25 Мамыр 2017   


  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Ғибадаттардың пайдаларын ойлау

Ғибадаттардың пайдаларын ойлау

Ислам діні білдірген үкімдердің ахиреттегі пайдаларымен қоса дүниедегі пайдаларын, қоғамдағы жақсылықтарын да ойлауға тыйым салынбаған. Бұл пайдаларын заманның жаңа технологияларымен анықтап түсіндіру дін адамдарының міндеттері.

Дініміз білдірген үкімдердің дүниедегі пайдалары мен жақсылықтарын мұсылмандардың білуі пайдалы болса да, бұл жағдай тек білумен ғана шектелуі тиіс. Және ғибадаттарды дүниелік пайдалар үстіне негіздеу дәрежесіне келмеуі керек. Болмаса ғибадаттар бұзылады. Мысалы, соғысқа барған мұсылман отанын, дінін, иманын, намысын қорғау үшін емес, атақ, даңқ, байлық және абырой үшін соғысса, ғибадат орындаған болмайды, жиһад сауабын ала алмайды.

 

Мұсылманның жүзіндегі көркемдік!...

Күнделікті өмірімізде, қолдарымыздың тимеген жері, жинамаған микробы қалмайды. Дәрет алғанда қол, бет және аяқтарды жуу, тері аурулары мен қабынулары үшін ең жақсы қорғаныс. Микроптар, паразит бактериялардың кейбіреулері денеге тері арқылы кіреді.

Дәрет және ғұсыл алғанда тыныс алу жүйесінің сүзгіш қызметін атқаратын мұрынды жуу арқылы шаң және микроп үйінділерінің денеге кіруін алдын алған боламыз.

Дәретте беттің жуылуы теріні қуаттандырады, бастағы ауырлық пен шаршау сезімін жеңілдетеді. Тамырлар мен жүйкені әрекеттендіреді. Тұрақты түрде дәрет алып жүрген адамның, қартайған болса да жүзінің көркемдігінің жоғалмауы осы себептен.

Жүніптікке себеп болатын жағдайларда көп қуат жұмсалады, жүрек пен қан айналымының жылдамдығы артады, тыныс алу жиілейді. Дененің шамадан тыс жұмыс істеуінің салдарынан шаршау, әлсіреу, бойкүйездік және солғындық сезіліп, жалпы ақыл-ой әрекеттері бәсеңдейді. Ғұсыл алу арқылы дене бұрынғы сергектігін қалпына келтіреді. Денені белгілі мерзім аралығында тұрақты жуып тұру, профилактика тұрғысынан да ерекше маңызды.

Қалыпты жағдайда денемізде статикалық энергия теңдігі бар. Деннің саулығы осы энергия теңдігімен тікелей байланысты. Бұл теңдік психологиялық күйзелістер, климат шарттары, киім түрлері, тұрғылықты мекен мен жұмыс орындарындағы және осы арада ғұсылды қажет ететін жағдайларда бұзылады. Бұл электрлік жүк, адам ашуланғанда қалыпты мөлшерінен төрт есе, ғұсыл алуды қажет ететін жағдайларда он екі есе артуда. Дәрет және ғұсыл алынғанда осы энергия теңдігі қалпына келеді.

Дәрет пен ғұсылдың қан айналым жүйесіне келтіретін пайдасы орасан зор. Тамырлардың қатаюы мен тарылуының алдын алады. Дәретте дененің белгілі нүктелерін сергітетін әрекеттер бар. Дәрет алғанда лимфа жүйесінің ең маңызды орталықтарынан болған мұрын қуысы мен таңдай бездері жуылып сергітіледі. Одан бөлек мойын мен оның айналасына су тигізу де лимфа жүйесіне әсерін тигізеді. Дәрет пен ғұсыл арқылы жеңілдеген лимфа айналымы арқасында лимфоцит деп аталатын күресуші жасушалар денені зиянды элементтерден қорғайды және иммунитетін арттырады.

 

Денені тұйықтау (заземление)!...

Күнімізде инфрақызыл сәулелерімен сыртқы терінің арнайы суреттері түсіріліп, осы суреттерде жүніп болғаннан кейін бүкіл дененің беті шамадан артық статикалық энергия қабатымен қапталатыны анықталды. Бұл қабат, терінің оттегі алмасуына кедергі болумен қатар, тері түсінің бұзылуына және тез әжім басуына себеп болуда. Бұл жағдайдан құтылу үшін денені иненің ұшындай да құрғақ жері қалмайтындай етіп толығымен жуу керек. Осылайша су бөлшектері негативті электр өрісін алып, денені тұйықтайды және қалыпты күйіне қайтарады. Осы тұрғыдан ғұсыл, медицина жағынан да міндетті түрде орындалуы керек болған тазалық түрі.

Су табылмаған кездегі дәрет пен ғұсыл үшін топырақпен жасалатын тәйәммум де денедегі көп мөлшерлі статикалық энергияны жояды.

Қорыта айтқанда, Ислам дінінің талап еткен міндеттерінде дүниелік пайдалары қаншалықты көп болса да, бұларды тек Аллаһу та'аланың әмірі болғаны үшін және ахиретте азаптан құтылу үшін орындау керек. Ниет осындай болса, дүние пайдаларын бөлек ойлаудың да зияны болмайды. Исра сүресінің 18-ші және 19-шы аяти кәрималарында айтылғанындай:

«Қызығы мен ләззаттары тез өтетін, бітетін дүниені сұрайтындардан қалағандарымызға, қалағанымызды береміз. Ахирет пайдасы үшін тырмысқан мүминдердің алатын марапаттары мол.»