18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Жындардың зияндары

Жындардың зияндары

Сұрақ: Жын адамға зиянын тигізе ме, адам пішініне ене ала ма? Оның зиянынан сақтану үшін не істеу керек?

Жауап: Жындардың мұсылманы да, мұсылман емесі де бар. Мұсылман жындардан адамдарға ешқандай зиян келмейді. Олар тек ғибадат жасайды. Оларды Әһли сүннет ғалымдары таниды. Салих (тақуа) адамдар секілді көрініп, сөйлеседі. Ал кәпір жындар адамдарға әр-түрлі жолдармен зиян тигізеді. Адамнан айрылмай әр-түрлі кейіпке енеді. Мысалы микроп пішініне еніп адамның тамырларында жүреді. Тек мұсылмандардың жүрегіне кіре алмайды, бірақ уәсуәса бере алады. Ешкі, жылан, мысық кейпіне кіргендері көп көрілген. (Саәдәти Әбәдийә)

Кәпір жындар жақсы адам бейнесіне кіріп жақсы және пайдалы нәрселер де істеуі мүмкін. Жындар адамдардың кәпірлерімен және пасықтарымен жолдас болатын болса, оларға жабысып, оларды күпірге және күнәға сүйрейді.

Жындар мен шайтандар түсте де көріне алады. Әдемі, сұлу бейнеге еніп жүніп болуға себеп болады.

Әр адамның қасында бір кәпір жын жүреді. Періштелер адамды жындардың зиянынан қорғайды. Аяттар мен дұға оқып, Аллаһу таалаға сиынғандарға да жындар ешнәрсе істей алмайды.

Жындардың адамдарға аурулардың емін және керекті дәрілерді білдіргендері, қояншық, талма аурулармен ауырғандардың денесіне кіріп, оған зиянын тигізгені, адамдарға көздерінің тиетіндігі туралы кітаптарда жазылған.

Жындар үш түрлі болады:

1- Жел және ауа сияқты болғандар,

2- Жердегі жәндік сияқты болғандар,

3- Діннің әмір мен тиымдарын орындауға міндеттелгендер, бұл топтағыларға есеп пен азап бар.

Жын ауа және оттан жаралғандықтан өте нәзік (жеңіл, көзге көрінбейтін) болады, жылдам қимылдайды, жеңіл бір соққы жасалса өліп қалады. Өмірлері өте қысқа, дін ілімдері аз және тәкаппар болады. Ылғи да бір-бірлерін төмпештеп, соғысып жүреді. Жынның өлімі жер бетінен жоқ болып кетуімен іске асады. Қартайғандары жасарып, балалық шағына оралады да өліп жер бетінен жоқ болады.

Кәпір жындар сиқыршы, палшы және дуалаушылармен дос болып алады. Олардың көрсетен адамдарына сиқыр=дуа жасайды. "Хадиқа" кітабындағы хадис шәрифте: «Сиқыр=дуалау жасаған, жасатқан және оларға сенген адам бізден емес.» делінген. Жынмен айналысатындар, палшылар және жұлдызнамамен жорамал жасап, сұралған нәрселерге жауап беретіндердің барлығы сиқыршы, дуалаушы тобына кіреді. Мұндай адамдарға барып, айтқандарына, істегендеріне сену, кейде дұрыс шықса да Аллаһтан өзгенің барлық нәрсені білетініне және қалағанын істей алатынына сену, күпір болады.

Өткен нәрселерді жыннан сұрау жаиз, болашақтағы нәрселерді сұрау жаиз емес. Өйткені, болашақты және ғайыпты тек Аллаһу та’ала біледі. Кәпір жындар өтірікші болғандықтан болған нәрсені көрмесе де көрдім деп айтуы мүмкін. Жынмен айналысатын, палшыларға дуалаушыға барып адамды жыннан құтқаратынына сеніп, оған ақы төлеу жаиз емес. (емші, тәуіп, көріпкел деген атпен халық арасында жүрген палшылардың "атамның аруағы хабар береді" деп айтып жатқан нәрселерінің барлығы жындардың хабарлары.)

Жыннан құтылу үшін ең әсерлі қару – Кәлимаи Тәмжид «Ла хаулә уә ла қууата илла биллаһил алийил азим» және истиғфар дұғасы. Бұл дұғаларды оқығандардан жындар қашады және сиқыр шешіледі. «Жын хаты» деп аталатын дұғаны, өзімен алып жүретін немесе үйінде сақтап қоятын адамға жын келмейді, дәнігіп қалған жындар да кетеді.

Аятәл күрси, Ихлас, Фалақ, Нас және Фатиха сүрелерін жиі-жиі оқу да адамды жыннан қорғайды. Бұл аяти кәрималарды оқу арқылы, аталмыш хатты өзімен алып жүру арқылы, шипа аяттарын оқу арқылы және жазып суын ішу арқылы пайдасын көргісі келетіндердің Әһли сүннет сеніміне сай дұрыс иман иесі болуы керек. Бұларды жазған және ішкендердің иманы дұрыс болмаса және харам істейтін болса, пайдасын көре алмайды.

Жын мен шайтанның зиянынан қорғану үшін және қояншық ауруына және сиқырға, дуаға қарсы қорғаушы аят деп аталатын «Аяти хырз»-ды жеті күн оқу керек және бұл аяттарды өзімен алып жүру керек.

Әулиелердің рухтары тірі адамдарға көрініп немесе көрінбей де жақсы көретін адамдарына пайдасын тигізеді және пәлекеттерден қорғайды. Әулиелерді тануға, жақсы көруге және жақсы көрілуге тырысу керек. (Кеңірек мәлімет үшін Сәадати Әбәдийә кітабына қарау керек)

 

Жын және шайтан.

Сұрақ: Жын мен шайтанның жаратылысында қандай айырмашылық бар?

Жауап: Шайтан да жын сияқты от пен ауадан жаратылған. Бірақ, жында ауаның үлесі, шайтанда оттың үлесі көбірек. Жындардың кәпірлері болғаны сияқты, мұсылмандары да болады. Ал, шайтандардың барлығы кәпір. (Рисалаи Кәшкул)