9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Мазһаб және Мазһабсыздық / Әһли сүннет кітаптарында ойдан шығарылған хадис жоқ

Әһли сүннет кітаптарында ойдан шығарылған хадис жоқ

Сұрақ: Мазһабсыздар «Хадис ойдан шығару немесе ойдан шығарылған хадисті кітабына алу немқұрайлылық, ғафилдік немесе қиянатшылық болады» деп айтуда. Мәселен мазһабсыздардың Шәуқани, Сәхауи, Алиулқари, Ажлуни, Қардауи, Албани, Әбу Ғудда сияқты көсемдері Кутуби ситтәдағы және фиқһ кітаптардағы бірнеше хадистердің ойдан шығарылған екендігін айтуда. Бұларға қалай жауап беру керек?

Жауап: Иә, хадис ойдан шығару немесе ойдан шығарылған хадисті кітабына алу немқұрайлылық, ғафилдік немесе қиянатшылық болады. Бұл дұрыс сөз. Сондай-ақ ойдан шығарылған сөзге хадис деп айту қаншалықты қауіпті болса, хадис кітаптарындағы немесе ислам ғалымдарының кітаптарындағы хадис шәрифтерді де мойындамау соншалықты қате және қауіпті. Қияметтің белгілерін білдіретін, әрбірі муғжиза болып келетін хадис шәрифтердің үшеуінде былай делінген:

«Құраннан басқа дәлел қабыл етпеймін дейтіндер шығады.» (Әбу Дауд)

«Хадисті таста, Құраннан қара деп мені өтірікшілікпен даттайтындар шығады.» (Әбу Йала)

«Кейіннен келетіндер бұрын өткен ғалымдарды сауатсыздықпен айыптайтын болады.» (Ибн Асакир)

Мазһабсыздар “Шәфқани, Сәхауи, Алиулқари, Ажлуни, Қардауи, Албани секілді кісілердің кітаптарында ойдан шығарылған хадис жоқ, олар хадистерді қатты сынға алған.” деп айтып жатады. Жарайды ал бұл кейінгі дәуірдің сыншысымақ кісілері хадис шәрифтерді қайдан алды екен?.. Қай риуаятшымен кездесіп еді?.. Әлбетте Бұхари, Мүслим секілді бұрынғы дәуірдің хадис имамдарының кітаптарынан алып жазуда. 

Бұхариде, Кутуби ситтәде және басқа да хадис, тәфсир және фиқһ кітаптарында ойдан шығарылған хадис бар деп айтылатын болса, бұл ұлы ғұламаларды немқұрайлылық, ғафилдік және қиянатшылықпен айыптағандық болады. Ал бұл барып тұрған азғындық, ол мүбәрәк тұлғаларға жабылған жала болып табылады. Шәуқани, Сәхауи, Алиулқари, Ажлуни, Қардауи, Албани сияқтылар ойдан шығарылған хадис алмаса, бұлардан да мәртебесі үстем болған ғалымдар, бұлардан да ескі дәуірде өмір сүріп, сахабалардан, табииндерден сабақ алған ғұламалар қалайша кітаптарына ойдан шығарылған хадис алуы мүмкін?.. «Хадис ойдан шығарған адам жаһаннамдағы барар жеріне дайындалсын» деген хадис шәрифті кітаптарына түсіре тұрып, мұндай азғындыққа қалайша баруы мүмкін?..

Мұхаддистердің, муфәссирлердің және басқа да ислам ғалымдары Шәуқани, Қардауи, Албани ғұрлым Аллаһтан қорқпайтын беді?.. Жаһил, ғафил және қиянатшы ма еді?.. Ислам ғалымы жаһил болған болса, сонда кім ғалым?.. Ғафилдік те солай. Олар ғафил болған болса, біз қалайша көзі ашық бола аламыз. Бұл ұлы тұлғаларға қалайша тіл тигізілуі мүмкін. Қатардағы қарапайым мұсылманның өзі Аллаһтан қорқады, ойдан шығарылған сөзге хадис дей алмайды. Ал Расулуллаһтың мұрагерлері болған «Үмметімнің ғалымдары бәни Исраил пайғамбарлары сияқты» деп мақталған ғалымдар, қалайша мұндай опасыздыққа баруы мүмкін. Қалайша Аллаһу та’ала мұндай ғалымдар үшін «Білмесеңдер ғалымдардан сұраңдар» дейді. Ғалым дегеніміз тек мазһабсыздар ма?.. Кутуби ситтә ғалымдары, ғалым емес пе?.. Басқа мухаддис, муфәссирлер және факихтер ғалым емес пе?.. Оларға мұндай үлкен кінә тағуға, үлкен жала жабуға кімнің даты барады?..

Хадис кітаптарында ойдан шығарылған хадис болмағанындай, Ислам ғалымдарының, тәфсир, фиқһ және тасаууф кітаптарында да ойдан шығарылған хадис жоқ. Муфәссир, фақих, мутасаууфтар (әстағфируллаһ) хадис ілімінде жаһил деген сөз емес. Тек араларында ілімнің салаларына қатысты айырмашылық бар.

Мазһабсыздар мәуду хадистерді анықтау үшін кейбір жолдар белгілеген. Өз пиғылдарына, өз пікірлеріне қайшы болғандарды ойдан шығарылған деп жариялауда. Оған мысал ретінде өздері сияқты мазһабсыз бидғатшылар тарапынан ойлап табылған және ешбір әһли сүннет ғұламасының кітабында өтпеген сөздерді немесе мағынасын түсіне алмаған сахих хадистерді көрсетуде. Мәселен хадис сорттағыш мазһабсыздардың бірі шығып, тәп-тәуір хадис шәриф жайлы: «Мына хадистің риуаятшысының біреуі пасық болған немесе өтірікші болған, сондықтан бұл хадис сахих емес» дейді. (Әстағфируллаһ) Мұны сонда ислам ғұламалары білмеген бе еді? Жарайды ислам ғұламалары риуаятшының пасық болғанын білмеген делік, онда олардың білмеген нәрсесін бұл зындықтар қайдан білді екен?! Бұл зындықтардан қаншама ғасыр бұрын (пайғамбарымыздың дәуіріне жақын замандарда) өмір сүрген ислам ғұламалары риуаятшыларды танымаған болса, олардан кейінгі ғасырда өмір сүрген бұл азғындар риуаятшыларды қайдан естіп таныды екен?! Әлде хадистер жаңадан шығып жатыр ма?! Немесе риуаятшылар жаңадан шықты ма?! “Бұлар жазған хадистерінің риуаятшыларының арасында пасықтар мен өтірікшілер бар екенін білмеген” деп бұрынғы өткен ғұламаларды айыптап жала жабуда. Хадис шәрифте хабар берілгеніндей кейінгі келетіндер яғни өздерін ғалым санайтын надандар бұрынғы ғалымдарды кінәлауда.

Бір адам бір сөзді ойдан шығарып бұл хадис десе немесе ойдан шығарғанын кейіннен мойындаса, яғни бұл сөзде хадис болу шарттары жоқ болса, ислам ғұламалары онсыз да мұндай сөзді өз кітаптарына жазбайды. Хадистің сахих немесе мәуду екенін анықтау, сөзінде, мағынасында қателік барын немесе жоғын, Құранға, сүннетке, ақылға сай немесе қайшы екенін түсіну де біздің ісіміз емес, бұл мұхаддистердің, хадис ілімінде мүжтәһид болған ғұламалардың ісі.

Тіпті хадисті түсіне алу үшін, әсіресе үкім берілген хадистерді түсіне алу үшін де әһли сүннет ғұламаларының бұларға берген түсініктемесін оқу керек.

Біз Имам Ғазали хазреттерінің кітабынан алып жазсақ, мазһабсыздар «Мұның Құранға сай келіп, келмейтінін тексер» деп айтады. Имам Ғазалидей ұлы ғұлама бір хадистің Құран кәрімге қайшы екендігін біле алмаған болса, (әстағфируллаһ) соншалықты жаһил болса, онда біз оны қалай біле аламыз. Немесе ол «Бұл хадис Құран кәрімге сай» десе, біз қалай оның теріс екенін ойлай аламыз? Хадис шәрифте былай делінген: «Хадисімді Құранмен салыстырыңдар. Құранға сай келсе ол сөз менің сөзім, сай келмесе менікі емес.» (Табарани)

Азғын немесе жаһил біреу бір сөз ойдан шығарып хадис десе, хадис ғалымы хадис ілімінің шарттарымен қоса Құран кәрімге салады. Мұны жаһилдер істей алмайды әрине. Бұл хадис ғалымдарының, мүжтәһидтердің, әһли сүннет ғалымдарының ісі.

Қазіргі таңда хадистің сахих немесе ойдан шығарылғанын білу үшін, Шәуқани, Қардауи, Албани сияқты мазһабсыздардың емес, Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарында болып-болмауына қаралады. Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарында бар болса, ол хадис сахих деген сөз. Хафыз Ираки "Ихия" кітабындағы хадистерді зерттеп кейбіреулерінің түбірін таба алмадым деген. Мұны қағып алған, шаш ал десе бас алатын мазһабсыздар «қараңдар түбірі жоқ, бұл хадис ойдан шығарылған» деуде. Үшжүзмың хадис шәрифті риуатшыларымен бірге жатқа білген, Исламның жиырма негізгі ілімін жетік біліп, бұлардың ішінде хадис және усули хадис ілімінің дариясы болған, Хужжатул-Ислам атымен мәшһүр болған Имам Ғазали хазреттері кітабына ойдан шығарылған хадис алар ма еді? Кәшфпен айтылған ешбір хадис шәриф жоқ. Әулие хадисті кәшфпен (аян беру арқылы) айтады деу үлкен жала. Түбірі табылмауы кәшфпен айтылғанын көрсетпейді.

Мұхаддистер бір сөздің хадис болуы үшін бірнеше шарттар қойған. Бұл шарттарына сай келмейтіндерді кітаптарына айлмайды. Сондай-ақ әрбір мұхаддистің шарттары әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ижтиһад мәселесі. Сәйид Абдулхаким Аруаси хазреттері былай деген:

«Усули хадис ілімінде мүжтәһид болған ғалым, бір хадистің мәуду екендігін дәлелдегенінде, бұған бұл ілімнің бүкіл ғалымдарының мәуду деуін қажет етпейді. Өйткені мәуду деген мүжтәһид бір хадистің сахих болуы үшін керек деп санаған шарттары жоқ болған бір хадис үшін, менің мазһабымның усулының қағидалары бойынша мәуду дейді. Әйтпесе “Пайғамбарымыздың сөзі емес” демекші емес. Яғни хадис шәриф делінген бір сөздің хадис болуы менің тарапымнан түсініле алмады деген сөз. Бұл ғалымның шарттарына сай келмеуі, шындығында хадис еместігін көрсетпейді. Усули хадис ілімінің басқа бір мүжтәһиді хадистің дұрыстығын анықтау үшін қойған шарттарын бұл сөзде тауып  бұл хадис, мәуду емес деуі мүмкін. Олай болса Шәуқанидің “кейбір тәфсирлердің хадистері мәуду” деуімен мәуду болып қалмайды. Мәселен Шәуқаниді усули хадис ілімінде мүжтәһид деп қарағанның өзінде оның қағидалары бойынша хадис екендігі анықталмаған болса да мәуду хадис деуге қалай батылы барады? Дін ұлыларына қарсы айтылған мұндай сөздердің опасыздық екендігі айдан анық. Төрт мазһабтар арасындағы айырмашылықтар, сөздерінің қате екендігін білдірмейтініндей, хадистер үшін де осылай. Мұндай нәрселер ижтиһад мәселесі болғандықтан бір мүжтәһидтің мәуду деуімен, шындығында мәуду болуы қажет емес.»

Демек ижтиһад ижтиһадпен бұзылмайтынындай, хадис шәриф те басқа хадис шәрифпен бұзылмайды. Бір мүжтәһид Имам Шафиидің немесе Имам Ағзамның ижтиһады қате, зайыф деп айтпайды. Айтса да өтпейді. Хадистер үшін де жағдай бірдей. Мәселен Имам Нәсаи, Табаранидегі бір хадиске ойдан шығарылған дей алмағанындай, Имам Табарани де Нәсаидегі хадис шәрифке мәуду дей алмайды. Мәуду десе де өзі үшін мәуду болады. Мәуду деген сөз халық арасында “ойдан шығарылған сөз” деген мағынада қолданылып жүрген болса да хадис ілімінде мүжтәһид ғалымның бір хадиске мәуду деуі оның ижтиһады бойынша хадис болу шарттарына сай келмейді дегенді білдіреді. Басқа мухаддис үшін де мәуду болуы шарт емес. Бір мысал келтірейік:

«Ғылым Қытайда болса да алыңдар» деген хадис шәрифті бүкіл мазһабсыздар ойдан шығарылған деп айтады. Ал негізінде хадис ғұламаларынан Имам Дәйләми, Имам Табарани, Имам Бәйһақи, Имам Ибн Ади, Имам Ибн Абдилбарр секілді мұхаддистер және хужжәтул ислам атағымен мәшһүр болған Имам Ғазали сахих екендігін білдіруде. Бұл ұлы Имамдардың нақыл еткен бұл хадис шәрифке қалайша ойдан шығарылған деуге болады? Мәселен айталық бұл хадис шәрифке Имам Бұхари мәуду десе, бұл хадис шәриф ойдан шығарылған бола ма? Тек Имам Бұхариге ғана мәуду болады, бірақ қалған ғалымдардың үкімі бойынша сахих болады.

Дін жаһилдері болған мазһабсыздар: «Бір хадиске бір ғалым ойдан шығарылған деген болса, ол хадиске басқа мың ғалым сахих десе де, ол хадис таңбаны алды, онымен амал етуді бойыма сіңдіре алмаймын» дейді. Бұлардан сұраймыз: Сендер намаз оқитын болсаңдар имамға ұйығанда фатиха сүресін оқисыңдар ма? Шафиилердің оқуы парыз. Ханафилердің оқымауы уәжіп, оқыса тахримән мәкрух істеген болады. Мазһабсырдар оқимыз десе, Ханафи ғалымдарына мойынсұнбаған болады, оқымаймыз десе Шафии ғалымдарына мойынсұнбаған болады. Мұндай намазды бойларына қалай сіңдіріп келеді екен?.. Немесе бір кәпір тыңшы Мұсылман болып көрініп “Құран өзгерген, көп аяттар алынып тасталған және ішіне қосымша сөздер енгізілген” десе, енді бұған да сеніп Құран кәрімді де бойларына сіңдіре алмай қала ма? Құран кәрімге де таңба басылды деп айта ма? Ең қызығы бұлар тыңшылардың, миссонерлердің құрған адасқан ағымдарын бойларына қалай сіңдіріп жүр екен?..

Исламды құлатуды көздеген дін дұшпандарының мақсаттары Ислам ғалымдарына деген сенімді түбірінен құрту. Ал жергілікті ғафилдер осы қиянатшыларға құрал қызметін атқаруда. Бір ғалымның кітабында бір ғана ойдан шығарылған хадис бар болса, басқа білдірген хадистеріне қалай сене алады, оларға да күдік көзімен қаралмайды ма? Мұнда ғафлет және сауатсыздық танытқан адам басқа хадистеріне неге көрсетпесін? Осылайша бүкіл дін кітаптарына күдік, күмән туғызылған болады. Хадистер дінде дәлел болудан шыққаннан кейін тек Құран кәрім қалады. Оны да қалағандарынша бұрмалап мақсаттарына оңай жете алатын болады. Осы себептерге байланысты дін дұшпандарының және олардың құралына айналған мазһабсыздардың ойыншығына айналудан сақтану керек.

Әһли сүннет ғалымдарының барлығы ижазатты, яғни ұстаздарынан сол саланың маманы деген бата алған кісілер. Қазіргілер секілді сатып алынған дипломды емес. Ижазаты болмағандардың сөздері онсыз да дін ілімінде құжат бола алмайды. Ижазаты бар ғалымның кітабында ойдан шығарылған хадис бар делінсе, оған ижазатты берген ғалымға суизан (жаман күмән) болады. Бұл - лайықты болмаған адамға ижазат бердің дегенмен тең. Ал ол ғалымдар ойдан шығарылған хадиспен сахих хадисті білмейтіндей надан еместі. Олар риуаятшыларының кім екенін білместен, қылды қырық жарып өлшеместен кітаптарына хадис жазбайтын еді. Қысқасы әһли сүннет ғалымдары, ғалым болғаны үшін кітаптарында ойдан шығарылған хадис жазбайды.

Аллаһу та’ала осындай мүбәрәк тұлғалары арқылы дінін қорғаған және таратқан. Бұл ғұламаларға тіл тигізу, кітаптарында ойдан шығарылған хадис бар деу, дінімізді құлатуға тырысу деген сөз.