымыз бір хадис шәрифінде былай айтып берген: «Адам (алейһиссалам) жаннатта жіберген қателігіне байланысты жұмақтан шығарылғанда: «Йа Раббым! Мені Мұхаммедтің құрметіне кешіре  гөр» деді. Аллаһу та’ала: «Йа Адам! Сен Мұхаммедті қалай білдің. Мен оны әлі жаратқан жоқпын ғой» деп бұйырды. Адам (алейһиссалам): «Йа Раббым! Мені жаратып, маған рух берген кезіңде, көзімді ашып қарағанымда арштың шетінде «Лә илаһә иллаллаһ Мухаммәдән расулуллаһ» деген жазуды көрдім. Есімін есіміңмен сүйген адамың Сол болу керек» деді. Аллаһу та’ала: «Дұрыс айтасың ей Адам! Жаратқандарымның ішінен ең қатты жақсы көретінім – Сол. Соның құрметіне кешірім сұрағаның үшін сені кешірдім» деп бұйырды.» Бір риуаят бойынша: «Ол сенің тегіңнен келетін бір пайғамбар. Оны жаратпағанымда сені, әулетіңді жаратпас едім. Оны шапағатшы етіп көрсеткенің үшін сені кешірдім»- деген.

Бұған (тәуәссулге) қатысты мыңдаған мысалдар бар. Солардан бірнешесі төменде келтірілді:

Екі көзі көр бір адам көздерінің ашылуы үшін пайғамбарымыздан дұға етуін сұрады. Пайғамбарымыз «Қаласаң дұға етемін. Бірақ, сабыр етіп, шыдасаң сен үшін одан да жақсы болады»- деді. «Сабыр етуге күшім қалмады. Дұға етуіңіз үшін жалынамын»- деді. «Олай болса, дәрет алып, мына дұғаны оқы» деді. «Аллаһуммә инни әсәлукә уә әтәуәжжәһу иләйкә би нәбийикә Мухаммәдин нәбиир-рахмәти. Йа Мухаммед! Инни әтәуәжжәһу бикә илә Рабби фи хажәти литақдиә Аллаһуммә шәффиһу фиййә».

Ол адам бұл дұғаны оқыған кезде Аллаһу та’ала дұғасын қабыл етіп, көзінің ашылғанын хадис ғалымы Имам Нәсаи білдіреді.

Расулуллаһ алейһиссаламның уәсилә етілуімен байланысты Осман бин Ханиф хазіреттері мынадай оқиғаны айтады: «Осман бин Аффан халифа болып тұрғанда қатты қиналып жүрген бір адам халифаның алдына баруға ұялып, маған дертін айтты. Мен «Дереу дәрет алып, Мешіт саадәтке бар. Жоғарыда көрсетілген дұғаны оқы, тілегіңді айт»- дедім.

Ол адам дұға еткеннен кейін халифаның отырған жеріне барып, құзырына шығарылыпты. Халифа оны жайнамазының үстіне отырғызып, тілегін тыңдап, қабыл етіпті. Ол кісі ісінің бір сәтте шешілгенін көріп, қуанып, маған келді. «Аллаһу та’ала саған разы болсын! Халифаға сен айтпағанда қиыншылығымнан құтыла алмас едім»- деді. Мені халифамен сөйлесті екен деп ойлады.

Хазіреті Омар халифа кезінде жұт болды. Сахабалардан Біләл бин Харс Расулуллаһтың кесенесіне барып «Йа Расулаллаһ! Үмметіңіз аштықтан өлудің алдында тұр. Жаңбыр жаууына уәсилә болуыңызды жалбарына сұраймын» деді. Расулуллаһ алейһиссалам сол күні оның түсіне кіріп «Халифаға бар. Менен сәлем айт. Жаңбыр дұғасына шықсын!» деп бұйырды. Хазіреті Омар жаңбыр дұғасына шыққаннан кейін жаңбыр жауа бастады.

Аллаһу та’ала жақсы көретін адамдарының құрметіне дұғаларды қабыл етеді. Аллаһу та’ала Мұхаммед алейһиссаламды өте қатты жақсы көретінін білдірген. Сондықтан да бір адам «Аллаһумма инни әсәлука би-жаһи Нәбийик-әл-Мустафа» деп дұға етсе, дұға қайтарылмайды. Алайда, ұсақ-түйек дүниелік істер үшін Расулуллаһты уәсилә ете беру де әдепке жат қылық болады.

Бурханеддин Ибраһим Малики былай дейді: «Өте аш, кедей адам Хужрә-и саадәтке барып, «Йа Расулаллаһ! Қарным аш» деді. Біраздан соң бір адам келіп, кедейді үйіне апарып, тойдырды. Кедей адам жасаған дұғасының қабыл болғанын көріп, мұны айтқан кезде «Бауырым! Бала-шағаңды тастап ұзақ жол жүріп, қиналып Расулуллаһты зиярат етуге келдің. Бір үзім нан үшін Расулуллаһтың дәргейіне бару саған жарасар іс пе? Оның алдында жаннат пен шексіз ниғметтерді сұрауың керек еді. Бұл жерде тілеген нәрселерді Аллаһу та’ала қайтармайды» деді. Расулуллаһты зиярат ету құрметіне ие болғандар Оның қиямет күні шапағат етуі үшін дұға етуі керек».

Имам Әбу Бәкр Мукри бір күні Имам Табарани және Әбу Шәйхпен Мешіт саадәтте отырған еді. Бірнеше күннен бері ештеңе жемегендіктен қарындары аш болатын. Имам Әбу Бәкір шыдай алмай: «Ашпын, йа Расулаллаһ» деп бір бұрышқа барып отырды. Сәййидтерден бір адам екі қызметшісімен бірге келіп, «Бауырларым! Атам Расулуллаһтан ашпыз деп көмек сұрапсыңдар. Сендерді тойдыруды бұйырды»- деді. Әкелгендерін бірге отырып жеді. Артылғанын соларға қалдырып кетті.

Ислам ғұламаларының бірі Әбу Абдуллаһ Мухаммед Мәракәши (қ.683/м.1284) «Мисбах-уз-зулам» атты құнды кітабында Расулуллаһты уәсилә ету арқылы мұраттарына жеткен жүздеген мұсылманды және олардың дұғалары туралы кеңінен жазған. Расулуллаһты уәсилә етіп мұраттарына қауышқандардың бірі – Мұхаммед бин Мункәдир болып табылады. Ол былай дейді: «Бір адам әкеме сексен алтын қалдырып, жихадқа кеткен болатын. Ол «Мыналарды сақта. Өте мұқтаж болған адамға көмек ретінде берсең болады» деген еді. Мәдинада жұт болды. Әкем алтындардың барлығын аштықтан қиналғандарға таратты. Алтынның иесі келіп, алтындарын сұрады. Әкем «Бір күннен кейін кел» деп жауап берді. Хужрә-и саадәтке барып, таңға дейін Расулуллаһқа жалбарынды. Түннің ортасында бір адам келіп «Қолыңды соз!» деді. Қолына бір дорба алтын ұстатып көзден ғайып болды. Әкем үйде алтындарды санап, сексен екенін көріп, қуанып, иесіне қайтарды».

Имам Мұхаммед Мұса хазіреттері осы кітабында басынан өткен бір оқиғаны былай жазған: «637 (м.1239) жылы Садәр бекінісінен таңдаулы адамдармен бірге шықтық. Қасымызда бізге жол көрсететін адам бар болатын. Біраз уақыттан соң суымыз таусылды. Су іздей бастадық. Осы кезде мен әжет үшін сәл шеттеу бір жерге өттім. Біраз уақыт өткенсоң мені қатты ұйқы қысты. Кетерде жолдастарым оятып алар деп басымды жерге қойып, ұйқыға кеттім.

Оянсам шөлдің ортасында жалғыз қалыппын. Жолдастарым мені ұмытып, кетіп қалыпты. Жалғыздықтан елегізіп, қатты қорқа бастадым. Шөлде анда-мұнда жүгіре бастадым. Қайда екенімді, қайда баратынымды білмедім. Айналаның бәрі құм болатын. Бір кезде қараңғы түсе бастады. Жолаушылап бара жатқан тобымыздың ізі де жоқ. Мен түннің қараңғылығында жалғыз қалдым, одан сайын қорқа бастадым. Үреймен одан да қатты жүре бастадым.

Біраз жүргеннен кейін қатты шөлдеп, шаршап жерге құладым. Енді, өмірден үмітімді үзіп, өлімнің жақындағанын сезгендей болдым. Сусыздық пен әлсіздіктен сары уайымға салындым. Бір кезде есіме түсті, түннің ортасында «Йа Расулаллаһ! Жете гөр. Сізден Аллаһу та’аланың рұқсатымен көмектесуіңізді сұраймын» деп ыңырандым.

Сөзімді аяқтар-аяқтамас біреудің маған сөйлегенін естідім. Дауыс шыққан жаққа қарағанымда қап-қараңғы түнде айналасына сәуле шашқан, аппақ киінген, сол уақытқа дейін көрмеген бір адамның мені шақырып тұрғанын көрдім. Маған жақындап, қолымнан ұстады. Сол сәтте шөлім мен шаршағаным басылып, жаңадан туылғандай болдым. Екеуіміз біраз жүрдік. Мен өмірімнің ең керемет сәттерін бастан кешіріп тұрғанымды сездім. Бір құм төбесінен асқаннан кейін бірге келе жатқан адамдарымның жарығын көріп, достарымның дауысын естідім. Соларға қарай жақындадық.

Менің мінетін көлігім олардың соңынан жүрген екен. Бірден келіп алдыма тоқтады. Оны көріп қатты қуандым. Қасымдағы адам мені жануарыма мінгізді. Сосын «Бізден бір нәрсе сұраған және көмек қалаған адамды біз бос қайтармаймыз» деп кері қайтып кетті. Сол кезде Оның Расулуллаһ екенін түсіндім. Ол кері қайтқан кезде оның айналасына шашқан сәулесі көкке қарай көтерілген еді. Ол көзден ғайып болған кезде «Мен неге Расулуллаһтың қол-аяғын сүймедім» деп өкіндім. Бірақ бұған кеш еді».

Әбул-Хайр Ақта Мәдинада бес күн аш қалған еді. Хужрә-и саадәттің қасына барып, Расулуллаһқа сәлем берді. Аш екенін айтты. Бір бұрышқа жатып ұйықтады. Түсінде Расулуллаһтың келгенін көрді. Оң жағында Әбу Бәкір Сыддық, сол жағында Омар Фаруқ және алдында Әли-ул Муртәза бар еді. Хазіреті Әли келіп: «Йа Әбул Хайр! Тұр, неге жатырсың? Расулуллаһ келе жатыр» деді. Дереу орнымнан тұрдым. Расулуллаһ келіп, үлкен нан берді. Әбул-Хайр: «Өте аш болғандықтан дереу жей бастадым. Жартысы таусылған кезде ояндым. Көзімді ашқанымда қолымда нанның жартысы тұр екен»- деді.

Ахмет бин Мұхаммед Суфи айтады: «Хижаз шөлдерінде ештеңем қалмады. Мәдинаға бардым. Хужрә-и саадәттің алдына келіп, Расулуллаһқа сәлем бердім. Бір жерге отырып ұйықтадым. Расулуллаһ көрініп: «Ахмет келдің бе? Алақаныңды аш» деді. Алақанымды алтынға толтырды. Оянғанда қолым алтынға толы еді.

Имам Сәмхуди есігінің кілтін түсіріп алып, таба алмайды. Хужрә-и саадәттің алдына барып, «Йа Расулаллаһ, кілтімді түсіріп алдым. Үйіме бара алмай тұрмын»- деді. Бір бала қолында кілт пен келіп «Мынаны тауып алдым, сіздікі емес пе?»- деді.

Килистік Мустафа Ишқи Эфенди «Мәуарид-и мәжидиййа» атты тарихи кітабында былай дейді: «Меккеде жиырма жыл тұрдым. 1247 (м.1831) жылы алпыс алтын жинап, бала-шағаммен Мәдинаға бардық. Ақша жолда таусылды. Бір танысыма қонақ болып, Хужрә-и саадәтке бардым. Расулуллаһтан көмек сұрадым. Үш күннен соң жатқан үйіме бір адам келіп, мен үшін бір үй жалдағанын айтты. Заттарымды сонда көшіртті. Бір жылдық ақшасын төледі. Бірнеше айдан кейін ауырып, бір ай төсек тартып жаттым. Үйде жейтін, сататын ешнәрсе қалмады. Әйелімнің сүйремелдеуімен тамның төбесіне шығып, Расулуллаһтың кесенесіне қарсы қарап тұрып қиналғанымызды айтып, көмек сұрамақшы болдым. Қолдарымды көтерген кезде дүниелік нәрселерді сұрауға ұялып, ешнәрсе айта алмадым. Бөлмеме бардым.

Ертеңіне бір адам келіп, «Пәлен деген адам мына алтындарды саған сыйлыққа жіберді» деді. Дорбаны алдым. Тұрмысымыз оңалғанмен, аурудан айыға алмадым. Адамдардың көмегімен Хужрә-и саадәтке барып, Расулуллаһтан шипа тіледім. Мешіттен шығып, ешкімнің көмегінсіз үйіме қарай жүрдім. Үйге кірген кезде ешқандай ауруым қалмаған еді. Назар тимеуі үшін бірнеше күн көшеге таяққа сүйеніп шығып жүрдім. Бірақ, ақша таусылған еді. Бала-шағамды қараңғыда қалдырып, Нәбәуи мешітіне келдім. Құптан намазынан кейін Расулуллаһқа қиыншылығымды айттым. Жолда бейтаныс бір адам келіп, қолыма бір дорба берді. Ішінде қырық тоғыз алтын бар еді. Қажетті нәрселерді алып, үйге бардым».

«Шақайық-и Нуманиййа» кітабының аудармасының екінші томында былай дейді: Осман мемлекетінің алғашқы шайхул исламы және дәуірінің мужәддиді болған ұлы ислам ғұламасы Мәулана Шамсәддин Мұхаммед бин Хамза Фанаридың көздері ауырып перделеніп, көре алмайтын болып қалды. Бір күні түнде түсіне кірген Расулуллаһ алейһиссалам «Таха сүресін тәфсирле» деп бұйырғанында, «Құран кәрімді тәфсир етуге күшім жетпейді, оның үстіне көзімдерім де көрмейді» дейді. Расулуллаһ алейһиссалам мүбәрәк сырт киімінен бір уыс мақта шығарып, мүбәрәк түкірігімен сулағаннан кейін көздерінің үстіне қояды. Молла Фанари оянғанда екі көздінің үстінде екі мақта тұрғанын байқайды. Мақтаны алып тастағаннан кейін, көздері көре бастайды. Аллаһу та'алаға хамд және шүкір етеді. Сол мақталарны сақтап қойып, өлгеннен кейін екі көзінің үстіне  қойып жерлеулерін айтып өсиет қалдырады. Өзі 834 (м1431) жылы Бурса қаласында қайтыс болды. Өсиеті орындалды.

Аббаси халифаларынан болған Әбу Жафәр Мансур, Нәбәуи мешітінде Имам Маликпен сөлейсіп отырған еді. «Ей Мансур! Бұл жер – Мешіт саадәт. Бәсең дауыспен сөйле. Аллаһу та'ала Хужурат сүресінде: «Дауыстарыңды Расулуллаһтың даусынан асырмаңдар!» деп бұйырып, бір жамағатты жазғырған. «Расулуллаһтың жанында жәй сөйлегендер...» деген аятымен жәй сөйлегендерді мақтаған. Расулуллаһқа қайтыс болғаннан кейін құрмет көрсету тірі кезінде құрмет көрсетумен бірдей» деді. Мансур мойнын иіп: «Йа Әбә Абдуллаһ! Пайғамбарымыздың қабіріне зиярат үшін келгенде Қыблаға қарсы тұру керек пе, әлде Қыбланы артта қалдырып Қабр-и саадәтке ме?» деп сұрады. Имам Малик хазіреттері «Жүзіңді Расулуллаһтан басқа жаққа бұрма! Қиямет күнінің шапағатшысы болған Ол ұлы пайғамбар саллаллаһу та'ала  алейһи уәсәлләм, қиямет күні сенің және әкең Адам алейһиссаламның құтылуы үшін уәсилә болады. Қабр-и саадәтке бұрылып, Расулуллаһтың мүбәрәк рухына жабысып шапағат тілеуің керек. Ниса сүресінің 64-аяти кәримасында: «Нәпістеріне зұлымдық жасағандар саған келіп Аллаһу та'аладан кешірім сұраса және Расулым да олар үшін кешірім тілесе, Аллаһу та'аланы тәубелерді қабыл етуші және мейірім етуші болып табады» деп бұйырылған.

Бұл аят Расулуллаһты уәсилә еткендердің тәубелерінің қабыл болатынына сөз беруде.» деді. Осы сөзден кейін Мансур отырған жерінен тұрып, Хүжре-и саадәттің алдына барып тұрды. «Йа Раббым! Мына аяти кәримада Расулыңды уәсилә еткендердің тәубесін қабыл ететініңе сөз бердің. Мен ұлы пайғамбардың дәргейіне келіп Сенен кешірім сұраймын. Ол сау кезде кешірім сұраған құлдарыңның кешірімін қабыл еткеніңдей, мені де кешіре гөр. Йа Раббым! Нәбийуррахмә болған ұлы пайғамбарыңды уәсилә етіп саған жалынамын. Ей пайғамбарлардың ең ұлысы болған Мұхаммед алейһиссалам! Саған тәуәссул етіп, Раббыма жалбарынамын. Йа Раббым! Мына ұлы пайғамбарды маған шапағатшы ете гөр» деп жалынып, жалбарына бастады. Арқасы қыблаға, жүзі Муажаха-и саадәтке қарап, аяқта тұрып дұға етті. Минбәр-и Нәбәуи сол жағында қалған еді.

Имам Маликтің Халифа Мансурға берген насихаты Хужрә-и саадәттің алдында дұға ететіндердің өте ояу, еті зерек болулары керек екенін көрсетуде. Ол дәрежеге лайық әдеп пен құрметті көрсете алмайтындардың Мәдина-и мунаууарада ұзақ уақыт қалулары дұрыс болмайды деп бұйырылды.

Анатолия ауылдарының бірінен Мәдина-и мунаууараға барып біраз жылдар бойы сонда тұрып, үйленіп, Хужрә-и саадәтте шырақшы болып қызметке орналасқан бір кісі бар болатын. Бір күні ысытпа ауруына шалдығып, шалап ішкісі келді. Көңілінен «Егер ауылымда болғанымда, айраннан салқын шалап жасатып ішетін едім» деген ой өтті. Сол түні Расулуллаһ Шәйх-ул-Харем (Мадина әмірі) мырзаның түсінде көрініп, әлгі адамның істеп жүрген шырақшылық міндетін басқа біреуге беруін бұйырды. Шейхул Харем: «Йа Расулаллаһ! Ол істі үмметіңнен болған пәленше адам істеп жүр» дегенінде «Ол адамға айт! Аулына барып шалап ішсін!» деп бұйырды. Ертеңіне бұл бұйрық айтылғанда, ауыл тұрғыны «құп болады» деп еліне қайтты.

Тек көңілден өткен бір ой осынша зиянын тигізетін болса, Аллаһ сақтасын қалжыңдап болса да жағымсыз бір сөздің немесе әдепке сай келмейтін бір әрекеттің қандай үлкен зияны болатындығын осы жерден түсіну керек.