19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   


Хиджр

18 - Хиджр – достықты тәрк ету, араздау, ренжісу дегенді білдіреді. Хадис шәрифте: «Мүминнің мүминге үш күнен көп хиджр етуі халал емес. Үш күннен кейін барып сәлем беруі уәжіп болады. Сәлеміне жауап берсе, сауапта ортақ болады. Жауап бермесе күнә оған болады» делінді. Еркектің де, әйелдің де дүниелік іс үшін, мүминнің мүминге араздауы, яғни оны тәрк етуі, арадағы байланысты үзуі жаиз емес. Зимми, яғни мұсылман еместермен де, муамалаттатағы  (қарым-қатынастағы) үкімдер мұсылмандардікі сияқты. Ғибадаттардан және некеден басқа істерге «Муамалат» делінеді.

[Мұсылман емес отандастарымызбен де, дүние істері үшін араздау жаиз емес. Оларға да күлімдеген жүзбен, жылы сөзбен мәміле етіп, көңіліне қарап, ренжітпеу, ақыларын өтеу қажет. Мұсылман болсын, кәпір болсын, Ислам мемлекетінде болсын, дар-ул-һарбте (кәпір мемлекетінде) болсын, қайда болмасын, ешбір адамның малына, жанына және абыройына, ар-намысына тию жаиз емес. Ислам мемлекеттерінде өмір сүрген кәпірлер және басқа мемлекеттерден келген кәпір туристтер, кәпір саудагерлер, қарым-қатынаста, мұсылмандардың құқығына және еркіндігіне ие. Өз діндеріне қатысты қажеттіліктерін жасауда, ғибадаттарын жасауда еркін. Ислам кәпірлерге де, осы еркіндікті берген. Мұсылман Аллаһтың әмірлеріне мойынсұнуы, күнә істемеуі тиіс. Үкіметтің заңдарына қарсы келмеуі, қылмыс істемеуі тиіс. Фитна шығуына себепші болмауы керек. Мұсылмандарға және кәпірлерге барлық жерде жақсылық жасауы керек, барлығының ақысына мән беруі керек. Ешкімге зұлым, жәбір көрсетпеуі тиіс. Ислам дінінің әдемі, көркем мінез-құлқын (ахлақын), абыройын барлық жерде барлық адамға көрсетіп жүруі керек. Әр ұлттың санасында ислам дініне деген сүйіспеншілікті оятып, ислам дініне құрмет көрсетуіне себепкер болуы керек.]

Араздасқан жағдайда, үш күн өтпей тұрып татуласу өте жақсы. Ауыр келмеуі үшін, үш күн рұқсат берілген. Одан кейін күнә жазыла бастайды және күн өткен сайын күнә арта береді. Күнәның артуы, татуласқанға дейін жалғасады. Хадис шәрифте: «Саған араздаған адамға барып татулас! Зұлымдық жасағанға кешірім ет. Жамандық жасағанға жақсылық жаса!» делінді. «Әссаламу алейкум» дегенге он сауап беріледі. «Әссаламу алейкум уа рахматуллаһ» дегенге жиырма сауап беріледі. «Әссаламу алейкум уа рахматуллаһи уа бәракатуһ» дегенге отыз сауап беріледі. Жауап бергенге де осылай. Үш күннен көп араздаған адамға, шапағат етілмесе, кешірілмесе, жаһаннамда азап көреді. Күнә істеген адамға оған насихат болсын деген ниетпен хиджр ету жаиз, тіпті мүстаһаб. Бұл - Аллаһу та’ала үшін араздау болады. Хадис шәрифте: «Амалдардың, ғибадаттардың ең құндысы, хубби филлаһ және буғди филлаһ» делінді. Хубби филлаһ - Аллаһу та’ала үшін жақсы көру, Буғди филлаһ - Аллаһу та’ала үшін жақсы көрмеу, араздау дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала Мұса алейһиссаламнан: Мен үшін не істедің?- деп сұрады. Мұса алейһиссалам: Сен үшін намаз оқыдым, ораза тұттым, зекет бердім, есіміңді көп зікір еттім,- дегенде, Аллаһу та’ала: Намаз - саған дәлел. Жаман іс істеуден қорғайды. Ораза - қалқан. Жаһаннам отынан қорғайды. Зекет - маһшарда көлеңке болады, саған рахаттық береді. Зікір, махшарда қараңғылықтан құтқарады, жарық береді. Ал Мен үшін не істедің? деді. Мұса алейһиссалам: Йа, Раббым! Сен үшін болған істің не екенін маған білдір,- деп жалынғанда Аллаһу та'ала: "Ей, Мұса! Достарымды жақсы көрдің бе? Дұшпандарымды жаман көрдің бе?"-деп бұйырды. Мұса алейһиссалам, Аллаһу та’аланың ең көп жақсы көрген ғибадаттың, хубби филлаһ және буғди филлаһ екенін түсінді. Күнә істеген, жазықты болғанға ұзақ уақыт хиджр ету жаиз. Ахмед бин Ханбелдің “рахимә-һуллаһу та’ала” харамнан келгені білінген сыйлықты қабыл еткені үшін көкесін және ұлдарын хиджр еткені мәшһүр. Расулуллаһ “саллаллаһу алейһи уәссалам”  Тәбук соғысына келмеген үш кісіні және әйелдерін хиджр еткен.