24 Ақпан 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Истишараның (ақыл сұраудың) маңыздылығы

Истишараның (ақыл сұраудың) маңыздылығы

Сұрақ: Истишараның діндегі орны қандай?

Жауап: Бір істі істер кезде сол істің маманымен кеңесуге, ақыл сұрауға «мәшуәрәт» немесе «истишара» делінеді. Истишара ету сүннет болып табылады.

Құран кәрімде: «Істейтін істі алдымен мәшуәрәт ет» делінген. (Али Имран 159) Жақсы адамдар мақталғанда олар жайлы «Истишара етіп істейді» делінген. (Шура 38)

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Истишара өкінішке қарсы қорған» (И. Мауәрди)

«Истихара еткен адам махрұм қалмайды, истишара еткен адам өкінбейді.» (Табарани)

«Адамды өкіндіретін нәрсе өз пікірінен қайтпай, табантіреушілік» (И. Мауәрди)

«Өз ойларыңмен әрекет етпеңдер» (Табарани)

«Істейтін ісін сол істің маманымен кеңесіп істеген адамға сол істің ең жақсысы нәсіп болады.» (Табарани)

Хазреті Адам алейһиссалам: «Істеріңді истишара етіп істеңдер. Егер мен тыйым салынған жеміс жайлы періштелермен истишара еткенімде, бақытсыздыққа ұшырамайтын едім» деген. Истишара етілетін (кеңес сұралатын) адамда мына қасиеттер болуы керек:

1) Ақылды болуы керек. "Ақылды адаммен истишара ету жеңіс, ақымақ адаммен истишара жеңіліс" делінген.  Хадис шәрифте: «Ақылды адаммен кеңесіп оны тыңдаған адам дұрысты табады, тыңдамаған адам өкінеді» делінген. (И. Мәуарди)  

2) Тәжірибелі, өз ісінің шебері, маманы болуы керек. Өйткені әр нәрсе ақылға, ақыл да тәжірибеге мұқтаж. Хадис шәрифте: «Мұқият адам өз ісінің шебері болған адаммен ақылдасып, сол бойынша әрекет етеді» делінген. (Әбу Дауд)

            Хазреті Лұқман Хаким былай деген: «Істейтін ісіңді бұрын мұны сынап көрген, тәжірибелі кісімен ақылдас. Өйткені ол, өзіне қымбатқа түскен нәрселерді саған тегін береді» (И. Мәуарди)

3) Білімді және салих (жақсы, діндар адам) болуы керек! Хадис шәрифте: «Салих болған ғалымдармен истишара етіңдер» делінген. (Табарани)

Хазреті Омар: «Аллаһтан қорққан адамдармен истишара етіңдер» деген.

4) Дос болу керек! Өйткені дос болмаған адамдар әдейі қате, теріс мәлімет беруі мүмкін.

5) Пікірі қуатты, өткір, озық ойлы болуы керек. Ойы бытыраңқы, абыржулы, қайғылы адамдардың көзқарасы дұрыс болмайды.

Кеңес сұралатын адам халықтың жағдайын, заманының және мемлекеттің шарттарын білуі қажет. Бұдан басқа ақылы, пікірі қуатты, жан - жақты ойлайтын, алдын болжай білетін, тіпті денсаулығы жақсы адамдармен истишара етілу керек. Мұндай қасиеттерге ие болмаған адамдармен истишара ету күнә болады. Сүйікті пайғамбарымыз сахабаларымен истишара ететін. Кейде бір мәселе жөнінде ақыл, тақуа, хикмет (даналық) және тәжірибе иесі болған он сахабамен ақылдасатын еді.

Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Истишара етілген адам сенімді кісі, өзіне лайық көргенін өзгелерге ұсынады.» (Табарани)

«Кеңес сұраған адамға біле тұра өтірік айтқан адам оған қиянат еткен болады.» (Ибн Жәрир)

«Кеңескен адам жәрдемге қауышады. Истишара етілген нәрсе сенімді болады.» (Аскери)

«Кеңесілетін адам сенімді болады. Білсе айтады, білмесе айтпайды. (Кудаи)  

Истишарамен жасалған іс қате көрінсе де, кеңеспей істелген істен артық.

 

Истишара ету сүннет, кеңескен тауды асады,

Кеңеспеген білгірсымақ, түзу жолда адасады.

 

Білместік айып емес, сұрамау нағыз айып,

Маманынан сұрағандар, дұрыс жолды табады.

 

Мәшуәрәттің қазақшасы маманынан кеңес сұрау,

Бір істі бастар алдын себептерін орындау.

 

Истишара еткен адам, өкінбейді бұдан әлбет,

Кеңесетін кісің болса, не деген үлкен ниғмет.

 

Менменсіну дұрыс емес, пайда жоқ жаңылғаннан,

Қаншама көп білсеңде, сұрау керек маманынан.

 

Истишара ету сүннет

Сұрақ: Аллаһу та’ала істейтін істерімізді кеңесіп істеуімізді әмір еткен. Кеңесіп істеу парыз ба? Қандай істе және кімдерден кеңес сұрау керек?

Жауап: Истишара ету, яғни бір істі кеңесіп істеу сүннет болып табылады. Ұмытылған сүннеттерді қайта жандандыру өте үлкен сауап. Кеңесу – адамды өкінуден қорғайтын қамал тәрізді.

Кеңес беретін адам халықтың жағдайын, заманының және мемлекеттің шарттарын білуі қажет. Бұған илми саясат делінеді.

Бұдан басқа ақылы, пікірі қуатты, жан-жақты ойлайтын, алдын болжай білетін, тіпті денсаулығы жақсы адамдармен истишара етілу керек. Мұндай қасиеттерге ие болмаған адамдармен истишара ету күнә болады. Дін істерінде болсын, дүние істерінде болсын білмей үкім шығарған адамдарға періштелер лағнет айтады.

Белгілі, білетін нәрсені истишара етудің қажеті жоқ. Бірақ білеміз деп ойлаған қаншама нәрселерде білмейтініміз анықталып жатады.

Әрбір іс нәтижесіне қарай бағаланады. Соңы жақсылықпен ба, әлде жамандықпен ба қалай бітетінін білмейміз. Орындалуын қатты қалаған бір ісіміз біз үші өте қауіпті болуы мүмкін. Керісінше орындалмауын қалаған бір іс біз үшін өте қайырлы болуы мүмкін.

Жоғарыда айтылған қасиеттерге ие адамдармен истишара еткеннен кейін берген жауаптары біз үшін ақылға қонымсыз болып көрінсе де, сол істі істеуіміз керек. Өйткені маманымен кеңесіп істелген істің нәтижесі қайырлы болады. Сол себепті де «Кеңескен тауды асады, кеңеспеген түзу жолда адасады» және «мәшуәрәтсіз (кеңеспей) істелген істе қайыр жоқ», делінген. (Шира)

Өз ойынан қайтпайтын адам басқаның пікіріне мұқтаж болудан өзін еш уақыт құтқара алмайды. Кеңесуді жөн көрген адам апаттан құтылған болады. Дін ұлылары: «Истишара ету дұрыс жолды табудың дәл өзі. Кімде кім өз ойын ұнатып, басқа біреумен истишара етудің қажеті жоқтығын ойлап истишара етпесе, міндетті түрде істейтін ісінде қатеге жол береді» деген.  

Істеріңде қиыншылықтарға тап болсаң ақылды адамдардың көмегіне жүгін. Истишара етуден қашпа. Истишара ету, өз ойыңмен жалғыз қалып өкінуден әлде қайда жақсы.
 

Басшылықта истишара етудің түрі

Сұрақ: Басшы истишара ететін адамдарының бәрімен бір жерде жиналып кеңескені дұрыс па, әлде әрқайсысымен жеке-жеке истишара еткені дұрыс па?

Жауап: Тарихтағы арап, парсы, үнді патшалары жалпылық кеңесті яғни бәрімен бір жерде жиналып истишара етуді жөн көрген. «Бәрімен бір жерде истишара етілу керек. Өйткені әркім өз ойын, көзқарасын білдіреді, өзара қарсылықтар, талқылаулар, сын айтулар болады. Айтылған пікірлер дәлелденеді. Соңында ең дұрыс болғаны әркімнің ауызбірлігімен қабылданады. Мұндай истишара көбінесе дұрыс болады» деген.

Византия және мысыр патшалары әрқайсысымен жеке-жеке қалып кеңесуді жөн көрген. «Жалғыз адам айтылған мәселе жөнінде өз көзқарасын еркін жеткізе алады. Осылай бүкіл кеңесшілердің жеке пікірлері патша тарапынан жеке-жеке алынады. Ал жалпылық кеңесте адамдардың бірінің ортаға салған пікірі, басқалардың (саяси факторлар, лауазымының төменірек болуы немесе қысымнан қорқу сияқты себептерден) одан басқа немесе оған қайшы пікір қосудан тыйылып, басқалардың да сонымен келісу ықтималдығын беруі мүмкін» деген.

 Ал түрік қағандары жағдайға қарап әрекет етілуін жөн көрген. «Әуелі жеке-жеке әрқайсысының пікірі алынып, кейін бәрін жинап бірге истишара етілуі керек» деген.   

Басшылық бақшаға ұқсайды. Бақшаның иесі күні-түні сол бақшаның жағдайына, жетіліп өркендеуіне мұқият болатынындай және бұл қаншалықты маңызды болса, басшы да басқару жүйесінің тұрақты түрде тәрбиесіне, жөн-жосығына мұқият болуы керек. Бақша иесі, бақшада өсіп шыққан жарамсыз тікендерді, тал-шіліктерді сорттап бақшаның айналасына, дуалдарына орналастырады. Осылайша бақшадағы зиянды шөп, тікендерден тазаланып көп және сапалы өнім алынуына себепші болады. Сонымен қатар бақшаға сырттан келетіндерге бөгет болады.

Истишара жиналысы берекелі болуы үшін Мұхаммед есімді адамның болғаны жақсы. Хадис шәрифте: «Мәшуәрәт (истишара) үшін жиналғандардың арасында Мұхаммед есімді бірі жоқ болса, ол жиналыс берекесіз болады» делінген. (Ибн Асакир)

 

Басшының истишарасы

Сұрақ: Бір адам немесе бір басшы истишара еткен адамдарының айтқан пікірлеріне сай әрекет етуге міндетті ме?

Жауап: Истишара ету, бір істі істер алдында сол істің шебері, маманы болған адамның ойын, пікірін сұрау дегенді білдіреді. Истишара еткеннен кейін, истишара еткен адамдарының көзқарастарына сай әрекет ету мәжбүрлігі жоқ. Қай пікірді ыңғайлы деп білсе, соны істейді. Кеңес берген адамдар «Біздің пікірімізді алды бірақ айтқанымызды істеген жоқ» деп айтуға ақысы жоқ.  

Мұндай оқиға сахабалар кезінде болған. Хазреті Әбу Бәкір халифа кезінде мүртәдтармен соғысуға шешім қабылдағанында Хазреті Омар истишара етуді ұсынды. Хазреті Әбу Бәкір алдыңғы қатарлы адамдарымен истишара етті. Мәшуәрәт (кеңес) өкілдері орынды себептердің салдарынан соғысуды жөн көрмегендіктерін білдірді. Егер соғыс болса әскерлердің жартысы қалада қалып, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керектігін айтты. Хазреті Әбу Бәкір барлығының пікірін тыңдағаннан кейін «Истишара етілді, соғыс болуын шештім, бір адам қалмай барлығының соғысқа кетуін әмір етемін» деген. Сахабалар өздерінің көзқарастарына қайшы шешім қабылданғанына еш қарсылық көрсетпеді. Өйткені истишараның соңында осы шешім қабылданған еді. Сондықтан басшылар біздермен кеңесіп біздің пікірімізге қайшы әрекет етсе, қарсылық білдіруіміз жаиз болмайды.

Әмір берілгеннен кейін бүкіл әскер соғыс алаңына жиналды. Дұшпан әскері жер мен көкке толған әскерлерді көріп, бұлардың ең кемінде жартысы қаланы күзетуге қалған болса керек, деп бейбітшілік келісімшартын жасасуға, қалаған нәрселерін беруге мәжбүр қалған. Осылайша Хазреті Әбу Бәкірдің басиреті (көңіл көзі, алғырлығы, ілгеріні болжай алуы) кемеңгерлігі, данышпандығы тағы бір рет белгілі болды. Мұсылмандар арасында ынтымақ-бірлік бұзылмай, кәпірлерге қарсы соғыссыз жеңіске жетті.  

 

Әркіммен ақылдаса беруге де болмайды

Сұрақ: Истишара еткен адам қате жауап берсе, истишара етудің не пайдасы бар?

Жауап: Әркіммен истишара етілмейді. Сол істің шебері, маманы болған адамдармен истишара етіледі. Бір іс салих адаммен истишара етілгенде, сұраған адам Аллаһ разылығы үшін сұраса, жауап берген адам да Аллаһ разылығы үшін ықыласпен жауап берсе, жауап қате болса да Аллаһу та’ала сол істің нәтижесін қайырлы етеді, яғни сол іс міндетті түрде қайырмен аяқталады.

 

Әйелімен истишара ету

Сұрақ: Әйелдермен истишара ету жөнінде хадис бар ма?

Жауап: Иә, бар. Айтылған хадис шәриф истишараның маңыздылығын білдіреді. Әдетте әйелдер сезімдерімен шешім қабылдайды. Сондықтан олардың айтқанын ықтияттылықпен қабылдау керек. Истишара етуге ешкімді таба алмаса әйелдермен де истишара ету керек. Бірақ сезімдерімен сөйлеп жатса, ықтияттылықпен қабылдау керек. Сонда да олармен истишара етуден ұзақ тұрмау керек.

 

Сұра құтыл!

Сұрақ: «Сұра құтыл!» деп айтылады. Білетін, пайдалы және жақсы нәрселерді де сұрау қажет пе?

Жауап: Иә, білетін, пайдалы және жақсы нәрселерді де сұрау қажет. Истишара ету деген, мубах болған нәрселерді істейім ба әлде істемейін ба деп сұрау деген сөз. Истишара ету өте маңызды.

Құран кәрімде жақсы адамдар мақталғанда «Истишара етіп істейді» делінген. (Шура 38)

Дінімізде үш-төрт адам бір жерге жиналған кезде біреуді әмір, яғни (басшы) етіп тағайындауы сүннет болып табылады. Және соның әміріне мойынсұну уәжіп, яғни парыз болып табылады. Әмір етіп тағайындалған адам басқалардан үстем болмауы мүмкін. Үстем болуы шарт емес. Өйткені сүйікті пайғамбарымыздан ешкім үстем емес еді. Бірақ Аллаһу та’ала оған: «Істейтін ісіңді истишара ет!» деп бұйырған. (Али Имран 159)

Кеңес сұралатын адам халықтың жағдайын, заманының және мемлекеттің шарттарын білуі қажет. Бұдан басқа ақылы, пікірі қуатты, жан-жақты ойлайтын, алдын болжай білетін, тіпті денсаулығы жақсы адамдармен истишара етілу керек. Мұндай қасиеттерге ие болмаған адамдармен истишара ету күнә болады. Сүйікті пайғамбарымыз сахабаларымен истишара ететін. Кейде бір мәселе жөнінде ақыл, тақуа, хикмет (даналық) және тәжірибе иесі болған он сахабамен ақылдасатын еді.

            Мубах болған әр ісімізді әмірмен кеңесуіміз керек. Әсіресе үйлену, білім алу, үй және көлік сияқты істерімізді міндетті түрде кеңесуіміз керек және берілген жауап бойынша әрекет етуіміз керек. Жай бір аяқ киім алған кезде де қай дүкеннен, қай түсін, қандай түрін алғаным дұрыс деп сұраудың еш зияны жоқ. Сұрағанда оны мазалаған болмаймыз. Өзімізді сұрауға үйретуіміз керек. Үй алатын болсақ, үй алуымыздың дұрыс бұрыстығын, дұрыс болса қай қаладан, қай ауданнан алу керектігін сұрау қажет. Үйленер алдында ешқандай шарт қоймай, кімді дұрыс көрсе сонымен үйлену керек. Егер сұрағанда оның жауабымен әрекет етілмейтін болса, еш сұрамаған аздау қатеге жолығады.

Әмір сұралған сұраққа сұраған адамның ахиретін ойлап жауап береді. «Сұраған адам Аллаһ разылығы үшін сұраса, жауап берген адам да Аллаһ разылығы үшін жауап берсе, жауап қате көрінсе де Аллаһу та’ала оны қайырға айналдырады» делінген. Сондықтан истишарасыз іс істемеу керек.