9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Дін бауырын сынау

Дін бауырын сынау

Хикмет иесі заттар айтады:

Сахабалардың ешқайсысы ешқандай сахабаны жамандамаған. Аллаһу та'ала Асхаби кирамды басқа құнды қасиеттерімен емес, көркем ахлақтарымен және бір-біріне болған сүйіспеншіліктерімен мадақтауда, «Олар бір-бірін қатты жақсы көреді, бір-біріне өте мейірімді, бірақ, Аллаһ дұшпандарына қарсы берік және қатты еді» деп бұйыруда.

Бір шәкірт ұстазына келіп досының кемшіліктерін айтып жатқанда, мүбәрәк ұстазы ол шәкіртке:

«Сен досың туралы осылай сын айтып жатқан болсаң, араздық жолындасың деген сөз. Өзіңді бұл пәлекеттен құтқар, тәубе ет! Сен бұлай кете берсең, бір күні бізді сынайтын боласың. Ахиретте маған мұны айтпадың деп айтпауың үшін, қазірден ескертіп жатырмын.»- деді.

Жанжал, араздық қателіктерден, сын айтудан туындайды. Сынау ақыр соңында араздыққа, содан кейін жүрген жолынан ажырап кетуге жол ашады.

Ұлы ғұламалар «Өзін кәпірден және қотыр иттен жоғары санаған адам Аллаһу та'аланы тани алмайды» деген. Бұл сөзден кейін жиһад ететін, ұлы ғұламаларды танитын және жақсы көретін бір дін бауырына, бірнеше кемшілігі үшін сын айтып, кек тұтып, өштесу орынсыз болар.

Ұлы ғұламалардың бір шәкіртіне не істелсе, ұстазына тиеді. Өйткені, ол ғұламалар «Әр шәкіртіміз – біздің перзентіміз» деген. Перзентке істелген нәрсе әкесіне істелгенмен бірдей. Олар шәкірттеріне шын перзенттерінен де қатты беріледі.

Дін бауырын жақсы көрмеген адам, ұстазын да жақсы көрмеген болады. Әһли сүннет ғұламаларын және сахбаларды жақсы көрмеген адам, Расулуллаһты жақсы көрмеген болады, Расулуллаһты жақсы көрмеген Аллаһу та'аланы жақсы көрмеген болады.

 

Ниғметке шүкіршілік

Құран кәрімде: «Берген ниғметтеріме шүкіршілік ететін болсаңдар арттырамын, шүкіршілік етпесеңдер қолдарыңнан алып, өздеріңе ауыр азап беремін» деп бұйырылған.

Аллаһу та'аланың бұл дүниеде құлына беретін ең үлкен ниғметі – Имам Раббани хазреттері сияқты сүйікті құлын оған танытуы. Бұл тану ниғметі қалай артады? Екі нәрсемен артады:

Біріншісі, Ол мүбәрәк ғұламаның еңбектерін оқу және оқыту үшін қайрат көрсету. Өйткені пайғамбарымыз алейһиссалам «Менен есіткендеріңді басқаларға айтыңдар» деген.

Екіншісі, дін бауырларын, әсіресе сол ғұламаның басқа шәкірттерін жақсы көру. Тіпті, өзінен де қатты жақсы көру. Өзінен де қатты жақсы көрген кезде сүйіктінің сүйіктісі болады.