26 Ақпан 2017   


  Негізгі бөлім / Сүннет - Бидғат / Сүннет деген не?

Сүннет деген не?

Сұрақ: «Сүннет» деген не?

Жауап: «Сүннет» деген сөз айтылған орнына байланысты түрлі мағыналарда қолданылады:

 

1) «Кітап және сүннет» деген тіркестегі «сүннет» – хадис шәрифтер дегенді білдіреді. Хадис шәрифте былай делінген: «Аллаһтың кітабына, пайғамбардың сүннетіне жабыссаңдар, адаспайсыңдар.» (Хаким)

 

2) «Парыз және сүннет» дегендегі сүннет – Расулуллаһ алейһиссаламның парыз болмай жасаған амалдары деген сөз. Хадис шәрифте былай делінді:

«Үмметім бұзылған уақытта сүннетіме мойынсұнған адамға шәһит сауабы беріледі.» (Хаким)

 

3) Сүннет сөзі жалғыз қолданылғанда Ислам деген мағынаны береді. Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір заман келеді, айнала бұзылған кезде сүннетімді (Исламды) ұстану алақанда от ұстаумен бірдей болады.» (Хаким)

 

4) Сүннет сөзі – жол, соқпақ деген мағыналарға да келеді. Мысалы, сүннәти хасәнә - жақсы жол, сүннәти сәийә – жаман жол деген сөз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Бір адам сүннәти хасәнә ашатын болса (жақсы жол ашса) ашқанының сауабын және қияметке дейін сол жолмен амал еткендердің сауабындай сауап алады. Бір адам сүннәти сәийә (жаман жол ашса) ашқанының күнәсі және қияметке дейін соны істегендердің күнәсындай күнә табады.» (Мүслим)

Сонымен қатар сүннет «әдет, іс» деген мағыналарда да қолданылады. Мысалы, Сүннәтуллаһ деген сөз, Аллаһтың әдеті, Аллаһтың ісі деген мағынаны береді. Хазреті Омардың сүннеті дегеніміз – хазреті Омардың әдеті дегенді білдіреді.

 

5) Әһл-и сүннет – құтылатын топтың атауы. Имам Раббани хазреттері былай дейді:

Тирмизидің білдірген хадис шәрифінде: «Үмметім жетпіс үш топқа бөлінеді, мұның жетпіс екісі жаһаннамға барады, тек бір топ қана құтылады. Бұл топ – менің және сахабаларымның жолымен жүргендер.» делінген. Бұл топ – «Әһл-и сүннет уәл жамағат» деп аталады.

 

6) Балалардың сүннетке отырғызылуы да «сүннет» деп аталады.