15 - Шәууал, 1445 жыл.
     24 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Тәзәллул (Өзін қор көрсетіп, өте төмен санау)

Тәзәллул (Өзін қор көрсетіп, өте төмен санау)

13 – Қарапайымдылықтың шамадан артығына, асыра сілтемесіне «Тәзәллул», өзін өте төмен ұстау делінеді. Тәзәллул харам болып табылады. Басқа харамдардағы сияқты зарурат болған кезде тәзәллул жасау жаиз болады. Дінін, жанын, мүлкін, абыройын қорғау, залымнан құтылу заруратқажатады. Машақат (қиыншылық) болғанда, жеңілдік іздеу жаиз болады.

Тәзәллул жаман мінездердің бірі. Бір ғалымның жанына бір аяқ киім тігуші келгенде ғалымның орнынан тұрып, өзінің орнына аяқ киім тігушіні отырғызуы және кететін кезде есікке дейін шығарып салып, аяқ киімін алдына қоюы тәзәллулге бір мысал болып табылады. Тек орнынан тұрып, оған отыратын орнын көрсеткенде және келу мақсатын сұрап, сұрақтарына жылы жүзбен жауап беріп және шақыруын қабыл етіп, мәселесін шешкенде қарапайымдылық көрсеткен болар еді. Хадис шәрифте: «Дін бауырын қиыншылықтан құтқарғанға [нәпіл] қажылық пен умра сауабы беріледі» делінді. Хазреті Хасан “радиаллаһу та’ала анһ” Сабит Бенаниге “рахимеһуллаһу та’ала” бір жұмысын істеуін өтінді. "Мешітте итикаф (ғибадат) жасаудамын, басқа уақытта істейін" дегенде, "дін бауырының қажеттілігі үшін барудың [нәпіл] қажылықтан да қайырлы екенін білмейтін бе едің" деді. Мансаптылардың мұқтаж болғандарға және ұстаздың шәкірттеріне, қызметімен және мүлкімен көмектесуінің  өте үлкен сауап екені осы хадиске сүйенуде. Напақасы, яғни бір күндік ішіп-жейтін нәрсесі бар адамның тіленуі, қайыр сұрауы тәзәллул болып, харам болады. Бұл адамның, бір күндік напақасы жоқ басқа біреу үшін немесе қарызға батқан адам үшін жәрдем жинауы тәзәллул болмайды. Көп сыйлық алу үшін, аз сыйлық беру тәзәллул болады. Аяти кәримада мұндай сыйлық беруге тыйым салынған. Алынған сыйлыққа жауап ретінде одан да көп қылып беру жақсы болады. Бірақ, көп қайтарып алу үшін сыйлық беру жаиз емес. Шақырмаған жерге бару да тәзәллул болады. Хадис шәрифте: «Шақырылған жерге бармау күнә. Шақырылмаған жерге бару ұрлық жасау болады» делінді. Неке рәсіміне шақырылғанда ол жерде харам нәрселер болмаса, ол жерге бару уәжіп болады. Басқа шақыруларға бару сүннет болады. Рия және мақтаныш үшін яғни өзін көрсету үшін және мақтану үшін жасалған жиындарға бару жаиз емес. Мансапқа, пайдаға қауышу мақсатымен мемлекет адамдарымен, басшылармен, байлармен дос болу тәзәллул болады. Зарураттың бұған кірмейтіні жоғарыда айтылды. Мұндай адамдармен кездескенде және олармен сәлемдескенде иілу және сәжде ету де тәзәллул болады. Бұл үлкен күнә. Ғибадат үшін оларға иілу күпірлік болады. Яһудилердің сәлемдесуіне ұқсаған болады. [фақир – мұқтаж деген сөз. Исламда қажеттілік заттарынан басқа, құрбандық нисабындай мүлкі болмаған адамға  «фақир» (кедей) делінеді. Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” Аллаһу та’аладан қалаған және мақтанған фақирлігі (кедейлігі) - әр уақытта, әр ісінде, Аллаһу та’ала мұқтаж екенін білу болып табылады. Абдуллаһ Дәхләуи “рахметуллаһу та’ала”, "Дуррул-мәариф" кітабында былай дейді: «Тасаууфта фақир деп – мұраты болмаған, яғни Аллаһу та’аланың разылығынан басқа тілегі болмаған адам деген сөз» Мұндай адам напақасы болмаған кезде сабыр және қанағат етеді. Аллаһу та’аланың жазғанына және қалауына разы болады. Аллаһу та’ала әмір еткені үшін ризығын табуға тырысады. Ризық табу үшін жұмыс істегенде ғибадаттарын тәрк етпейді және харам істемейді. Табыс табарда да, оны жұмсарда да исламға мойынсұнады. Мұндай адамға байлық та, кедейлік те пайдалы болып, дүние және ахирет бақытына қауышуға себеп болады. Бірақ нәпіске еріп, сабыр және қанағат етпеген адам Аллаһу та’аланың қаза және тағдырына разы болмайды. Кедей болса аз бердің деп, наразы болады. Бай болса тоймай, тағы да сұрайды. Табысын харамға жұмсайды. Мұндай адамның байлығы да, кедейлігі де, дүниеде және ахиретте пәлекетіне себеп болады.]

Кез-келген кәсіппен және саудамен айналысу, жалақы, өтемақы үшін мүбах болған істерді жасау, мысалы шопан, бағбандық жасау, құрылыста және қазба жұмыстарында істеу және жүк тасу тәзәллул болмайды. Пайғамбарлар “алейһимуссалауату уәттәслимат” және әулиелер “рахимәһуллаһу та’ала” мұндай жұмыстармен айналысқан. Өзінің және бала-шағасының напақасын табу үшін жұмыс істеу парыз болып табылады. Өзгелерге жәрдем беру үшін әр түрлі жұмыстарды істеп көбірек табыс табу мубах болып табылады. Идрис алейһиссалам тігіншілікпен айналысатын еді. Дауд алейһиссалам темірші ұста еді. Ибраһим алейһиссалам егін шаруашылығымен және мата өңдеумен айналысатын еді. Алғашқы болып мата тоқыған Адам алейһиссалам болып табылады. [Дін дұшпандары алғашқы адамдардың өсімдік жапырақтарымен жабынып, үңгірде өмір сүргендіктерін жазуда. Олардың бұл жазғандарының ешқандай дәлелі жоқ.] Иса алейһиссалам аяқ киім тігуші еді. Нух алейһиссалам ағаш шебері еді, Салих алейһиссалам қолөнермен айналысатын. Пайғамбарлардың көбі “алейһимуссалауати уәттаслимат” шопан болған. Хадис шәрифте: «Үйінің қажеттіліктерін алып келу кібірсіздіктің белгісі» делінген. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәсәлләм” мал сатқан және сатып алған. Сатып алған кезі көбірек болған. Өтемақыға жұмыс істеген және істеткен. Сауда істерінде адамдармен ортақ болып серіктестік құрған. Басқаға уәкіл болған және уәкілдік берген. Сыйлық берген және алған. Қарыз алған және берген. Қор құрған. Дүниелік нәрсе үшін ешкімге ашуланбаған, ешкімді ренжітетін нәрсе айтпаған. Ант еткен және еттірген. Ант еткен нәрселерін жасаған, жасай алмай кәффарат берген кезі де болған. Әзілдескен және бұл әзілдері әрдайым тура айтылған және пайдалы болған. Жоғарыда айтылғандарды істеуден бас тарту, ұялу, тәкаппарлық болады. Көп адамдар осы жерде қателеседі. Қарапайымдылықпен тәзәллулді бір-бірімен шатастырып алады. Нәпсі, осы жерде көп адамдарды алдайды.

 

Кел, ей бес күндік өмірде тұтқын болып қалған адам,

Кел, ей дүние зынданында жатып, ғафил болған адам!

Көзіңді аш, бұл әлемге қанша мырза келіп кетті,

Қандай тентек, бұл жалғанға көңіл байлап алған адам! 

Торда бұлбұлға бал беріп, бақсаң-дағы онда тұрмас,

Неге өзін байлап қояр, бұл зынданға кірген адам!

Өзіңе кел, қолдан кетпей тұрған кезде әлі заман.

Мәңгі азап тартқай, "маған ақыл берме" деген адам!