20 Тамыз 2017   


  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Жақсы адаммен үйлену керек

Жақсы адаммен үйлену керек

Сұрақ: Дінімізде нәсілге бөліну деген нәрсе бар ма? Негрге, неміске, жапонға, сығанға, суннитке, шиитке, христианға, буддистке, атеистке үйленудің қауіп-қатері бар ма?

Жауап: Еркек пен әйел үшін үкімдер әр түрлі болады. Дінімізде мұсылман еркектің кітапты кәпір (христиан немесе яһуди) әйелмен үйленуі тахримән мәкрух болса да жаиз болады. Бірақ мұсылман әйелдің кітапты кәпір еркекпен үйленуі жаиз емес. Үйленуге ниет еткеннен бастап мұсылмандықтан шығады. Мұсылман еркек те, мұсылман әйел де буддистпен, атеистпен үйлене алмайды. Үйленген адам мұсылмандықтан шыққан болады.

Дінімізде нәсілге бөліну деген нәрсе жоқ. Діндерге бөліну деген бар. Дініміз қай ұлттан, қай нәсілден, қай рудан болмасын мұсылмандар бір-бірінің бауыры екенін білдірген. Сыған, негр болу да нәсілге жатады. Егер де олар салих (жақсы, діндар) мұсылман болса, үйленудің ешқандай қауіпі жоқ.

Әйел мұсылман болған неміспен немесе жапонмен үйлене алады. Бірақ ол адамның салих (жақсы, тақуа) болуы маңызды. Намаз оқитын және харамдардан қашатын болуы керек.

Еркектің де үйленетін қыздың бойындағы ерекшеліктерден ең бастысы – намаз оқуына және көшеде дінге сай жабынып жүруіне аса мән беруі керек. Мұсылманмын деген қыз егер намаз оқымаса, көшеде ашық-шашық жүретін болса, ол қызбен үйлену күнә болады. Ал мұсылманмын деген бала намаз оқымайтын болса, ішімдік, зина, ұрлық сияқты харамдардан сақтанбайтын болса, онымен де үйлену күнә болады. Өйткені “Шират-ул Ислам” кітабындағы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Қызын пасыққа (ашықша күнә істейтін адамға) тұрмысқа берген адамның дұғасы және ғибадаттары қабыл болмайды.»

«Пасық еркекпен тұрмыс құруға разы болған адамның қабірден тұрған кезінде маңдайында “Аллаһтың рақымдылығынан үмітін үзген” деген жазу болады.»

«Шапағатқа қауышқысы келген адам қызын пасыққа үйлендірмесін!»

Пасық деп ашықша күнә істейтін адамға айтылады. Мысалға: Намаз оқымайтын, көшеде діннің үкіміне сай киінбейтін (ашық-шашық шығатын) адам пасық болады. Пасықпен, яғни ашықша, жұрттың көзінше күнә істейтін адаммен үйлену жақсы емес. Әсіресе ақидасы бұзық, (адасқан ағымдағы) адаммен үйлену мүлдем дұрыс емес.

Мұсылман еркек  әдепті, инабатты, жақсы мінезді, дінін, иманын, исламның шарттарын үйренген, исламға мойынсұнатын, көшеде діннің әмірі бойынша киінетін ар-намысты қызбен үйленуі керек. Ар-намысты, дініне берік салихалы (тақуалы) қыз іздеуі керек. “Міндетті түрде бай және сұлу болсын” демеу керек. Байлық үшін, сұлулық үшін, нәсіл үшін, түсі үшін ар-намысты және діндарлықты қолдан жіберіп алмау керек! Хадис шәрифте: «Әйелдің сұлулығы мен байлығы үшін үйленген адам екеуінен де махрұм қалады. Діні үшін, салихалы болғаны үшін үйленген адамға байлық пен сұлулықта нәсіп болады» делінген. (Табарани)

Қорыта айтқанда еркек болсын, әйел болсын үйленетін адамның харамдардан сақтанатын болуы, намазын оқуы және басқа да ғибадаттарды жасауы, жақсы мінезді адам болуы шарт. Тек қана бойына, түр-түсіне қарап, ұлы сөзді тыңдамаған адам дүниеде де, ахиретте те опық жеп қалады.

Үйленетін адамның нәсілі және түсі маңызды емес. Маңызды болғаны жақсы адам яғни салих мұсылман болуы, пасық болмауы және ақидасының (сенімінің) дұрыс болуы.

 

Сұрақ: Намаз оқымайтын қызбен келешекте оқиды деген үмітпен, көшеде ашық-шашық жүретін қызбен келешекте жабынады деген үмітпен үйленген дұрыс па?

Жауап: Намаз оқымайынша, жабынып жүрмейінше үйленген жақсы емес.

 

Дұшпандық қауіпі

Сұрақ: Ешқандай (секта) топтарға қосылмаған, бірақ дұрыс кітаптарды да оқымаған қызбен үйлену дұрыс бола ма?

Жауап: Дұрыс кітаптарды оқымауының ешқандай зияны жоқ. Зияндысы қате кітаптарды оқып, дұрыс болған кітаптарға дұшпан болуында. Үйлену үшін мына шарттар толық болса, мысалыға ақидасы дұрыс, намазын оқитын, көшеде ашық-шашық жүрмейтін, әһли сүннет ғұламаларының кітаптарына дұшпан болмаған қыз болса, үйленудің ешқандай қауіпі жоқ.

 

Үйленерде

Сұрақ: Үйлену үшін қарастырып жүрген қыздардың ешқайсысын ұнатпаймын. Біреуі ұзын, біреуі қысқа, біреуі толық, біреуі арық, біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі сүйкімсіз, біреуі кедей. Қысқасы ешқайсысы көңілімнен шықпайды. Жар таңдағанда қандай сипаттарына қарап алу керек?

Жауап: Дініміз мұны да білдірген. Жас және бой айырмашылығы дінімізде маңызды емес. Ұсқынсыз және кедей де болуы мүмкін. Болмауы керек болған жалғыз нәрсе – діни жағынан әлсіздігі. Егер діни жағынан әлсіз болып, барлық жері керемет болса, оның ешқандай маңызы жоқ. Өйткені пайғамбарымыз алейһиссалам былай деген:

«Әйелді не байлығы үшін немесе сұлулығы үшін немесе діндарлығы үшін алады. Сендер діндар болғанын алыңдар! Тек қана байлығы үшін алған адам байлығына қауыша алмайды. Тек сұлулығы үшін алған адам сұлулығынан махрұм қалады.» (Мүслим)

Егер пайғамбарымызға сенбесек сонда кімге сенеміз? Бойымыздағы нәпсімізге сенеміз ба? Егер жарың діндар болса, оған сұлулықта беріледі делінген. Аллаһу та’ала барлық нәрсеге құдіретті. Түрі ұсқынсыз болса да бізге сұлу қылып көрсетеді. Демек, біздің  таңдауымыз діндарлық болуы керек. Діндар болса, бақытты болмау үшін ешқандай себеп қалмайды.

Қыздар да, әйелдер де тек қана діндар болған адамды, яғни бес уақыт намазын оқитын, әһли сүннет ақидасында (сенімінде) болған және мінезі жақсы, күнә-харамнан қашатын адамды таңдауы керек. Егер ең басты таңдау діндарлық болмаса, ондай отбасыда тыныштық, бақыт болмайды.