23 Қаңтар 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ең жақсы және ең жаман екі нәрсе

Ең жақсы және ең жаман екі нәрсе

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Құндылығы ең жоғары болған екі нәрсе бар. Бұл екі нәрседен асқан құнды еш нәрсе жоқ. Бұлардың біріншісі Аллаһу та’алаға иман, екіншісі Оның құлдарына пайдалы болу, адамдарды қуанту. Ең жаман болған екі нәрсе бар, яғни одан асқан төмен ешнәрсе болмаған. Біріншісі Аллаһу та’алаға серік қосу, екіншісі Оның құлдарын ренжіту. Қағбаны бұзу қаншалықты үлкен күнә екенін білеміз. Ал бір мұсылманды ренжіту болса, Қағбаны жетпіс рет бұзудай үлкен күнә. Адамды ренжітудің қаншалықты жаман екенін осы жерден де түсінуге болады.

Мұсылман мұсылманның бауыры. Кімде-кім бір мұсылман бауырына көмектессе Хақ та’ала оған да көмектеседі. Кім бір мұсылман бауырының айыбын жабатын болса, Хақ та’ала да ахиретте оның айыбын жабады. Кім бір мұсылман бауырын қуантса, Аллаһу та’ала да ахиретте оны қуантады. Кім бір мұсылман бауырының мұқтаждығын кетірсе, Аллаһу та’ала да оның мұқтаждығын кетіреді.

Дін ғұламаларының жолының негізі – адал болу. Адамдардың жақсы жақтарын көріп жақсы көру. Бір-бірімізді жақсы көруіміз, нәпсімізді жақсы көрмеуімізге байланысты. Нәпсін жақсы көретін адам, дін ғұламаларын және Аллаһу та’аланы жақсы көре алмайды. Өйткені көңілде (жүректе) екі жақты махаббат болмайды.

Мұсылманның көзінің нұры, көңілінің шаттығы – намаз. Дерттеріне дауа, қиындықтарына шара – намаз. Аллаһу та’аланың құзырына шығу (кездесу) уақыты – намаз. Намаз оқымайтын адам бұл кездесуді тастап кіммен кездесуге бармақ! Әлхамдулилләһ – Аллаһу та’алаға хамд, шүкір болсын деген сөз. Намаз оқитын адам күніне 40 рет шүкір етеді, өйткені намазда Фатиха сүресін оқиды. Аллаһу та’ала намаз оқитын адамды қаншама күнәсына қарамай құзырына қабылдауда. Бұл адам қабыл етілгендерден болып саналуда. Көп адамдар бар оларды мүлдем алдына қабыл етпеуде. Намаз оқитын адам осы үшін де көп шүкір етуі керек. Ал намаз оқымайтын адам да осы жөнінде қатты ойлануы керек.  

Сахабалардан біреуі, пайғамбарымызға келіп: “Табысымның көптігіне қарамай тұрмыс ауыртпалығын тартудамын” деп жағдайын айтады. Пайғамбарымыз

- «Үйіңде намаз оқымайтын адам бар ма?»- деп сұрайды. Ол

- «Жоқ, үйде барлығымыз намаз оқимыз, намаз оқымайтын адам жоқ»- деп жауап береді. Пайғамбарымыз:

- «Көршілеріңнен немесе сол көшелеріңде намаз оқымайтын адам бар ма?»- деп сұрайды. Сахаба:

- «Көршілерімізден де көшемізде де намаз оқымайтын адам жоқ»- дегенде пайғамбарымыз:

- «Бір сұрастырып көр, көшелеріңнен бір намаз оқымайтын біреу өтті ме екен?» деп бұйырады. Қайтып келген сахаба:

- «Сұрастырдық көшеден намаз оқымайтын ешкім өтпеген екен»- дейді. Пайғамбарымыз:

- «Бұл берекесіздік намаз оқымаудан туындауда»- дегенде сахаба қайтадан сұрастырып:

- «Йа расулаллаһ намаз оқымаған біреудің жаназасы өтіп бара жатып табыты біздің үйдің дуалын сызып кеткен екен»- дейді. Бұған пайғамбарымыз:

- «Міне, үйіңдегі берекесіздіктің себебі осы, ол дуалды тез арада бұзып қайта тұрғызыңдар!»- деп бұйырады.