10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Ислам ахлақы / Тәфәккур етпеу (ойланбау)

Тәфәккур етпеу (ойланбау)

33 - Адамның өз күнәларын ойлауы және бұларға тәубе етуі, бұйрыққа бағынғанын, ғибадаттарын ойлап, бұларға шүкір етуі керек. Жаратылыстардағы және өз денесіндегі сан-алуан түрлі өнерді, жүйелілікті, тәртіптерді, бұлардағы бір-бірлеріне болған байланыстарды ойлап, Аллаһу та’аланың бар екендігін, ұлылығын түсінуі қажет. Махлұқтардың, жаратылыстардың барлығына «Әлем» делінеді.

[Әлем үшке бөлінеді: «Алем-и әжсад» (денелер әлемі), «Алем-и әруах» (рухтар әлемі) және «Алем-и мисал». Алем-и мисал, болмыс әлемі емес, көрініс әлемі. Әр болмыстың осы әлемде бір көрінісі, бір мысалы болады. Алем-и әруах, Арштың сыртындағы нәрселер. Бұлар материя емес. Бұларға «Алем-и әмр» деп те айтылады. Алем-и әжсад, материя әлемі. Бұған «Алем-и халқ» деп те айтылады. Бұл да екіге бөлінеді: Адамға «Алем-и сағир» (кіші әлем) делінеді. Адамнан басқа жаратылыстың барлығына «Алем-и кәбир» (үлкен әлем) делінеді. Алем-и кәбирде болған барлық нәрсенің, алем-и сағирде бір үлгісі, ұқсасы бар. Адамның көңілі (жүрегі), рух әлеміне ашылған бір есік. Кәпірлерде бұл есік жабылған, қираған. Сол себепті, кәпірлердің рух әлемінен хабарлары жоқ және бола алмайды. Көңілдің (жүректің) өмір сүруіне, рух әлеміне ашылуына жалғыз шара, жалғыз ем - иман келтіру, мұсылман болу. Мүминнің көңіл (жүрек) есігінен Алем-и әмрге кіруі және осы әлемде шексіз, мәңгі өмірге ілгерілеуі үшін, еңбек етуі керек. Исламның сегіз негізгі ілімінен бірі болған «Тасаууф» ілімі, осы еңбектерді үйрететін, үлкен бір ілім. Бұл ілімідердің мамандарына «әулие» және «мүршид» делінеді. Мүршидтердің ең мәшһүрі Имам Раббани Ахмет Фаруқи. 1034 хижри және 1624 милади жылында Үндістанда қайтыс болған.

Медициналық және жаратылыстану (дүниелік) ілімдерді оқып, меңгеріп махлұқтардағы өнердің өткірлігін, арасындағы есепті, жүйелі байланыстарды көрген және түсіне білген ақылды адамның, Аллаһу та’аланың бар және бір екендігіне, ұлылығына, іліміне, құдіретіне сенбеуі мүмкін емес. Сенбегеннің ессіз, ақылсыз, жаһил болуы, немесе қырсық, шаһуатына берілген ақымақ болуы немесе нәпсіне құл болған, жәбірлеуден зауқ алатын, залым, садист болуы қажет. Кәпірлердің өмірдегі хикаяларына қарайтын болсақ, осы үш бөлімнің бірінде болғандықтары аңғарылады.]

Хадис шәрифте: «Жаратылыстардағы низамды (заңдылықты, жүйені) ойлап Аллаһу та’алаға иман келтіріңдер!» делінді. Астрономияны оқып, жер шарының, айдың, күннің және барлық жұлдыздардың кеңістіктегі айналуына және бір-бірлерінің ара-қашықтығындағы жүйені, реттілікті, есептерді түсінген адамның, иманы күшейеді. Таулардың, кендердің, өзендердің, теңіздердің, жануарлардың, өсімдіктердің, тіпті микроптардың жаратылуында, әр түрлі пайдалар бар. Ешбірі босқа, қажетсіз жаратылмаған. Бұлттар, жаңбырлар, күннің күркіреуі және найзағайлар, жер асты сулары және энергия көздері және ауа, қысқасы барлық жаратылыс белгілі қызметтер, белгілі міндеттер атқаруда. Адамдар осы сансыз махлұқтардың, сансыз қызметтерінен бүгінге дейін өте азын түсіне білген. Махлұқтарды ұға алмаған адамның ақылы, бұлардың жаратушысын, жаратқанды қалай ұғып біледі? Оның ұлылығын, сипаттарын біраз түсіне алған ислам ғалымдары, таң қалған. «Оны түсіну, түсіне алмайтыныңды түсіну» деген. Мұса алейһиссаламның үмметінен біреу, отыз жыл ғибадат етеді. Бір бұлт оған көлеңке жасап, күннен қорғап жүреді. Бір күні бұлт келмейді, күннің астында қалады. Анасынан себебін сұрайды. Анасы, «Мүмкін бір күнә жасаған шығарсың», дейді. «Жоқ, күнә істемедім» дегенінде, «Көкке, гүлдерге қарамадың ба? Оларды көргенде жаратқанның ұлылығын ойламадың ба?» дейді. «Иә, қарадым. Бірақ тәфәккурде кемшілік еттім» дегенде, «Бұдан үлкен күнә бола ма? Дереу, тәубе ет», дейді. Ақылды адамның тәфәккур міндетін еш қолдан жібермеуі, немқұрайлы қарамауы керек. Ертең өлмейтініне сенімді болған адам бар ма? Аллаһу та’ала ешбір нәрсені негізсіз, пайдасыз жаратпаған. Жаратылыстардағы адамзаттың біле алмаған, көре алмаған пайдалары, білгендерінен қаншама еселеген көп. Тәфәккур ету – төрт түрлі болады. Аллаһу та’аланың жаратқан махлұқтарындағы көркем өнерлерді, пайдаларды ойлау, Оған сенуге және Оны жақсы көруге себеп болады. Оның уәде берген сауаптарын ойлау, Оған ғибадат жасауға себеп болады. Оның білдірген азаптарын ойлау, Одан қорқуға, ешкімге жамандық жасамауға себеп болады. Оның берген ниғметтеріне, ихсандарына қарсы нәпсіге еріп күнә істегенін, ғафлет ішінде (ықылассыз) өмір сүргенін ойлау, Аллаһу та’аладан жасқануға, ұялуға себеп болады. Аллаһу та’ала, жермен көкте болған махлұқтарды ойланып, ғибрат алғандарды жақсы көреді. Хадис шәрифте: «Тәфәккур етудей құнды ғибадат жоқ» және «Бір сәт тәфәккур алпыс жылдық ғибадаттан қайырлы» делінді. Имам Ғазалидің «Кимйа-и Саадәт» кітабында тәфәккур жайлы өте кең жазылған.