19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Хидаятқа екі жолмен қауышылады

Хидаятқа екі жолмен қауышылады

Адамдарды хидаятқа, тура жолға қауыштыратын тек Аллаhу та’ала. Аллаһу та’ала адамдар арасынан қалағандарына мейірім етіп хидаятқа қауыштыруда, қалағандарын адасқан жолында қалдыруда. Адасушылықтан құтылуды, мәңгілік бақытқа қауышуды тілегендердің дұғаларын әділеттілігімен қабылдауда және оларды тура жолға қауыштыруда. Исламды естімеген көп адамдар өз ақылдарымен бұзылған, ойдан шығарылған діндерге және дін өкілдеріне алданбаған. Олар астрономияда, жаратылыстану (физика, математика т.б.) ғылымдарында, әсіресе медицина ғылымында көрген жүйелі, үйлесімді құбылыстардың бір-бірімен байланыстарын ойланып жаратылыстың сырларын, бұл орасан-зор есепті жүйенің ақиқатын түсінгілері келген. Бұлар сәлим ақылдарының арқасында Исламның білдірген көркем мінезінің көбін іздеп тауып, Мұсылман сияқты өмір сүрген, өздеріне және басқаларға пайдалы болған. Және Аллаһу та’ала да уәде еткеніндей бұларды иман келтіруге себеп болатын жол көрсетуші ұстаздарға және кітаптарға қауыштыруда.

 

Әділет және ихсан

 

Аллаһу та’ала хидаятты екі жолмен береді. Әділетімен береді, не болмаса ихсанымен (мейірімімен) береді. Адам қолдарын жайып “Йа Раббым, маған хидаят бере гөр, дұрыс жолды нәсіп ете гөр, мен дінімді дұрыс үйренгім келеді, мені бұзылудан сақтай гөр!” деп дұға етсе, Аллаһу та’ала бұлай дұға еткен құлын міндетті түрде құтқарады. Аллаһу та’ала ол құлын құтқару үшін оның алдынан бір сүйікті құлын шығарады. Осылайша оны құтқарады. Адамның құтылуы үшін міндетті түрде бір хабаршыға, ұстазға қажеттілігі бар. Басқа түрде құтылу жоқ. Әділетімен құтылу дегеніміз осы.

Кейбіреулер бар, бұлай дұға ету ойына да кіріп шықпайды. Ішіп-жеп, ұйықтап, тұрып жүргенімен Аллаһу та’ала оны таңдап хидаят нәсіп етеді. Аллаһу та’ала оны жомарттығы үшін немесе жақсы мінезі үшін таңдайды, не болмаса бір мұсылманның игі дұғасын, алғысын, батасын алғандықтан таңдалады. Таңдалған болуына міндетті түрде бір себебі болады. Аллаһу та’аланың таңдаған құлын, адамдардың да таңдауы шарт емес.

Бір күні Хазреті Жунәйд Бағдади теңіздің жағасын кезіп жүріп балықтарға жем лақтырып отырған мәжусиді (отқа табынатын адамды) көреді. Араларында мынадай әңгіме өтеді:

- Не істеп отырсың?

- Сауап жинау үшін балықтарға жем лақтырып отырмын.

- Сенің сауап жинауың үшін алдымен иман келтіруің керек. Сен мұсылман емессің ғой, қандай сауап туралы айтып отырсың?- дегенінде мәжуси бір мезет ойланып тұрып былай дейді:

- Жарайды, менің бұл балықтарға жем тастап отырғанымды сенің Аллаһың көріп тұр ма?

- Әрине көріп тұр. Ол білмейтін, Ол көрмейтін ешнәрсе жоқ.

- Онда маған сол да жеткілікті.

Арадан 3-5 жыл өткеннен кейін Хазреті Жунәйд Бағдади қажылыққа барып тауаф етіп жүріп баяғы теңіз жағасындағы балықтарға жем лақтырып отырған мәжусидің де тауаф етіп жүргенін көреді. Хазреті Жунәйд Бағдади одан сұрайды:

- Мұнда не істеп жүрсің?

- Ол мені көрді.

- Қалай көрді?

- Сен кеткеннен кейін ішімде бір нұр жарқырай бастады. Бір қарағанымда балықтардың барлығы “шәһадат кәлимасын” айтып жатты. Ағаштарға қарадым олар да “шәһадат кәлимасын” айтып тұрды. Одан кейін мен де “шәһадат кәлимасын” айта бастадым. Сенің Раббың мені көрді, Ол көргені үшін мен осында келдім. Саған бір насихат айтайын: Жақсылық жаса теңізге таста, балық көрмесе де Халиқ (Жаратушы) көреді.

Қорыта айтқанда адамдарға тура жолды көрсететін, оларды тура жолға қауыштыратын жалғыз Аллаһу та’ала. Ол, құлдарының тура жолға қауышулары үшін себептер жаратқан. Пайғамбарларды осы үшін жіберген және пайғамбарлардың мұрагерлері болған ғалымдарды хидаят үшін себепші қылған. Адамды адасқан, жаман жолдардан ілім және ғалымдар құтқарады. Жол көрсетушінің көмегісіз тура жолға қауышылмайды. Сондықтан әһли сүннет ғұламаларының және олардың жазған дұрыс дін кітаптарын іздеп табу, оқу және осыларға сәйкес сеніп, өмір сүру қажет...