19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Бидғат ақида (сенімі)

Бидғат ақида (сенімі)

6- «Бидғат ақида» – иман ету қажет болған нәрселерді бұрмалап, қате, бұзық сенуді айтады. Иман және ақиданың бұзық және бұрмаланған болуы. Мұсылмандардың басым бөлігі осы  жаман ауруға шалдыққан. Сезім мүшерлерімен түсінілмейтін, есебіне жетіп бара алмайтын нәрселерде ақылды қолдану және ақылдың қателескен нәрсесіне сену адамды осы ауруға шалдықтырады. Әр мұсылман «ақидада мазһаб»-тың екі имамының біріне, яғни «Матуриди» немесе «Әшари» мазһабының біріне мойынсұнуы тиіс. Осы имамдардың біріне еру, адамды бұл аурудан құтқарады. Себебі «Әһли сүннет» ғұламалары “рахимә-һумуллаһу та’ала” ақылдың күші жетпейтін ілімдерде тек Құран кәрімге және хадис шәрифтерге мойынсұнған, ақылдарын тек осы екеуінің мағыналарын іздеп табуда және түсінуде ғана қолданған. Әһли сүннет ғалымдары бұл мағыналарды сахабалардан тыңдап үйренген және осы үйренгендерін кітаптарына жазған, ал сахабалар болса, Расулуллаһтан есітіп үйренген.

[Құран кәрімде және хадис шәрифтерде ашық білдірілген бір нәрсеге сенбеген немесе күмәнданған адам «кәпір» [Аллаһтың дұшпаны] болады. Ашық білдірілмеген, күмәнді, астарлы түрде келген әмірлерге қате мағына беру «бидғат» болады. Құраннан, хадистен қате мағына шығарған адамға «әһли бидғат» (бидғатшы) делінеді. Өзінің түсінгендерін, өз пікірін Құран, хадис деген адамға «зындық» делінеді. Осы қате түсінген мағыналарына сенген адам бидғатшы болады. Мұндай нәрсе жоқ, ақылға сыймайды десе кәпір болады. Харам болған бір нәрсені мубах деген адам, бұл сөзін бір аят немесе хадис шәрифке сүйеніп айтса, кәпір болмайды, бидғатшы болады. Әбу Бәкір мен Омардың халифа болулары әділетсіз болды деп айту бидғат болады. Халифалыққа құқықтары жоқ еді деп айту күпірлік болады. Мұхаммед Шихристани “рахимә-һуллаһу та’ала” «Миләл уә Нихал» атты кітабында былай дейді: Ханафи мазһабының ғұламалары сенімде Әбу Мансур Матуриди “рахимә-һуллаһу та’ала” хазреттеріне мойынсұнған. Өйткені Әбу Мансур хазреттері усул мен фуруъда Имам Ағзам Әбу Ханифаның мазһабында еді. «Усул» – ақида, сенім деген сөз. «Фуруъ» – ислам үкімдері деген сөз. Малики, Шафии және Ханбали мазһабтарының ғұламалары ақидада Әбул-Хасан Әшари “рахимә-һуллаһу та’ала” хазреттеріне мойынсұнған. Әбул Хасан Әшари хазреттері Шафии мазһабын ұстанған. Шафии ғұламаларынан Әбул Хасан Әли Субкидің ұлы Абдулуәһһаб Тажуддин Субки “рахимә-һуллаһу та’ала” былай дейді: Ханафи ғұламаларының кітаптарын оқыдым. Он үш мәселеде Шафии ақидасынан бөлінгенін көрдім. Бірақ бұл бөлінулері оларды тура жолдан шығармайды. Негізде айырмашылық жоқ. Екеуі де хақ, тура жолда.  Мұхаммед Хадими “рахимә-һуллаһу та’ала” «Бәриқа» кітабының үш жүз он жетінші бетінде Матуриди мен Әшари мазһабтары арасындағы ең кішкентай айырмашылықтарды да қосып, барлығының жетпіс үш екенін білдірген. Бидғатшылардың сөзсіз жаһаннамға баратындары «Хадиқа» және «Бәриқа» кітаптарында ұзақ жазылған.]