10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ата-ана ақысы

Ата-ана ақысы

Әһли хикмет ғұламалар былай дейді:

Бір ғұлама кісі салиха әйелінен былай деп сұрайды:

- Аллаһу та'ала ахиретте «Ұлыңның есебіне өзің қара» деп бұйырса, ұлың күнәларының кесірінен көп жазаға лайық болса, жаза беріліп жатқанда ренжисің бе?

- Қандай жаза? Перзентке жаза беріле ме? Оған ілтипат көрсетіледі, оның ешқандай күнәсін көрмеймін, тікелей жаннатқа барсын деймін.

- Неге лайықты болған жазасын бермейсің?

- Сүйікті құлыныма қалай жаза беремін? Жаннатқа жіберіп қана қоймай, жаннаттың ең ерекше жеріне жіберемін.

- Демек, біз де құтыламыз, өйткені сенің шапағатың мен мейрімділігің, Аллаһтың мейрімділігінің қасында ештеңе де емес- дейді ғұлама.

 

Бір мүбәрәк кісіден де «Ахиретте сізді есепке анаңыз бен әкеңіздің қайсысы тартсын? десе қайсысын таңдайсыз?» деп сұралғанда:

- Екеуін де таңдамаймын, есепке Раббымның тартқанын қалаймын. Ата-анамның мейрімділігі Раббымның мейрімділігінің жанында теңіздің бір тамшысындай да емес. Ол бір тамшысын күллі махлұққа таратқан. Барлық жанды нәрселердің перзенттеріне болған шапағаты, мейрімділігі сол бір тамшыдан келген. Теңіз тұрғанда бір тамшы таңдала ма?- дейді.

Мұндай мейрімділігіне қарамай, егер Аллаһу та'ала бір құлына бір жаза берген болса, демек ол құл ең жақын болған ата-анасының көңілін көп қалдырған, яғни ата-анасына қарсы шыққаны соншалық, берілген жазаға лайықты болған. Аллаһу та'ала: «Ата-анасын разы еткеннің істеген күнәларын кешіремін, бірақ, ата-анасын ренжіткен адамның қанша көп ғибадаты болса болсын, жаһаннамға тастаймын.» деп бұйырған. Яғни, сендерге жақсылық жасағандарға, сендерге келген ниғметтің себепшісі болғандарға рахмет айтпасаңдар, Аллаһу та'алаға шүкір еткен болмайсыңдар. Ол ниғметтер үшін жасалатын шүкір қабыл болмайды. Жақсылық жасаған адамға рахмет айтпасақ, Раббымызға қанша дұға етсек те қабыл болмайды.

Аллаһу та'алаға шүкір етпеу – Оған қарсы шығу болады. Өйткені, бір кесе су берген адамның өзіне рахмет айту керек. Ойлап көріңіздер, дүниеге келуімізге себеп болған ата-ана – алғашқы жол көрсетушіміз. Құлағымызға алғаш рет «Аллаһ бір» деп айтқан да солар. Бізді шіркеуге апарулары мүмкін еді, Құдай сақтасын, Аллаһқа қарсы қоюлары да мүмкін еді. Олар біз әлі дүниеге келмей тұрып құлағымызға азан оқып, әдемі бір ат қояды. Сосын бізге дінімізді үйретіп, жамандықтардан қорғауға тырысады. Мұндай салих ата-ананың ақысын қаншама жақсылықтар жасасақ та өтей алмаймыз.