11 - Шәууал, 1445 жыл.
     20 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Адамдарды қуанту

Адамдарды қуанту

Сұрақ:  Бір мұсылманға жасалатын жақсылықтар ішінде Аллаһ дәргейінде ең құнды нәрсе не?

Жауап: Аллаһ дәргейінде мұсылманға жасалатын ең құнды нәрсе – жақсылық жасап мұсылманды қуанту. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Парыздардан кейінгі ең құнды амал – бір мұсылманды қуанту.» (Табарани)

«Аллаһ дәргейінде ең құнды амал – мұсылманның қарызын төлеу немесе қиыншылығына көмектесу арқылы оны қуанту.» (Табарани)

«Ең құнды амал – бір мұсылманның кемшілігін жасыру, қарнын тойдыру немесе бір мұқтаждығына көмектесу арқылы оны қуанту.» (Исфахани)

«Бір мұсылманды қуантқан адам мені қуантқан болады. Мені қуантқан адам Аллаһ дәргейінде бір уәде алған болады. Аллаһтан уәде алған адамға от ешқашан тиіспейді.» (Әбушшәйх)

«Аллаһ дәргейінде діндес бауырын қуантудай құнды нәрсе жоқ.» (И. Нәжжар)

«Бір мұсылманды қуантқан адам қабірімде мені қуантқан болады. Мені қуантқан адамды Аллаһ қияметте қуантады.» (И. Нәжжар)

«Бір мұсылманның қиыншылығына көмектесіп, оны қуантқан адамды Аллаһу та'ала қияметте ең қиын сәттерде қиыншылықтардан құтқарады.» (Бұхари)

«Мұсылман мұсылманның бауыры, оны ренжітпейді, оны қиыншылықта қалдырмайды. Бауырының қиыншылығын кетірген адамның қияметте Аллаһу та'ала қиыншылығын кетіреді.» (Нәсаи)

«Барлық нәрсенің кілті бар. Жаннаттың кілті – кедейлерді жақсы көру.» (И. Адий. И. Нәжжар)

«Бір адам мұсылман бауырын қуантқан кезде бір періште бұл адамға әруақыт дұға етеді. Ол адам өліп қабірге қойылған кезде періште қасына келіп: “Мені танисың ба?” дейді. Мәйіт: “Жоқ” дегенінде: “Мен сенің бір мұсылманға берген қуанышыңмын. Бүгін сені қуанту үшін келдім. Қабірде қасыңда боламын, қияметте де саған шапағат етіп, жаннаттағы мақамыңды көрсетемін” дейді.» (И. Әбид-дуния)