21 Қыркүйек 2017   


  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Жоғалған нәрсені табу үшін дұға

Жоғалған нәрсені табу үшін дұға

Сұрақ: Жоғалған нәрсені табу үшін білдірілген дұға бар ма?

Жауап: Жоғалған, ұрланған нәрсені табу үшін күнде жиырма бес рет: «Йа жами'аннаси лийәумин ла райбә фиһи инналлаһә ла йухлифул ми'ад ижма' бәйни уә бәйнә...» дұғасын оқу керек. Тапқанға дейін оқу керек. Дұғаның соңындағы көп нүктенің орнына жоғалған нәрсенің атын айту керек. (Ибн Абидин)

Тағы бір дұға:

Бір нәрсесі жоғалған, ұрланған адам күнде екі рәкат намаз оқып, сәлемнен кейін "Аллаһуммә йа Хади уә йа Раддәд-далләти, әрдид аләййа далләти би-иззатикә уә султаникә фә-иннәһа мин фадликә уә атаикә" дұғасын оқуы керек. (Бостанул-арифин)

Имам Ғазали хазреттері былай деген:

«Риуаят бойынша Сахабалардан және Табииндерден бір топ адам бір нәрсе жоғалтқанда Духа сүресін оқып, жоғалтқан нәрселерін табатын.»