23 Маусым 2017   



Түс көру

Cұрақ: Түс туралы, түс жору туралы мәлімет бересіздер ме?

ЖАУАП: Түстің шайтанисі де болады, Рахманисі де болады. Түсті жору терең ілімді талап етеді. Біз оны ажыратып біле алатындай ілімге ие емеспіз. Әр адам жора алмайды. Әсіресе мына заманда бұл ілімді білетін адам жоқ десе де болады.

Хазреті Имам Раббани “қуддиса сиррух” Мәктубат кітабының 1-ші том 32-ші мәктубында «Түске сенбеңдер! Өйткені көбі қиялмен көрінеді, дұрыс болмайды. Шайтан күшті дұшпан. Оның алдауынан құтылу қиын. Тек Аллаһу та’аланың қорғаған, таңдаған адамдары ғана құтылады. Тағы қайталап айтамын түске мән бермеңдер!» деген.

Түстегі нәрселер емес, өңдегі нәрселер маңызды. Түстегі қол жеткізілген және махрұм қалынған нәрселерге емес, өмірде қол жеткізілген және айрылып қалынған нәрселерге көбірек мән беріңіз.

Егер көрген түсімізді біреуге айтқымыз келсе, тек жақсыларын салих (намаз оқитын, ашықша күнә істемейтін) кісілерге айту керек. Өйткені салих кісі түс жору ілімін білмеседе, түсті жақсылыққа жорады, сондықтан одан зиян келмейді. Жаман, аралас түстерді ешкімге айтпаған жөн! Бұл жайлы Пайғамбарымыз хадис шәрифтерінде былай бұйырады:

«Жаман түс көрген адам оны ешкімге айтпасын, шайтаннан да қорғауы үшін Аллаһқа жалбарынсын.» [Муслим]

«Жаман түс көрген адам оянған соң сол жағына үш рет түкіріп, шайтанның жамандығынан сақтауы үшін Аллаһқа сиынсын. Сонда түс оған зиян келтірмейді.» [Муслим]

«Жақсы түс көрген адам дереу Аллаһу та’алаға хамд-шүкіршілік етсін! Жаман түс көрген болса, Аллаһу та’алаға сиынсын, түсін ешкімге айтпасын! Сонда оған түстің зарары тимейді.» [Дара Құтни]

«Түсінде қуанышты нәрселер көрген адам түсін көкірегі ояу, адал, салих кісіге айтсын! Ол да түсті жақсылыққа жорсын!» [Байхаки]

«Түс қалай жорылатын болса солай шығады. Сондықтан түсіңізді насихат бере алатын кісілерге немесе ғалымдарға айтыңдар!» [Хаким]

Бір күні бір әйел көрген түсін Пайғамбарымызға келіп айтқанда: «Жаныңда болмаған кісіңе [күйеуіңе] қауышасың) деп жорады. Әйел күйеуіне қауышады. Арадан біраз уақыт өтіп тағы да дәл сол түсті көреді-де басқаларға жорытады. Олар «күйеуің өледі» деседі. Айтқандары болады.

Сондықтан түсті жақсылыққа жору керек! Жақсы түс көргенде «иншааллаһ жақсылыққа болсын» деу, жаман болса, «Аллаһу та’ала сені мына түстің жамандығынан қорғасын» деу қәжет! (Бостан-ул-арифин)