11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   


Күпірлік

1 – Жамандықтардың ең жаманы – Аллаһу та’алаға сенбеу, атеист болу. Мұхаммед алейһиссаламға сенбеу – күпіршілік жәнеАллаһу та’алаға дұшпандық болады. Періштелердің, адамдардың және жындардың иман етулері, сенулері әмір етілді. Мұхаммед алейһиссаламның Аллаһу та’аладан әкелген нәрселерінің барлығына жүрекпен сеніп, ауызбен айту – Иман деп аталады. Иманның орны – «көңіл» (қалб) болып табылады. Көңіл - жүрек деп аталатын ет бөлшегіндегі қуат. Иманды ауызбен айтуға бір кедергі болған кезде, айтпауға болады. Мысалы: қорқытылған кезде, ауру, тілсіз болғанда немесе айтуға уақыт таппай өлген кезде, айту қажет емес. Түсінбей, біреуге еріп сену де, иман болады. Аллаһу та’аланың бар екенін түсінбеу, ойланбау күнә болады. Дінде білдірілгендердің біреуіне сенбеу барлығына сенбеу болып есептеледі. Әрқайсысын біліп отырмай, барлығына бірдей сендім деу де иман болады. Иманға қол жеткізу үшін, исламның «күпірдің белгілері» деп білдірген нәрселерінен сақтану керек. Ислам үкімдерінен, яғни әмір мен тыйымдарының бірін менсінбеу, Құран кәрімнің, періштенің, пайғамбарлардың бірін “алейһимуссәлауату уәттәслимат” мазақ ету күпір белгісі болып табылады. Теріске шығарғандық, яғни естігеннен кейін сенбегендік, растамағандық болады. Күмәндану да, теріске шығару, қабылдамау болып есептеледі.

Күпiр үш түрге бөлінеді: жаһли, жухуди және һукми.

1) Күпір екені барлық адамға белгілі нәрсені естімегендіктен, ойламағандықтан істеп қойып кәпір болғандардың күпірі «Куфри жәһли» (сауатсыздық нәтижесінде күпірге түсу) деп аталады. Жәһл екі түрлі болады: біріншісі қарапайым. Мұндай адам өзінің жаһил (сауатсыз) екенін біледі. Бұларда бұзық ақида болмайды. Бұлар жануар сияқты. Өйткені, адамды жануардан ажыратып тұратын нәрсе – ілім мен ойлау қабілеті. Мұндай адамдар жануарлардан да төмен. Себебі жануарлар өздерінің жаратылысы жағынан алда. Өздеріне пайдалы нәрсені біліп, оған жақындайды. Зиянды нәрселерді де біліп, олардан ұзақ болады. Ал мұндай адамдар, білмейтін нәрселерін білген халде де жаман нәрседен аулақ жүрмейді, ілімге жақындамайды.

(Имам Раббани “рахимеһуллаһу та’ала”, «Мәктубат» кітабының бірінші томы екі жүз елу тоғызыншы бөлімінде былай дейді: «Тауда өмір сүріп, ешбір діннен хабары болмай, пұтқа табынған мүшриктер, жаннатқа да, жаһаннамға да кірмейді. Ахиретте тірілгеннен кейін, сұраққа тартылып, зұлымдығына, күнәсына қарай махшарда азапқа тартылады. Барлық адамның ақылары берілгеннен кейін, барлық жануарлар сияқты бұлар да жоқ етіледі. Ешқандай жерде мәңгі қалмайды. Адамдардың ақылы дүние істерінің өзінде шатасып, жаңылып жатқанда, Аллаһу та’аланы ақылымен, жеке басымен таба алмағаны үшін, құлдарын тозақта мәңгі жағатынын айту, бұл пақырға ауыр келуде. Кішкентай кезінде өлген кәпірдің балалары да, осылай жоқ болады.

Бір пайғамбар “алейһимуссалауати уәттәслимат” өлгеннен кейін, залымдар тарапынан діні бұзылып, ұмытылған жерде өмір сүріп, пайғамбарлардан және Ислам дінінен хабары болмаған адам да, жаннат пен жаһаннамға кіргізілмейді, осылай қайтадан жоқ етіледі.» Кәпір мемлекетте өмір сүріп, исламды естімегендердің де жағдайы осылай болады.)

Иман етілетін нәрселерді және парыздар мен харамдардың мәшһүр болғандарын қажетінше үйрену парыз болып табылады. Бұларды үйренбеу харам болады.  Естіп тұрып, үйренуге мән бермеу күпірлік болады. Жәһилдіктің емі – оқып үйрену.

Жәһилдіктің екінші түрі – «Жәһли мурәккәб» (өзін білгіш деп есептейтін сауатсыздардың күпіршілігі). Қате, бұзық сенімде болу. Грек пәлсапашыларының және мұсылманның жетпіс екі бидғат ағымында иманы кеткендер осы түрге жатады.  Бұл жаһилдік, біріншісінен де жаман. Бұл емі белгісіз ауру секілді. Иса алейһиссалам: «Саңырауды, мылқауды емдедім. Өліні тірілттім. Бірақ жаһилдіктің шипасын таба алмадым» деген екен. Өйткені, мұндай адамдар жаһилдігін, надандығын ілім мен кемелдік деп санайды. Мұндай адамдар өзінің жаһил және рухы ауру екендігін білмейді, сондықтан да емін іздемейді. Тек Аллаһу та’аланың хидаятымен өзінің ауру екенін түсінгендері ғана бұл дерттен құтыла алады.

 

2) «Күфри жухуди»ге, куфри инади да делінеді. Бұл қырсықтық нәтижесінде кәпір болғандардың күпіршіліктеріне берілген есім. Күфри жухуди – бір нәрсенің күпірлік екенінін біліп тұрып, теріске шығарып кәпір болу. Кәпірліктің бұл түрі кібірлік себебімен және мал-мүлік, мансап иесі болуды жақсы көруден немесе айыпталудан қорқу себебінен пайда болады. Перғауын мен оның жолдастарының күпірлері осы түрден еді. Ол Мұса алейһиссаламның муғжизаларын көрсе де иман етпеді. Біз өзімізге ұқсаған адамға сенбейміз деді. Өздері сияқты адам баласының пайғамбар болатынын қабыл етпеді. Пайғамбар періштелерден болу керек деді. Алайда, өздері сияқты адам болған перғауынға илаһ (тәңір) деп, оған табынды. Византия императоры Геракл да тақтан, салтанатынан айрылып қалам деген қорқынышынан иман келтірмеді. Грек императорлары Кайсер (Цезарь) деп аталады. Парсы патшаларына Кисра, Хабәш (Эфиопия) билеушілеріне Нәжаши және Түрік сұлтандарына Хақан (Қаған), Қибти патшаларына Перғауын, Мысыр сұлтандарына Азиз, Химер сұлтандарына Тубба делінеді. Сахабалардан болған Дыхиә «радиаллаһу та’ала анһ» Расулуллаһтың «саллаллаһу алейһи уә сәлләм» исламға шақырған хатын Мәдинадан Шамға, Гераклға апарды. Геракл одан бір күн бұрын Меккеден Шамға келген Құрайш кәпірлерінің сауда керуенінің басшысы Әбу Суфйанды сарайына шақырып:

Мәдинада біреудің өзін пайғамбармын дегенін естідім. Өзі атақты адамдардан ба? Немесе, төменгі топтан ба? Одан бұрын өзін пайғамбармын дегендер болды ма? Ата-бабаларының ішінде патша, билеуші болғандар бар ма? Оған мойынсұнып жатқандар байлар ма, әлде кедей, қорғаусыз адамдар ма? Істері алға басып жатыр ма, жүрмей жатыр ма? Дініне кіріп, кейін қайта шыққандар бар ма? Сөзінде тұрмай, өтірік сөйлеген кезі болды ма? Соғыстарында жеңіске жетіп жатыр ма, әлде жеңілуде ме? Әбу Суфйан бұл сұрақтарға жауап бергеннен кейін, Геракл: «Жауаптарың оның пайғамбар екенін көрсетуде» деді. Әбу Суфйан (ол кезде әлі иман келтірмегені үшін) күпірлігінен және көре алмағандықтан, өтірік айтқан жерлері де болды. «Бір түннің ішінде Меккеден Құдыстағы Ақса мешітіне апарылғанын айтты»- деді. Гераклдың жанындағыларың бірі сөзге араласып:

Мен, сол түні Ақса мешітінде едім, деп, сол түні көргендерін айтып берді. Ертеңіне, Геракл хатты оқытты. Хатқа сенгенін, Мұхаммед алейһиссаламға иман келтіргенін Дыхиеге білдірді. Бірақ, иман келтіргенімді халыққа жариялауға қорқып отырмын. Бұл хатты пәлен попқа алып бар. Ол көп нәрсе біледі. Ол да иман келтіреді деп ойлаймын деді. Поп Расулуллаһтан келген хатты оқып, дереу иман келтірді. Айналасындағылардың да иман келтірулерін сұрады. Айналасындағылар попты өлтіріп тастады. Дыхие Гераклға келіп болған жағдайды айтты. Геракл, осылай болатынын білгендіктен иман келтіргенімді ешкімге айтпадым деді. Расулуллаһқа хат жіберіп, иман келтіргенін білдірді. Басқаласы Хумсқа барды. Сол жерде өзіне, бір адамнан келген хатта, Мұхаммед алейһиссаламның пайғамбарлығы және табыстары білдірілді. Көсемдерді жинап, хатты оқытып, өзінің иман келтіргенін айтты. Халықтың барлығы қарсы шықты. Халықтың иман келтірмей, теріске шығаратынын түсінген Геракл олардан кешірім сұрады. Мақсатым – дінімізге қаншалықты берік екендеріңді білу ғана еді деді. Бұл сөзді естіген халық оған сәжде етіп, разы болғандарын білдірді. Геракл сән-салтанатын жоғалтып алмау үшін күпірді таңдады. Мұсылмандармен соғысу үшін Мута деген жерге әскер жіберді. Ол жерде көп мұсылман шәһид болды. Расулуллаһ саллалаһу алейһи уәсәлләм Гераклдың хатын алғаннан кейін: «Өтірік айтады. Насрани (христиан) дінінен шықпады» деді. Гераклға жіберілген Расулуллаһтың хатының көшірмесі «Бұхари және Мәуахиб» және «Бәриқа» кітаптарында жазылған.

 

3) Күпірліктің үшінші түрі – «Куфри һукми». Исламның имансыздықтың белгісі деп білдірген сөздерін сөйлеп, істерін жасаған адам, жүрегімен сенсе және сенгенін айтса да кәпір болады. Исламның құрметтеуді әмір еткен нәрселеріне тіл тигізу және жамандау осыған жатады. Сондықтан, Аллаһу та’алаға лайық болмаған нәрсені айтқан адам кәпір болады. Мысалы, Аллаһу та’ала Арштан немесе көктен (жоғарыдан) бізге қарап тұр деп айту, сен маған зұлымдық жасағаның сияқты, Аллаһу та’ала саған зұлымдық жасап жатыр деу, пәлен мұсылман мен үшін яһудимен тең деп айту, өтірік сөзге Аллаһ көріп тұр, шын сөз деп айту және періштелерді кемсітетін нәрселер айту, Құран кәрімді, тіпті оның бір әрібін кемсіту, бір әрібіне сенбеу, сазды аспапқа сүйемелдеп Құран оқу, шын Тәурат пен Інжілге сенбеу, оларды жамандау, Құран кәрімді қасақана арапшадан басқа әріптермен оқып "Міне осы Құран болады" деп айту күпір болады. Пайғамбарларды кемсітетін сөздер айту, Құран кәрімде аттары өткен жиырма бес пайғамбардың “алейһимуссалауату уәттәслимат” біреуіне сенбеу, мәшһүр (танымал, белгілі) сүннеттердің біреуін менсінбеу, көп жақсылық жасайтын адамды мақтау үшін «Пайғамбардан да жақсы» деу күпірлік болады.

Пайғамбарлар “алейһимуссалауату уәттәслимат” мұқтаж еді деп айту күпірлік болады. Өйткені олардың кедей болуы өз қалауларымен еді. Біреу өзінің пайғамбар екенін айтса, оған сенгендер де кәпір болады. «Қабірім мен мінберімнің арасы, жанннат бақшаларынан бір бақша» деген хадис шәрифті естіп, мен мінбер, төсеніш және қабірден басқа ешнәрсе көрмей тұрмын деп айту күпірлік болады. Ахиретте болатын нәрселерді мазақ ету күпірлік болады. Қабірдегі және қияметтегі азаптарға (ақылға, ғылымға сай келмейді деп) сенбеу, жаннатта Аллаһу та’аланы көретініне сенбеу, мен жаннатты қаламаймын, тек Аллаһты көргім келеді деп айту күпірлік болады. «Исламға сенбеудің» белгісі болған сөздер айту, жаратылыстану ғылымдары дін ғылымдарынан жақсы деп айту, намаз оқысам да, оқымасам да бәрібір деп айту, зекет бермеймін деп айту, пайыз халал болғанда ғой, зұлымдық жасау халал болғанда ғой деп айту, харамнан тапқан мүлікті кедейге беріп, осы ісінен сауап күту, бұл мүлікті алған кедей харам екенін біле тұра берген адамға жақсы дұға жасауы, Имам Ағзам Әбу Ханифаның “рахимә-һуллаһу та'ала” қиясы (салыстыру жолымен шығарған үкімдері) хақ емес деп айту күпірлік болады. «Араф» сүресінің елу алтыншы аятында: “Аллаһу та'ала өз рахметі (мейірімі) болған жаңбырдан бұрын, оның хабаршысы етіп, алдымен желді жібереді. Жел ауыр бұлттарды тартады. Бұлттардан өлі болған жерге су жаудырамыз. Сол жаңбырмен жерден жемістер шығарамыз. Өлілерді де мазарларынан осылай шығарамыз» делінді. Осы аяти кәрима қияс жасаудың хақ екенін дәлелдеп тұр. Бұл аяти кәримада ихтилаф, яғни тартысты мәселені ауызбірлікпен жасалған бір мәселеге ұқсатуды (салыстыруды) білдіруде. Себебі, Аллаһу та’аланың жаңбыр жаудыратынын және жерден өсімдік шығаратынын барлық адам білетін еді. Өлгеннен кейін тірілудің хақ екенін, жер бетінің қурап, кейін қайта көгеруіне ұқсатып дәлелдеуде.

Ислам ілімдеріне сенбеу, бұларды және дін ғұламаларын төмен көру де, куфри жухуди болады.

Кәпір болуды қалаған адам, бұған ниет еткен кезінде кәпір болады. Басқа біреудің кәпір болуын қалаған адам, күпірлікті жақсы көргені үшін қаласа, өзі кәпір болады. Жаман, залым болғаны үшін, зұлымдығының жазасын жаһаннам отында тартуын қалағаны үшін қаласа, кәпір болмайды. Күпірлікке себеп болатынын біле тұра және өз қалауымен күпірлік сөздерді айтқан адам кәпір болады. Күпірлікке себеп болатынын білмей айтса да, ғалымдардың көбінің үкімі бойынша кәпір болады. Күпірлікке себеп болмайтын сөзді айтайын деп отырып шатасып, күпірлікке себеп болатын сөзді айтып қойған адам кәпір болмайды.

Күпірге себеп болатын бір істі, біле тұра жасау күпірлік болады. Білмей жасаса да күпірлік болады деген ғалымдар көп. Белге, зуннар деп аталатын поптың белбеуін байлау және күпірлікке тән заттарды кию де осыған жатады. «Нубха» кітабының 100-ші бетінде былай делінген: «Күпірліктің белгісі болған бір нәрсені жасаған, мысалы: пұтқа сәжде еткен адам кәпір болады.» Бұларды соғыста дұшпанға қарсы, соғыстың тысында залымға қарсы, айла ретінде қолдану күпір болмайды. Саудагердің дарул харбте (мұсылман емес мемлекетте) қолдануы күпірлік болады. Бұларды әзіл үшін, басқаларды күлдіру үшін, ойын үшін қолдану да күпірлікке себеп болады. Бұл күпірліктерде ақиданың (сенімнің) тура болуы пайда бермейді. Кәпірлердің мейрам күндерінде, сол күнге тән нәрселерді солар сияқты қолдану немесе сондай нәрселерді кәпірге сыйлау күпірлік болады. Мұсылман болу үшін нәпсінің иман келтіруі қажет емес. Нәпсіден көңілге (жүрекке) келген күпірлікке себеп болатын нәрселерді ойлап, оларды сыртқа айтпау – иманның күштілігінің белгісі. Күпірге себеп болатын нәрсені қолданған адамды кәпір деп айтпау керек. Бір мұсылманның бір ісінде немесе сөзінде тоқсан тоғыз күпір ықтималы болып, бір дана иман ықтималы болса, бұл адамға кәпір делінбейді. Мұсылмандар туралы жақсы ойда болу керек.

Ақылды, білімді, әдебиетші екенін көрсету үшін немесе жанындағыларды таң қалдыру, күлдіру, қуанту немесе мазақ үшін айтылған сөздерде куфри хукмиден қорқылады. Ашу-ызамен айтылған сөздер де осындай. Сондықтан, әр сөз бен істің қайда алып баратынын ойлау керек.

Барлық істе діннің үкімдеріне мұқият болу керек. Ешбір күнәға кішкентай деп менсінбей қарамау керек. Бір адам кішкентай бір күнә істесе, оған "бұл күнәңа тәубе ет" делінгенде, "тәубе ететіндей не істеп қойыппын сонша" немесе "не үшін тәубе етейін" десе күпір болады. Кішкентай кезінде некеленген қыз, [бала] ақыл-есі жетіліп, балиғат жасына толғанда иман, исламды білмесе және сұрағанда айта алмаса, некесі бұзылады. Өйткені, некенің сахих болуы үшін және жалғасуы үшін қызбен жігіттің иманды болуы қажет. Кішкентай кезінде оның діні ата-анасына тәуелді болғандықтан, иманы бар еді. Балиғатқа толғаннан кейін оларға тәуелді болуы жалғаспайды. Бұл ұл балаға да қатысты. Бір мұсылманды өлтірген немесе өлтіруге бұйрық берген адамға, жақсы істедің, дұрыс жасадың деген адам кәпір болады. Өлтірілуі керек болмаған адам үшін "өлтірілуі қажет" деп айту күпірлік болады. Кінәсіз бір адамды ұрған немесе өлтірген залымға, "жақсы жасадың, өзіне де сол керек" деп айту күпірлік болады. "Аллаһ көріп тұр, сені баламнан да қатты жақсы көремін" деп өтірік айту күпірлік болады. Мансапты бір мұсылман түшкіргенде, оған «йархамукаллаһ» деп айтқан адамға, "үлкендерге олай айтылмайды" деу күпірлік болады. Міндет екеніне сенбей, мән бермей, жеңіл көріп намаз оқымау, ораза ұстамау, зекет бермеу күпірлік болады. Аллаһтың рахметінен (мейірімінен) үмітін үзу күпірлік болады. Өзі харам болмай, кейін бір себепке байланысты харам болған мүлікке, ақшаға «харамы ли ғайриһи» делінеді. Ұрланған және харам жолдармен келген мүлік осыған жатады. Бұларды халал деп айту күпір болмайды. Өлексе, доңыз, шарап сияқты тікелей өздері харам болған нәрселерге «харамы ли айниһи» делінеді. Бұларға халал деп айту күпір болады. Харам екені нақты белгілі болған харам нәрселердің бірін халал деп айту күпір болады. Азан, мешіт, фиқһ кітаптары сияқты исламның құрмет тұтатын нәрселерін төмен көру күпір болады. Радиодан, микрофоннан есітілген азан шынайы азан емес, азанның ұқсасы. Бір нәрсенің ұқсасы ол нәрсенің өзі емес.

Дәретсіз екенін немесе намаз уақытының кірмегенін біле тұра намаз оқу, біле тұра қыбладан басқа жаққа қарап оқу күпірлік болады. Бір мұсылманды жамандау үшін оны кәпір деу күпір болмайды. Кәпір болуын қалап айту күпір болатыны жоғарыда айтылды. Аллаһу та’аланың әмірлері «Фарз» деп аталады. Тыйым салған нәрселеріне «Харам» делінеді. Фарздар мен харамдарға «Ислам» немесе «Ахками исламийә» [Ислам үкімдері] делінеді. Исламға сай болмаған нәрселерді істеуге – «Күнә істеу» делінеді. Күнә жасау күпірлік болмайды. Күнә екеніне мән берілмесе күпірлік болады. Ғибадат етудің керек екеніне және күнәдан сақтану қажет екеніне сенбеу күпірлік болады. Жиналған салықтар сұлтанның (патшаның) мүлкі екеніне сену күпір болады. Бір әулиенің бір уақытта әр түрлі мемлекетте көрінгенін айтудың жаиз (рұқсат) екенін Садрул-ислам білдірген. Шығыстағы бір әйел мен батыстағы бір еркектің балалары болуы мүмкін екендігі фиқһ кітаптарында жазылған. Үлкен ғұлама Омар Нәсәфи «рахимәһуллаһу та’ала»: «Аллаһу та’аланың әулиесіне, әдетін, заңдылықтарын бұзып “кәрамет” [керемет, ғажайып құбылыс] беруі жаиз» деген. Бұл сөз хақ. Надан адамнан «Иман не? Ислам не?» деп сұрамау керек. Бұлардың жауаптары айтылып, осылай ма, деп сұрау керек. Некелері қиылатын жігіт пен қыздан алдымен осылай сұрап, мұсылман екендіктерін біліп алу керек. Күпірлікке себеп болатын сөздер мен әрекеттерді көрген кезде, оны істеген адамды дереу кәпір демеу керек, күпірлікті қалап, ислам үкімдеріне мән бермегені білінбейінше суизан етпеу (жаман ойламау) керек.

Иманның кетуіне себеп болатыны ғалымдардың ауызбірлігімен білдірілген нәрсені әдейі айтқан, істеген мұсылман кәпір болады. Мұндай адамға «Мүртәд» делінеді. Мүртәдтің мүртәд болмай тұрып жасаған ғибадаттары мен сауаптары жоқ болады. Қайтадан иман келтірсе, бай болса, қайтадан қажылық жасауы керек болады. Намаздарын, оразаларын, зекеттерін қаза етуі керек болмайды. Мүртәд болмай тұрып қазаға қалдырған ғибадаттарының қазасын өтеуі тиіс. Өйткені, мүртәд болғанда бұрынғы күнәлары жоқ болмайды. Мүртәд болған адамның некесі фәсх болады, яғни бұзылады. Иманға келіп, некесін жаңаламай туған балалары «уәләди зина» [зинадан туылған] болады. Сойғаны өлексе болады, желінбейді. Иманынан айрылуға себеп болған нәрсеге тәубе етпейінше, тек «Шаһадат кәлимасын» айтумен немесе намаз оқумен мұсылман бола алмайды. Мүртәдтікке түсіретін нәрсені істегенін мойындамауы да тәубе болып саналады. Тәубе етпей өлсе, жаһаннам отында мәңгі азапқа тартылады. Сондықтан күпірліктен қатты қорқу керек, аз сөйлеу керек. Хадис шәрифте: «Әрқашан қайырлы, пайдалы сөз айтыңдар. Немесе үндемеңдер!» деп бұйырылған. Салмақты болу керек, жеңілтек, ойнақы болмау керек. Дінге, шариғатқа, ақылға, адамгершілікке сай болмаған нәрселерді істемеу керек. Күпірліктен қорғауы үшін Аллаһу та’алаға көп дұға ету керек. Хадис шәрифте: «Ширктен сақ болыңдар. Ширк – құмырсқа аяғының даусынан да жасырын» делінген. Бұл хадис шәрифтегі «ширк» күпір деген сөз. Мұндай жасырын нәрседен қалай сақтануға болады деп сұралғанда: «"Аллаһүммә инна на'узубикә ән-нушрикә-бикә шәй’ән на’ләмуһу уә нәс-тағфирүкә лимаа ла-на’ләмуһу" дұғасын оқыңдар!» деген. Бұл дұғаны таңертең және кешке көп оқу керек. Кәпірлердің жаһаннам отында мәңгі азапқа тартылатыны, жаннатқа ешқашан кірмейтіні ауызбірлігімен білдірілген. Кәпір дүниеде мәңгі өмір сүрсе де мәңгі кәпір болу ниетінде болғаны үшін, жазасы да мәңгі азап болады. Аллаһу та’ала барлық нәрсенің жаратушысы, қожайыны. Өз мүлкіне қалағанын жасауға хақы бар. Оған, не үшін бұлай жасадың деуге ешкімнің хақы жоқ. Бір заттың иесінің, ол затқа қалаған нәрсесін жасауына зұлымдық делінбейді. Аллаһу та’ала, Құран кәрімде, залым еместігін, ешбір махлұлығына (жаратқанына) зұлымдық жасамайтынын білдіреді.

[Аллаһу та’аланың «Әсма-и хусна»-сы бар. Оның бұл есімдері де Өзі сияқты әзәли болып табылады. Барлық нәрсенің жоқтан бар болғанын, барлық жаратылыстың жоқ болатынын көрудеміз. Бұл шексіз бұрыннан осылай келе жатқан бола алмайды. Барлық нәрсені жоқтан бар еткен және өзі еш жоқ болмайтын бір жаратушы жаратқан. Бұл жаратушы Өзінің бар екенін білдіру үшін, пайғамбарлар және кітаптар жіберген. Пайғамбарлар мен кітаптар белгілі. Есімдері әлемнің барлық жеріндегі кітапханаларда жазулы. Бар болған нәрсе теріске шығарыла алмайды. Аллаһу та’аланың бар екеніне сенбеу, нақты бар нәрсені теріске шығару болып есептеледі. Ал Аллаһу та’аланың бар және бір екеніне сенбеу, күнделікті оқиғаларды кітапта оқып сенбеу сияқты болады. Бұл ақылы бар адамның ісі емес. Тоқсан тоғыз есімінің арасында «Мүнтәқим» және «Шәдид-ул иқаб» сияқты есіміне байланысты жеті жаһаннамды жаратты. «Рахман» және «Рахим» және «Ғаффар» және «Латиф» және «Рауф» сияқты есімдеріне байланысты сегіз жаннатты жаратты. Жаһаннам мен жаннатқа кіруге себеп болатын нәрселерді әзелде [ежелде, басы жоқ ертеде] ажыратып, бөліп қойды. Өте мейірімді болғандықтан бұл себептерді құлдарына білдірді. «Жаһаннамға кіруге себеп болатын нәрселерді жасамаңдар! Оның оты өте қатты. Шыдай алмайсыңдар!» деп, құлдарын қайта-қайта ескертті. Мәңгі болған жаннат ниғметтеріне қауыштыратын нәрселерді жасап, [Ислам үкімдеріне мойынсұнып] дүние мен ахиретте рахат және бақытты өмір сүруге шақырды. Бұл дағуатты ұнатып, қалап, таңдаулары үшін адамдарға ақыл мен қалау, таңдау ниғметтерін де берді. Аллаһу та'ала ешбір адамның жаһаннамға кіруін, тозаққа апаратын нәрселерді жасауын әзелде әмір етпеді, қаламады. Бірақ дүниеде кімдердің жаннат жолын, кімдердің жаһаннам жолын таңдайтынын әзелден білетін еді. «Қаза» мен «Тағдыр» етуі, яғни ілімі де әзәли болып табылады. Әбу Ләһәбтың жаһаннамға баратынын хабар беруі, оның жаһаннамға баруын әзелден қалағаны үшін емес, жаһаннам жолын таңдайтынын білгені үшін еді.

Иманға келу өте оңай. Жаратылыстағы есепті жүйеге, тәртіпке қарау және олардағы нәзіктікті жан-жақты ойлау әрбір адамға уәжіп. Атомнан тартып аспандағы күнге дейінгі барлық жаратылыстағы таңқалдырарлық тәртіп және олардың бір-бірімен байланысы, бұлардың өз-өзінен кездейсоқ пайда болмағанын, ілімді, хикметті және шексіз қуат иесі болған бір жаратушы тарапынан жаратылғанын ашық көрсетуде. Ақылды болған әрбір адам, мектепте және университетте астрономия, жаратылыстану, биология және медицина білімдерін үйренгенде, бұл жаратылыстардың бір жаратушысы бар екенін және Ол жаратушының әр қандай кемшіліктен ұзақ екенін және Мұхаммед алейһиссаламның Оның пайғамбары екенін және пайғамбардың білдіргендерінің барлығының жаратушыдан келгенін тез түсінеді. Бұл жаратушыға бірден сенеді. Кәпірлердің, яғни кәпір болып өлгендердің мәңгі жаһаннамда қалатынын, мұсылмандардың жаннат ниғметтері ішінде мәңгі өмір сүретінін білгеннен кейін қуана-қуана мұсылман болады. Әрзурумдық Ибраһим Хаққы хазреттері 1195 (м. 1781 де) Сиридте қайтыс болған. «Марифатнама» кітабының 9-шы бөлімінде, былай дейді: «Жаратылыстану және астрономия білімдері және техникалық машиналар, фабрикалар ақылмен, тәжірибемен пайда болғандықтан уақыт өткен сайын жаңалары табылып, көптеген ескі мәліметтердің қате екендігі анықталған. Ескі және жаңа, қате және дұрыс барлық жаратылыстану білімдері бұл әлемнің жоқтан бар етілгенін, шексіз ілім және құдірет иесі болған бір жаратушының бар екеніне сену керектігін көрсетуде.» Мұхаммед алейһиссаламның көркем ахлақы мен мұғжизаларын оқыған адам да Оның пайғамбар екенін түсінеді.]