7 - Шәууал, 1445 жыл.
     16 - Сәуір, 2024 жыл.   


Уәдені бұзу

23 – Уәдеде тұрмау да ашуға себеп болады. Бір жақтың сөз беруіне «Уәде», екі жақтың уәделесуіне «Ахд» (келісім) делінетінін, өткен бөлімде білдірген едік. Біреуге зиян беру, жапа шектіретініне сөз беруге «Уаид» делінеді. Уаидті орындамау «Керем», мейірімділік болады. Өтірік уәде беру харам. Мұндай уәдені орындамау да бөлек тағы күнә болады. Орындау болса, әуелгі өтірікшілік күнәсін жояды. Фасид бәй (бұзық, дұрыс емес сауда) да осылай. Мұндай сауданы бұзу, бас тарту уәжіп болады. Бұзып, тәубе етсе, күнәлары қалмайды. Мұндай сауданы тоқтатпаса, күнә екі есе болады.

Уәдеде тұру керек. Хадис шәрифте: «Мұнафықтың (екіжүзділіктің) белгісі үшеу: Уәдеде тұрмау, өтірік айту, аманатқа қиянат ету» делінді. Уәдеде тұруға күші жетпесе, мұнафықтың белгісі болмайды. Өзіне мал-мүлік немесе сөз немесе сыр аманат етілген адамның бұларға қиянат етуі, мұнафықтық болады.

Бұхариде жазылған, Амр ибн Астың “радиаллаһу та’ала анһ” ұлының айтқан хадисінде: «Төрт нәрсе мұнафықтықтың белгісі: Аманатқа қиянат ету, өтірік айту, уәдесін бұзу және ахдын ғадр ету (келісімді бұзу) және сотта шындықты айтпау» делінді. Ибн Хажар былай дейді: Нифақ яғни мұнафықтық, адамның сыртының ішіне сай болмауы дегенді білдіреді. Сөзі өзіне ұқсамайды. Ақидадағы сенілетін нәрселерде мұнафықтық ету, күпір болады. Ісінде және сөзінде мұнафықтық ету, харам болады. Ақидада, иманда мұнафықтық, басқа күпірлерден де жаман. Іске асыру, орындау ниетімен уәде беру жаиз, тіпті сауап. Мұндай уәдені іске асыру уәжіп емес, мүстаһаб. Іске асырмау тәнзиһан мәкрух болады. Хадис шәрифте: «Бір адам, орындау ниетімен берген сөзінде тұра алмаса күнә болмайды» делінді. Ханафи және Шафии мазһабтарында ахдты (келісімді) бұзу, үзірсіз мәкрух, үзірлі болса жаиз. Бірақ бұзатынын алдын ала хабар беруі уәжіп. Ханбәли мазһабында уәдеде тұру уәжіп. Орындамау харам болады. Жасалуы төрт мазһабта да сахих болған бір нәрсені жасау тақуалық болады.

Әрбір мұсылманның төрт мазһабта болғандардың барлығын жақсы көруі, барлығына игі, жақсы дұға етуі, мазһабта фанатизмге бармауы уәжіп. Төрт мазһабты «тәлфиқ» ету (біріктіру) ғалымдардың ауызбірлігімен жаиз емес. Тәлфиқ – бір істі, бір ғибадатты жасағанда, төрт мазһабтың рұхсаттарын, жеңілдіктерін алып жинау деген сөз. Жасалған бұл іс, төрт мазһабтың еш бірінде сахих болмауда. Бір мазһабтың рұхсаттарын жинап амал ету, жаиз.

[Бір ғибадатты, бір істі жасау үшін, төрт мазһабтың бірін тақлид етуге ниет ету, сол мазһабқа сай жасау керек. Төрт мазһабтың әр бірінде, бір істің жасалуы үшін, бір оңай жолы, бір ауыр жолы бар. Бірінші жолға «Рұхсат», екіншісіне «Азимет» жолы делінеді. Қуатты, жағдайы келетін адамның азиметпен амал етуі абзал. Қиын болған нәрсені істеу, нәпіске ауыр келеді, нәпісті қатты езеді, әлсіретеді. Ғибадаттар нәпісті әлсірету үшін, сындыру үшін әмір етілді. Себебі, нәпіс адамның да, Аллаһу та’аланың да дұшпаны. Оны әлсіретіп, азғыруының алдын алу қажет. Бірақ толығымен өлтірілмейді. Себебі, ол дененің қызметшісі. Ақымақ және жаһил қызметшісі. Әлсіз, ауру, келеңсіз (қиын) жағдайда болған адамның, ғибадаттарында, істерінде азимет (ауыр) жолды тәрк етуі, рұхсат жолымен істеуі керек. Егер өз мазһабының рұхсат жолымен орындау да қиын болса, басқа үш мазһабтың бірін тақлид етіп орындауы жаиз болады.]