22 Қазан 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Тек Аллаһтан қорқу керек

Тек Аллаһтан қорқу керек

Әһли хикмет ғұламалар айтады:

Аллаһтан қорқатын және әр ісінде Аллаһтың разылығына қарайтын адам ешнәрсеге уайымдамасын, ренжімесін! Ал егер, іс-әрекеттерін өзгелердің разылығына қарап жасайтын болса, соңында бір күні олар оның басына бәле болады.

Ғұламалар насихат сұраған бір мемлекет адамына: «Сіз анадан-мынадан емес Аллаһтан ғана қорқыңыз! Өйткені, Аллаһтан қорқатын болсаңыз, өзгелер сізге құрмет көрсетеді. Егер Аллаһтан қорқпайтын болсаңыз, онда сізді адам қатарына қоспайды. Іс Аллаһтан қорқуға байланысты.» деп мына әңгімені айтып береді:

Мүбәрәк бір кісі ауылдағы бір молаға барады. Ол жердің халқы бұл кісіге:

- Жақындамаңыз, абайлаңыз, молаға кірмеңіз!- деседі.

- Неге? Онда не бар?

- Ол жерде үлкен-үлкен жыландар бар, зиярат жасап келгендерді шағып алады, аман шыққан адам жоқ.

- Мені шағатындай мен жыландарға не істеп қойдым?- деп мүбәрәк кісі молаға кіреді.

Зияратын жасайды. Ұйқысы келгеннен кейін жатып сол жерде біраз ұйықтап алады. Әлгі адамдар айтқан жыландар бұтақтарды шайқап, мүбәрәк кісіге көлеңке жасайды. Ауылдықтар мүбәрәк кісінің моладан қалай шығатынын көргісі келіп жиналады. Мүбәрәк кісі ұйқысынан оянып сыртқа шығады. Ауылдықтар одан:

- Бұл жерден ешкім аман шықпайтын, бұл қалай болды?- деп сұрайды.

- Мен жыланнан емес, Аллаһтан қорқатын адаммын. Жылан Аллаһтан қорқатын адамға тиіспейді. Аллаһтан қорқпай өзгелерден қорыққан адамды жылан да, шаян да шағады.

Аллаһты ұмытпау керек, әркез Аллаһ деу керек. Соңғы демде әр адам осы сөзге мұқтаж болады. Аллаһ деген адам иманмен кетеді. Ақша дегеннің соңы пәлекет болады. Ақша болу керек, бірақ көңілімізде емес, қалтамызда болу керек. Ақша – жинау үшін емес, қолдану үшін керек. Қай жерде қолданылады? Ахирет жолында қолдану керек. Зекет, садақа беру керек. Ислам дінінің жайылуы үшін, бала-шағаның нәпақасы үшін қолдану керек. Қолданылмаған ақша обал болады және ахиретте азапқа себеп болады. Бұл дүние тек қиял, елес қана. Ерте ме кеш пе адамдардың барлығы әйтеуір бұл жерден көшеді, сондықтан бұл мүмкіндікті жібермеу керек. Аллаһу та'ала ақшаның жұмсалған жеріне қарайды. Оның разылығына сай орындарға қаншалықты көп жұмсалған болса, соншалықты көбейтеді. Ақшаны жақсылыққа жүмсаған адам ұтады.

Негізгі, шынайы өмір – ахиреттегі өмір. Ол жерде жаннат пен жаһаннамнан басқа жер жоқ. Сондықтан, өлімнен кейінгіні ойламаған, оған дайындалмаған адам – ақымақ адам. Дүние мен ахиретте қиыншылық беретін нәрселерден бас тарту керек, дінімізге мойынсұнып, жаннатқа қол жеткізуге тырысу керек. Өзгелерді де осы ниғметке қауыштыруға тырысу керек, барлық нәрсені Аллаһ үшін жасау керек.